"МҰРАЖАЙ МҰРАҒАТЫ ТІЛ ҚАТСА..." ФОТО КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ.

«Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінде «Мұражай мұрағаты тіл қатса…» тақырыбындағы фотокөрме көрерменге жол тартты. Көрме Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген тарихи мәдени құндылықтарды дәріптеу аясында ұйымдастырылып отыр.

Көрме экспозициясына музей мұрағатынан 40-тан астам фотосуреттер мен музейдің баспа өнімдері көпшілік назарына ұсынылса, бүгінгі күні 500-ге жуық көрермен құнды дүниелермен танысып үлгерді. Қорық-музейдің құрылғаннан бергі 39 жылдық тарихынан сыр шертетін тарихи фотолар көрермен көзайымына айналды.

Қорық-музейдің негізін қалаушы мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков есімімен байланысты. 

Көрмеде 1978 жылы қорық-музейдің ашылу салтанатынан бірегей фотосуреттер, қоғам қайраткері Д.Қонаевтың Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келген сəттері, мекеменің тыныс- тіршілігі, өткен түрлі мəдени шаралардың көріністері орын алған.