Жаңалықтар

Үстіміздегі жылдың 29 сәуірінде «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай, «Бірлігі жарасқан елміз» тақырыбында салтанатты шара өтті. Шараға келген қонақтар қаладағы славян, өзбек, түрік этномәдени орталықтарының ұлттық киімдерінен жасақталған «Татулығы жарасқан» көрмесін де тамашалады.

2016 жылдың 28 сәуірінде Алматы қаласындағы қарашаңырақ – Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында сопылық поэзияның негізін қалаушы, ақын, философ Қожа Ахмет Ясауидің 850 жылдық мерейтойы аясында еліміздегі іргелі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ұйымдастыруымен «Ясауи мұрасы – мәңгілік мұра» көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті. Көрме үш бөлімге топтастырылды. Бірінші бөлімге Қ.А.Ясауи нәр алған Құран, хадис, тәфсирлер кітабы орналастырылды.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік қорық мұражайының шаруашылық жоспарына сәйкес жыл сайын мұражай территориясында абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. 2016 жылдың жоспары негізінде ретке келтіру, суару, көркейту жұмыстары басталып та кетті. Осыған орай ағымдағы жылы мұражай аймағына жаңадан түрлі түсті гүлдердің 20 мыңдай көшеттері отырғызылды. Мұражай аймағында басқада абаттандыру, шаруашылық жұмыстары болашақта да жалғасын таба берері сөзсіз.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 2016 жылдың 22 сәуір күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ұйымдастыруымен «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайында тұңғыш рет «Ұлытауды ұлықтаған Түркістан» көрмесінің тұсауы кесілді. Көрме Тәуелсіздіктің бастауы болған Түркістанның тарихи орнын, оның мәдени-рухани келбетін, тарихи жәдігерлерді насихаттау, ұлт ұясына баланған Ұлытау өңірімен мәдени байланысты, мұражайаралық коммуникацияны нығайтуды мақсат тұтады.

18 сәуір күні Шымкент қаласы облыстық тарихи-өлкетану музейінде 18 сәуір Ескерткіштер мен тарихи орындардың халықаралық күніне орай «Мәдени мұра – алтын тамыр, асыл бағдар» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Аталмыш бұл жиынға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының қызметкері Қ.Мұсабаев қатысып, «Түркістан қаласы аумағындағы ескерткіштерді сақтау, қалпына келтіру жұмыстары және шешімін таппай жатқан мәселелер» тақырыбында баяндама жасап қайтты.

19 сәуір «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында Халқымыздың тұрмысында, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден – ақ мерекеленіп келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы тойланды.

18 сәуір – Халықаралық тарихи ескерткіштерді қорғау күніне орайда бүгін қорық-мұражайдың ескерткіштер тізіміндегі Республикалық және жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштерге арналған «Ғасырдан ғасырға жеткен құндылықтар» тақырыбында ғылыми таныстырылым болып өтті. Аталмыш шараның ұйымдастырушылары – қорық-мұражайдың ескерткіштерді қорғау бөлімінің инспекторлары.

Беттер