АЛМАТЫДА ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚОС МУЗЕЙДІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Бүгін Алматы музейінде төл теңгеміздің 25 жылдығына орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі және Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі, Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты және Алматы музейінің бірлесе ұйымдастыруымен «Қазақстандағы ақша айналымы: ерте заманнан бүгінге дейін» тақырыбында нумизматикалық жәдігерлер көрмесі ашылды.

Көрмеге Отырар мен «Әзірет Сұлтан» музейлері қорларындағы ерте ортағасыр мен ХV ғ. аралығында Қазақстанның оңтүстік өлкесінде айналымда болған ақша түрлері, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатынан төл валютамызға байланысты құжаттама материалдар, фотосуреттер, Алматы музейінің қорынан Қазақстанның атаулы мерекелік даталарға, қызыл кітапқа енген аң-құстар мен өсімдіктердің, спорттық шаралар т.б. шығарылған ақша түрлері қойылды.

Көрменің салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатының директоры Абдукадырова Жамила Юсупжановна, Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының Мәдени мұра бөлімінің меңгерушісі Кәкіжанова Назерке Аманбайқызы, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің директоры Жандосов Айбек Кыстаубайұлы, , Қазақстан теңгесінің авторы суретші, архитектор Ғабжалилов Хайрулла Мағауияұлы, ҚР Ұлттық банкінің архитектор, дизайнері Басенов Алмат Галиевич және ҚР қаржы саласы ардагері Жангелдин Ерлен Тоқтағалиұлы қатысып, сөз сөйледі.

Ерте кезеңдердегі теңгелер мен тәуелсіз Қазақстанның төл валютасы тарихынан мәлімет беретін көрме Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына 08.11-08.12.2018 ж. аралығында қызмет көрсетеді.