ОҚУШЫЛАР «ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ЕСІМІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МУЗЕЙ ҚОРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЖӘДІГЕРЛЕР" ЛЕКЦИЯСЫН ТЫҢДАДЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» қызметкерлері Түркістан қаласындағы №3 жалпы орта мектебінде «Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты музей қорындағы тарихи жәдігерлер» тақырыбында лекция оқыды.

Аталған шара «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерекесі және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасы негізінде ұйымдастырылды.

Ясауи есімімен байланысты музей қорындағы тарихи жәдігерлер жайлы тарихи мəні терең дүниелерге балалар ерекше қызығушылық танытты. Қорық-музей мамандары өскелең ұрпақпен еркін тілдесе отырып, мол мағлұматтар да берді.

Алдағы уақытта да осындай игі жұмыстар қала, ауыл округтерде орналасқан мектептерде түрлі тақырыптарда жалғасын табады.