«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ ЖЫЛ ҮЗДІГІ АТАНДЫ

Түркістан облысы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен туризм саласы бойынша "Туризм үздігі-2018" салтанатты іс-шарасы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Е.Тасжүреков қатысып, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың «Тарихи-мәдени туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейін марапаттады.