ТАЗАЛЫҚ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПIЛI!

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық- музейінің қызметкерлері сенбілік жұмыстарына белсене кірісті.

Музейдің барлық қызметкерлері Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағында тазалық жұмысын жүргізіп, тал-теректер түбін әктеп, қоқыстарды қала сыртына шығарды. Тұрақты түрде ұйымдастырылып отыратын тазалық шаралары мекемеге қарасты киелі, тарихи жерлерде де жиі өтеді. Арнайы келген халыққа қолайлы жағдай жасау, абаттандыру ісін жандандыру мен тазалығын сақтауға мән беру мақсатында жүзеге асырылған шаралар аясында жергілікті тұрғындарға да түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады.