ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТІЛЕРІН САҚТАУ МЕН ПАЙДАЛАНУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ МЕН ДАМУЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау мен пайдалану жүйесінің жай-күйі мен дамуы» атты жиын өтті.

Шара барысында ТОО «Idea Hub» өкілдері аталған тақырыпта социологиялық зерттеу жүргізіп, қорық-музей қызметкерлерімен тарихи-мәдени мұра объектілеріне байланысты бірқатар мәселелерді талқылады. Соның ішінде тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау мен пайдалану жүйесін дамыту және заңнамалық тұрғыда іске асырылуы, тарихи объектілерді қорғаудағы мемлекеттік құзырлы органдардың құқықтары мен міндеттері сынды күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, ой-пікірлер алмасты. 

Жоғарыда аталған зерттеудің нәтижесі бұдан әрі қарай үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне жіберілетінін хабарланды.

Аталған жиынға, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің басшылық құрамы, бөлім басшылары, Түркістан облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталығы» директоры міндетін атқарушысы, Облыстық тарихи өлкетану музейінің археологы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Археология ғылыми зертеу орталығының аға ғылыми қызметкерлері қатысты.