Қазақтың Өзағасы

2016 жылдың 27 қыркүйегінде «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен мемлекет және қоғам қайраткері ғалым-этнограф Ө.Жәнібековтың 85 жылдығына орай Қостанай облысы Арқалық қаласындағы «дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының «Торғайдың Өзағасы» атты көрмесінің тұсау кесері болып өтті.

Ашылу салтанатында алғашқы болып сөз алған «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Ж.Әубәкір атаулы көрменің маңыздылығын айта келе, мұражайдың ашылуына сүбелі үлес қосқан қоғам қайраткерінің жанқиярлық еңбектеріне ерекше тоқталып, Арқадан рухани керуенді бастап келген «Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының директоры Елтебаева Гүлбану Төкенқызын алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпаттар табыс етті. Қала әкімінің кеңесшісі Ибрагимов Жанболат қонақтарға риясыз алғысын білідіріп, қала әкімінің алғыс хатын табыс етті. Сөз кезегін алған «Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының директоры Елтебаева Гүлбану «Арқа мен Түркістан арасындағы рухани сабақтастық ары қарай да жалғасын табатындығына тоқталып, бүгінгі шара соның бастамасы» екендігін атап өтті. Көрме экспозициясына 80-нен астам арда тұлғаның қол табы қалған жәдігерлері қойылды. Аңызға айналған сәукеле, итаяқ сынды жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды.

Танымы мен тағылымы мол шара 31 қыркүйекке дейін жұмысын жалғастырады.