"ӘЗІРЕТ СҰЛТАН" ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ ЖАЛПЫ ХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТҚА ҚАТЫСТЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында өткен республикалық «ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ» шарасына "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі де белсене үн қосты.

Қорық-музей және мекемеге қарасты тарихи-мәдени орындардың қызметкерлері латын графикасы негізінде диктант жазып, жаңа қазақ әліпбиін насихаттау мен практикалық тұрғыда қолдануға қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.