«ЭКСПО тарихы» тақырыбындағы фото көрме

26 шілде күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің кітапхана бөлмесінде «ЭКСПО тарихы» тақырыбында фото көрме болып өтті. Музей экскурсоводы М. Ибрагимова ЭКСПО-2017 көрмесінің тарихи маңыздылығына тоқталып, бір жарым ғасырлық тарихы бар әлемдегі ең ауқымды ЕХРО-2017 көрмесі елімізде өтетінін атап өтті. Қазақстанның экономикалық әлеуеті мен туристік саласын дамыта түсетін бұл көрменің пайдасы зор.

Фотокөрмеге елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ЭКСПО-2017 көрме кешенінің іргетасына капсула салу рәсімінен, құрылыс нысандарымен танысу сәтінен, сондай-ақ көрме аясында Астанада бой көтеретін сәулетті ғимараттар жобасының суреттері қойылды. Көрмеге қала тұрғындары, зияратшы-туристер және музей қызметкерлері қатысты. Көрме бір ай көлемінде жұмыс жасайды.