Бөлім меңгерушісі - Нұрханов Бақытжан Өмірханұлы. Бөлім 1997 жылы құрылған. Бөлімнің негізгі міндеті Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени мұраларды есепке алу, насихаттау, жүйелі түрде қорғау-сақтау болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамаларын басшылыққа ала отырып, төмендегі бағытта жұмыс жүргізеді:
- Археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізеді, археологиялық-ғылыми экспедициялар ұйымдастырады.
- Ескерткіштердің жер телімдеріне мемлекеттік акт алу, төлқұжат, есеп карточкаларын әзірлейді, анықталған тарихи-мәдени мұраларды ескерткіш мәртебесін алуға ұсынады.
- Ескерткіштер мен қорғауға ұсынылған аймақтар бүлінген, бұзылған немесе қауіп төнген жағдайда тиісті шараларды (акт, хаттама, арнайы комиссия жұмысын үйлестіру, және т.б. негізде) жүзеге асырады.
- Ескерткіштерінде жүргізілетін реставрациялық және реконструкциялық жұмыстарды қадағалайды, жобалық-сметалық жоспарға сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады, өткізу-қабылдау жұмыстарына қатысады.
- Мұражай қорын толықтыру мақсатында жәдігерлерді жинау,тарихи орындардың орналасқан жерлерін анықтау мақсатында экспедицияларға, іс-сапарларға шығады.
- Ескерткіштерге қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, мәдени-ағарту істерін ұйымдастыру, тақырып бойынша лекциялар оқу, баспасөзде жариялау, ғылыми айналымға енгізу.
- Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысу.
Қорық-музейдің құрамында бүгінгі таңда Түркістан қаласы және 12 ауылдық округ аумағында орналасқан 99 тарихи-мәдени ескерткіш есепке алынған. Оның ішінде Халықаралық маңызға ие 1 ескерткіш, Республикалық маңызға ие 21 ескерткіш, жергілікті маңызға ие 7 ескерткіш бар. 71 ескерткіш алдын-ала есепке алу тізіміне алынған. Аталған ескерткіштерді «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының Түркістан археологиялық экспедициясы барлау кезінде анықтап, мәртебесін алуға ұсынылған. Ескерткіштердің жалпы жер көлемі 545.9935 га.
Қорық-мұражай құрамындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің ресмилігі бойынша тізімі
Ескерткіштердің рәсімделуі |
Жалпы саны |
Халықаралық маңызы бар |
1 |
Республикалық маңызы бар |
21 |
Жергілікті маңызы бар |
7 |
Типологиялық ерекшеліктері бойынша тізімі
Ескерткіштердің түрлері |
Жалпы саны |
Ортағасыр, ХІХ-ХХғғ тән сәулет-құрылыс |
28 |
Діни рухани |
14 |
Археология |
57 |