Жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінде 18 мамыр халықаралық музейлер күніне орай «Музейге сый» акциясы өтті.

Аталған шара барысында«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі қорында «Бәкіржанның ожауы» атауымен сақтаулы жәдігеріміздің авторы - педагогика ғылымдарының кандидаты, ағаштан түйін түйген қолөнер шебері Бәкіржан Әшірәліұлы Айдарбеков тағы да ерекше жәдігерді ұсынды. Түркістан қаласына арнайы ат басын бұрған Бәкіржан Әшірәліұлы жасаған ожауына арнайылап витрина жасап әкеліп отыр. 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде дөңгелек үстел өтті. 

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау бағдарламаларын іске асыру мақсатында ізгілікті шара өтті.

Шара аясында Алматы қалалық мүгедектер қоғамы кесенеге зиярат етіп келуші мүгедектерге арналған жылжымалы пандус сыйға тартты.

Түркия Республикасының Бурса қаласында "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің «Ясауи мұралары және Түркістан» көрмесі ашылды.

Шараға Бурса қаласының губернаторы Мұстафа Дүндар, қала басшылығы мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері мен тарихшы ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. 

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген асыл жауһарлардың бірі. Ежелден өркениет ошағы болған киелі мекен ұлы тұлғаның арқасында әлемге танылды. «Диуани хикмет» шығармасы ғасырлар бойы ел арасында кеңінен таралды және қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымы Ясауи мұрасының негізінде қалыптасты. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Егер қазақтардың рухани тарихын жазатын болса, Қожа Ахмет Ясауидің хикметтері сөзсіз оның бір бөлігі болып кіруі тиіс» деп ерекше атап көрсетіп, рухани тұлғаның біздер үшін алатын орнын айшықтап берді.

Бүгін Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ортағасырлық Тараздың құйма керамикасы» атты жылжымалы көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. 

Түркия Республикасының астанасы- Анкара қаласындағы Йылдырым Баязит атындағы Халықаралық университетінде "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің «Ясауи мұралары және Түркістан» көрмесі ашылды.

Беттер