"ӘЗІРЕТ СҰЛТАН" МУЗЕЙІ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІН АТАП ӨТТІ

16 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесіне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде мерекелік салтанатты жиын өтті.

Шараға музей ұжымы және қалалық білім беру орындарының басшылары және қорық-музейге еңбегі сіңген ардагерлер қызметкерлер қатысты. 

«Әзірет Сұлтан» қорық музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов музей ұжымын және жиынға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесімен құттықтап, аталмыш мерекеге орай бірқатар азаматтарды марапаттады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен музейдің қор сақтаушы А.Егеубаева және экскурсовод К.Асетова марапатталса, қорық-музей есепшісі Л.Рүстемова ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне 40 жыл» мерекелік медальімен қорық-музейге еңбегі сінген бірқатар қызметкерлер марапатталды. 

Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне 40 жыл» мерекелік медальімен қорық-музейдің ардагері Бибажар Зиябекова, қалалық А.Байтұрсынов мектебінің директоры Гүлназ Шерімқұлова, М.Жұмабаев мектебінің директоры Пірімжанова Тамара, Хамза мектебінің директоры Замир Мухамеджанов марапатталды.