ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕ ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ ӨҢІРІНЕН ЖИНАЛҒАН ЖАС САЯХАТШЫЛАР КЕЛДІ.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында әртүрлі топтағы бүлдіршіндер және мектеп оқушыларымен де тығыз байланыс орнатып, ел тарихын кеңінен насихаттау мақсатында маңызды іс-шараларды көптеп өткізуге күш салуда.
Осы орайда «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының қолдауымен еліміздің барлық өңірлерінен жиналған 200-ден аса балалар Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келді. Өлке тарихымен танысып, қорық-музейдегі құнды жәдігерлерге зер салған жас саяхатшылар кесенеде жерленген хан-сұлтандар мен игі жақсылардың әруағына құран бағыштады.