«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАННЫҢ ОРНЫ» атты  Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы жайлы жалпы мағлұматтар

2015 жылдың 2-3 сәуір аралығында «Қазақ хандығының 550 жылдық» мерейтойына орай, Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы 2015 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «Қазақ хандығының тарихындағы Түркістанның орны» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды. Конференцияның ақпараттық  хаты төрт тілде, яғни мемлекеттік, орыс, түрік және ағылшын тілдерінде әзірленіп, республикалық және облыстық мұражай, жоғары білім беру мекемелеріне, шетелдік және отандық зерттеу институттарына жіберілді. Жалпы саны 50-ге жуық мақала келіп түсті.

2015 жылдың 12 қаңтар күні өткен Ғылыми кеңесте конференцияға қатысты мәселелер қаралып, келіп түскен мақалалар төмендегіше секцияларға бөлінді:

І  Секция. «Қазақ хандығының тарихы»

ІІ Секция. «Қазақ хандығындағы қала мен дала»

Ғылыми кеңестің қарауынан өткен материалдардың барлығы жинақталып, баспаға жіберіліп, жинақ болып шықты.

 Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет Орталығында конференция өткізілді. Жиын шымылдығын ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының сәлемін ала келген Астана ұлттық сурет галереясы директорының орынбасары Ермек Рақымов ашты. Конференцияға қатысқан АҚШ-тың Блумингтон қаласындағы Индиана университетінің профессоры, Хабибуллаев Акрам, Түркия мемлекеті Гази универсиетінен PhD, доцент Айхан Пала, Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласынан философия ғылымдарының докторы, профессор, Тұран академиясының академигі Каримов Бахтиёр Рахманович, Ташкент мемлекеттік институты  т.ғ.д., профессор Камолиддин Шамсиддин Сирожиддин Оглы, Өзбекстан ҒА, тарих институтының бөлім меңгерушісі Атаходжаев Азимхужа Музафарович, Раджабов Кахрамон Кенджаевич, т.ғ.кандидаты Пасилов Баходир Оулу университеті, Татарстан Республикасы Ш. Марджани атындағы тарих институтынан, PhD Роман Хаутала және т.б. шет елдік ғалымдар мен отандық ғалымдардан Алматы қаласы мәдениет институтынан т.ғ.к., профессор Ерофеева Ирина Викторовна, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, т. ғ. д, профессор Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті,  т.ғ.к, профессор,  Исин Амантай Исаұлы, Ш.Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, т.ғ.к, доцент Атығаев Нұрлан, сынды ғалымдар болды. Осы жерде тұста бірнеше ғалым ағаларымыздың лебіз-пікірлерін әңгіме өзегіне арқау еткенді жөн санадық. Роман Финляндиядан келген  Оулу университетінің профессоры Роман Хаутала: «Түркістан көне шақар. Сіздердің тарихтарыңызды оқып осы жерге келуді мақсат тұтқан едім. Сәті келіп ғылыми конференцияға келіп тұрмын. Біздің елде мұндай керемет жоқ. Жәдігерлер сол қалпы сақталып билеушілерінің қабірлері қастарленіп Қазақстан тамыры тереңде жатқан ел екенін айқындап тұр»--деп ой түйіндесе, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, т. ғ. д, профессор Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы «Түркістан деп отырған өңіріміз Сырдария ағысын алып жатыр. Ташкенттен қазіргі Қызылордаға дейінгі жерлерді алып жатыр. Егер осы өңірге қай елдің билеушісі билік орнатса бүкіл аймаққа, Орта Азияға билік етеді» - деп осы пікірді үстемеледі. Қорыта айтқанда, ғалымдарымыздың бас қосқан тамаша бір конференция болып өтті. Қонақтар мол тебіреніспен өз елдеріне қимай қош айтысып тарқасты. Сонымен қатар, республикалық және облыстық қорық-мұражайлардың басшылары, жоғары оқу орындарының оқытушылары тілек білдірді.

Конференцияның техникалық жұмыстары: қатысушыларға алдын ала шақырту жіберу; қонақ үйлерді брондау, ас-сумен қамтамасыз ету; күтіп алу, қаланың ішінде алып жүру, тарихи-орындармен таныстыру жұмыстары және т.б. іс-шаралар ретімен үйлестірілді. Конференция соңында Қожа Ахмет Ясауи мұраларының зерттелуіне сүбелі үлес қосып жүрген ғалым, зерттеушілерге сертификаттар тапсырылды.

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 161200, ҚР ОҚО, Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы 282 А үй. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы РМҚК.

Тел.: 8 (725-33) 3-23-00, е-mail: azret-sultan@mail.ru, yasauizhyly@mail.ru