Жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы көмекші мектеп интернатында «Музей қорындағы құнды қолжазбалар» тақырыбы аясында көрме ұйымдастырылды.

Атаулы іс-шара Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы» Өкіміне сәйкес және «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасы негізінде жүзеге асуда. 

Биылғы 2018 жыл Қазақстан Республикасында «Өзбекстан жылы» деп жариялануына және Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері А.Бейсенова, К.Асетова және Б.Абдрасилов Түркістан қаласындағы Әлішер Навои атындағы өзбек орта мектебінде оқушылармен кездесу ұйымдастырды. 

Маңызды басқосу барысында қорық-музей мамандары «Бірлігі жарасқан Ел» тақырыбында лекция оқып, мектеп оқушыларымен пікір алмасты.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында әртүрлі топтағы бүлдіршіндер, мектеп оқушыларымен тығыз байланыс орнатып, ел тарихын саналарына сіңіру мақсатында іс-шараларды бірлесе өткізуге күш салуда. 

Жуырда Түркістан қаласындағы «Адина Әмина» балабақшасының бүлдіршіндері «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде қонақ болып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралап, музей экспозициясын тамашалады. 

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде дəстүрлі «Музейге сый» акциясы бастау алды. Осы орайда, белгілі ғалым, «Қазқайтажаңғырту» РМК мекемесін ұзақ жыл бойы басқарған білікті басшы Тұяқбаев Қанат Қымызұлы жеке кітап қорындағы 300-ге жуық тарихи-танымдық баспаларын «Әзірет Сұлтан» музейіне табыстады.

Қазақстанда 2018 жыл «Өзбекстан жылы» деп жариялануына орай Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісі И.Назаров пен Өзбекстан Республикасы парламенті сенатының вице-спикері Б.Батыров бастаған бір топ өзбекстандық делегация өкілдері «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне келіп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті. Келген қонақтар Өзбекстанның Қазақстандағы жылы болуына байланысты шаралардың бастамасы екендігін атап өтті.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесі және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

Жиын барысында «Тәуелсіздік туындысы – Астана» тақырыбында фото көрменің тұсауы кесілді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айталғандай тарихи құндылықтарды жаңғыртып, дәріптеу бағытында көрме экспозициясына музей қорынан 20-ға жуық фотосуреттер орналастырылды. 

Беттер