МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТАРИХИ-КИЕЛІ ОРЫНДАРҒА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің ұжымы қасиетті, киелі орындарға сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Музейдің қорғау аймағына кіретін "Жәудір ана" және "Құмшық ата" тарихи ескерткіштеріне барар жол жиегіндегі түрлі қоқыс қалдықтары тазаланып, арнайы техникамен қала сыртына шығарылды.
Қызметкерлер жаппай сенбіліктен соң жергілікті тұрғындарға бей-берекет қоқысты тастамау, киелі орынды құрметтеу жөнінде ескертті.