Шырағдан ХIVғ.

Шрағдан қола, түбі жалпақ дөңгелек, жоғары қарай кеңее түскен, кей жерлерінде кішірейген жүзік пішіндес дөңгелектер болып келіп, үстіне цилиндр формалы шыраққа арналған тостағанда айналдыра арабша жазу жазылған. Шырағданның барлық жері өсімдіктермен әсемделген, тостағаны және дөңгеленген жерлері, айналдыра араб жазуымен жазылған. Әмір Темір тапсырысымен 1397ж. 17маусым да Исфағандық ұста  Тадж-ет-Динның баласы Из-ет-Дин жасаған.

Жазулар аудармасы:

Патшаларды патшасы, ғалым, сөзіне ісі сай, әділетті, дін мен дүниенің темі қазығы, Әмір Темі Көрегеннің бұйрығымен міне қандай керемет зат жасалды. Алла Тағала ол кісінің патшалығын мәнгілік және жеңісін баянды қылсын!

Біздің мақсат артқа өрнек қалдырсақ,
Жаралыстың баяны жоқ аңдасақ,
Ақ жүректі адам ұлы кез болса,
Еске алып дұға қылсын біз бейбақ