«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне белгілі суретші, қолөнер шебері Лейла Ахмет-Осман келді.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде құран бағыштап, бабалар рухына тағзым етті.
Атақты қылқалам шебері Лейла Ахмет-Османға
«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің экскурсоводы А.Бейсенова ақпарат беріп, жәдігерлермен таныстырды.
"Түркістан - тарихтың, сұлулықтың, жәдігерлердің, рухани байлықтың қаласы. Кесенеге қадам басқаннан әрбір жәдігердің өзі тілсіз-ақ үн қатып тұрғандай. Білімді, өнерлі ұрпаққа ештемеге бергісіз құнды ілімді өсиет аманаттап, болашаққа алтын ізін салған ұлы бабалардың тектілігіне бас иеміз",-деді Лейла Ахмет-Осман.
"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі