«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі №669-к бұйрығы Нурболат Ахметжановты қабылдау туралы.

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 34-бабына, 139-бабының 1,3-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығымен бекітілген Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдардың біліктілік анықтамалығының 2-бөлімі 1-кіші бөлімі 1-тарауына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынының басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Нурболат Қадырұлы Ахметжанов конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы қызметіне 2017 жылғы 5 қыркүйектен бастап қабылдансын.

Музей ұжымына жаңа басшыны Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Уәлиев Қуатжан Серікқазыұлы әкеліп таныстырды.