«МӘҢГІЛІК ЕЛ, ЕЛ ТАРИХЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЛЕКЦИЯ ОҚЫЛДЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Түркістан көмекші мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінде оқушылармен кездесу болып өтті.

Қорық-мұражайдың «Экскурсия және насихат» бөлімінің қызметкерлері К.Асетова, А.Жанысбаева және Т.Оразов «Мәңгілік ел, ел тарихы» тақырыбында оқушыларға лекция оқыды. Лекцияға 40 оқушы қатысты. 

Қорық-мұражай қызметкерлері оқушылар мен ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап атаулы шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан «Түркістан көмекші мектеп-интернаты» мекемесінің директоры С.Тенизбаевқа және ұстаздарына «ӘзіретСұлтан» қорық-мұражайының атынан алғыс хаттармен марапаттап, мұражайдың баспа өнімдерін сыйға тартты. Танымды лекцияны тыңдаған жеткіншек жас оқушыларға да баспа өнімдері табысталды. 

Өз кезегінде мектеп-интернат директоры С.Тенизбаев қорық-мұражай қызметкерлеріне зор алғыстарын жаудырып, «Ата-бабалар мұрасы мен өткен тарихымызды, ұлттық руханиятымызды насихаттау жолындағы әріптестік қарым-қатынасымыз одан әрі дами береді» - деп сенім білдірді.