ГРЕКИЯДА "ӘЗІРЕТ СҰЛТАН" ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНІҢ ТАРИХИ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

2018 жылдың 9 - 11 қараша күндері Грекия Республикасының Салоники қаласында өтетін "Philoxenia-2018" ең ірі халықаралық көрмеде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Қожа Ахмет Ясауидің мұраларын әлемдік жетекші туристік орталықтар назарына ұсынады.

Туристік әлеуеті дамыған алпауыт елдердің көшбасшы туристік орталықтарының қатысуымен өтетін шараның басты мақсаттарының бірі-қазақстандық туристік нысандар мен тарихи орындардың маңызын таныстыру, тәжірибе алмасу болып табылады. Шара аясында Қазақстанның ұлттық тағамдары мен "Асық ату", "Арқан тарту" ұлттық ойындары да көрсетіледі.