КЕСЕНЕ МАҢЫНА ҚЫЗҒАЛДАҚ ТҰҚЫМЫН ОТЫРҒЫЗДЫ.

Облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлының тапсырмасымен Түркістан қаласының бірқатар орындарында егіліп жатқан голланд қызғалдағының баданасын қондыру жұмысы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аумағында жалғасты.

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, «Қылует» жер асты мешіті, «Шығыс моншасы» ескерткіші айналасына жалпы саны 160 мыңнан астам голланд қызғалдағының баданасы егілді.

Қыстай қар астында жатып, көктемде көзтартар сұлулықпен көмкеретін қызғалдақтар түрлі ою-өрнектер негізінде жасалуда.