Лауха ХIV ғ.

«Лауха»-тудың жоғарғы ұшы қоладан құйылған, сабы ағаштан жасалған. Ұзындығы 8 метр,  биіктігі-98см, салмағы 5 кг. Орталық бөлігі өсімдік тектес өрнекпен өрнектеліп, екі жағынан бірдей оқылатындай етіп араб жазуымен ойылып жазылған.

Жазбалар аудармасы:

Лауханың ұшар басы архар мүйізі сияқты бөлігінің екі жақ бетіне 4 халифаның аты жазылған.

  1. Әбу Бәкір Сыддық – 1-ші халифа.
  2. Омар Фарух – 2-ші халифа.
  3. Осман Аффан – 3-ші халифа.
  4. Әли-ул-Муртаза – 4-ші халифа.

Орталық бөлігі өсімдік тектес өрнекке ұқсас ойып жазылған жазуды лауханың екі жақ бетінен де бірдей оқуға болады. Онда:

«Алладан басқа құдай жоқ,
Мұхаммед оның елшісі».

Лауханың тағашқа бекітілген ұзынша мойнындағы (сабы) кесенедегі шырағдандардағы сияқты өрнектер мен жазулар қайталанған.

«Данышпан билеуші, әділ мырзамыз басқарушымыз
Әмір Темір Гуранның (Көреген) бұйрығымен міне қандай
керемет жасалды ... Алла оның патшалығын мәңгілік етсін».