«Қазақтың Олжасы»

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кітапханасында Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 80 жылдық мерей тойына орай «Қазақтың біртуар ақыны» тақырыбында фото-кітап көрмесі болып өтті.
Көрменің мақсаты – Қазақстанның халық жазушысы, ақын, саясаткер, тілтанушы, «Невада-Семей» қозғалысының президенті, Төтенше және Өкілетті елші Олжас Омарұлының мұрасын, оның өмірі мен шығармашылығын, қоғамдық қызметін насихаттау. Көрмеге Олжас Сүлейменовтің өмірбаяны, 1980 жылғы қолтаңбасы, фотосуреттері, газет, журналдарға жарияланған материалдары, жазған еңбектерінен кітап көрмесі қойылды. Көрмені мұражай қызметкерлері және сырттан келген қала қонақтар тамашалады. Көрме бір ай жалғасады.