ЦИТАДЕЛЬ ҚАҚПАСЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің құрамындағы Цитадель қақпасы, ХVІ-ХІХғғ. республикалық мәртебеге ие ескерткіш. Координаттары: 43˚17.912΄, 068˚16.376΄. Теңіз деңгейінен биіктігі 216м. 1980 жылдары қайта қалпына келтірілген. Қақпа қала қорғанының шығыс бетінде 1979-1984жж. археологиялық зерттеулер нәтижесіне сүйеніп, кейінгі ортағасырлық құрылыс мәнерінде салынған. Екі жағында мұнарасы бар. Мұнараға айналма басқыштар арқылы шығады. Сол арқылы қорған дуалымен жағалай жүруге болады. Қорған дуалы тәрізді қақпаның да жоғары бөлігінде оқ атқыш көздер мен жеті тіс қарастырылған. Қақпаның өзі екі жақтаулы ағаш есіктен тұрады. 1994 жылғы «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштер шежіресінің» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жинағына №590.5 санды нөмірімен енгізіліп мемлекет қарауына алынған.