АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

″ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАННЫҢ ОРНЫ″

халықаралық ғылыми-теориялық конференция

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Өтетін уақыты:  2015 жылғы 3-4 сәуір

Өтетін орны: Түркістан қаласы  (ХҚТУ. Мәдениет орталығы)

Конференция тақырыбының негізгі бағыттары

            1. Қазақ хандығы және Түркістан 

            2. Қазақстан тарихындағы қала мен дала

            3. Қазақстан аумағындағы көне және ортағасырлық мемлекеттер

            4. Қазақ мемлекеттілігі және тұлғалық фактор

            5. Қазақ хандығының тарихы деректер мен зерттеулерде

            6. Қазақ даласындағы Ұлттық пантеондар

            7. Қазақ даласындағы ғылым-білім ордалары            

Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, түрік

Конференцияға Республикамыздағы және шетелдердегі тарих, филология, философия, шығыстану, заң салаларының ғалымдары, этнографтар мен деректанушы, тарихнамашы ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының қызметкерлері қатысады. Конференцияның материалдары жинақ түрінде шығарылады (ұйымдастырушылар тарапынан).

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің  мекен-жайы:

161200, ҚР ОҚО, Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы 70, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы, т/ф: 8(725-33) 3-11-59, 3-23-00, Е-mail: nurlan80@mail.ru, mukhtar_kozha@mail.ru    

Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар мен қатысу шарттары:

1. Көлемі 5-7 беттік компьютер басылымында Times New Roman, 14 кегль, беттің сол жағынан – 3 см, жоғарғы және төменгі жағынан – 2 см, оң жағынан – 1,5 см, жол арасы – бір интервал. Мақалада автордың аты-жөні көрсетіліп беріледі.

2. Баяндама тақырыбы ірі шрифтпен берілуі тиіс. Тақырып пен мәтін арасы екі жолмен бөлінеді. Тақырыптың үстіңгі оң жағына автордың аты-жөні, жұмыс орыны, лауазымы, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы және қаланың аты жазылады.

3. Әдебиеттер тізімі мен сілтемелер мақаланың соңына араб цифрларымен тік бұрышты жақшаның ішіне алынып [1. 5 б.] ГОСТ бойынша беріледі.

4. Мақала соңындағы түйін қазақ тіліндегі мақалаға орыс, ағылшын тілдерінде, орыс және түрік тілдеріндегі мақалаға қазақ, ағылшын тілдерінде берілуі керек.

5. Ұйымдастыру комитеті талаптарға сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамай кері қайтаруға құқылы. Баяндама мазмұнына автордың өзі жауапты.

Конференцияға қатысу үшін ғылыми баяндамалар ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына 2015 жылдың 25 наурызына дейін жіберілуі тиіс.

Конференцияға қатысу өтінімі 10 наурызға дейін жолдануы керек. Конференцияның бағдарламасы мен шақыру хаты қатысушының электронды адресіне жіберіледі.