«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ ҰЖЫМЫ ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРЕДІ

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты арнаған Жолдауын жолдады. Мемлекет басшысының Жолдауын «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұжымы тікелей эфирден тамашалады.

Қорық-музей қызметкерлері Елбасының жаңа Жолдауындағы көтерілген бастамаларды зор ықыласпен қабылдады. Әсіресе, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған игі іс-шараларға назар аударып, саяси құжатта қамтылған бастамаларды бір ауыздан қолдайтындықтарын білдіріп, басым бағыттарды негізге ала отырып, жаңаша серпінде жұмыс жасайтындықтары жөнінде ой-пікір алмасты.