Имам Марқозы мазары

ХІХ ғасырда шикі кірпіштен салынған дәстүрлі сәулет құрылыстардың бірі. Жергілікті тұрғындардың айтуынша бұл кісі Ахмет Ясауидің замандасы болған. Ясауидің білімдарлығын естіген ол бүкіл кітаптарын жинап, түйеге мініп жолға шығады. Ахмет Ясауи оны жақсы қарсы алады. Алайда, өзінің қызметшілеріне Көк тонды атаның алып келген кітаптарын су толтырылған хаузға тастауға бұйырады. Бұған таңқалған қонақ иесі Ясауиден кітаптарды хаузға тастаудың керегі не деп сұрақ қояды. Сонда Ясауи суға малынған кітаптарды хауздан шығарып былай деп жауап беріпті: «Кітап білімнің бұлағы». Мен оларды тек шаңнан тазарттым. Қонақ Ясауидің хауздан шығарып жатқан кітаптарының құрғақ күйінде шыққанын көріп, бұған таң тамаша қалады. Басқа аңыздарда бұл кісі үнемі көк киім кіиіп жүреді екен, сол себептен Көк тонды ата деп атап кеткен. Жергілікті тұрғындар кейінгі уақытқа дейін көк жөтелмен ауырған адамдарды қабірінің басындағы топырақпен емдеген. Координаттары: 43˚20.547΄,068˚21.400. Жергілікті маңызы бар ескерткіш. Түркістан ауданына қарасты Шобанақ ауылының оңтүстігіндегі төбеде, ескі мазарда орналасқан. Күмбезделінген және мұнаралы құрылыс Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймақтарына тән, сәулеттік шешіммен тұрғызылған. Тарихи сәулеттік ескерткіштің алғашқы бейне көрінісі кейіннен қосылған көркем-сәулеттікке жатпайтын шілдехана құрылысынан біржағы толықтай көрінбей қалған. Ғимарат жобасында тікбұрышты конус тәрізді күмбезделіп қаңылтырмен жабылған. Бас фасады қос мұнарасы бар порталдан тұрады. Сонымен қатар мұнаралардың ішінде шатырға көтерілетін айналмалы баспалдақтар орналасқан. Имам Марқозы мазары 1994 жылғы «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштер шежіресінің» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жинағына №648 санды нөмірімен енгізіліп мемлекет қарауына алынған.