Жаңалықтар

18 сәуір күні Шымкент қаласы облыстық тарихи-өлкетану музейінде 18 сәуір Ескерткіштер мен тарихи орындардың халықаралық күніне орай «Мәдени мұра – алтын тамыр, асыл бағдар» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Аталмыш бұл жиынға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының қызметкері Қ.Мұсабаев қатысып, «Түркістан қаласы аумағындағы ескерткіштерді сақтау, қалпына келтіру жұмыстары және шешімін таппай жатқан мәселелер» тақырыбында баяндама жасап қайтты.

19 сәуір «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында Халқымыздың тұрмысында, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден – ақ мерекеленіп келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы тойланды.

18 сәуір – Халықаралық тарихи ескерткіштерді қорғау күніне орайда бүгін қорық-мұражайдың ескерткіштер тізіміндегі Республикалық және жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштерге арналған «Ғасырдан ғасырға жеткен құндылықтар» тақырыбында ғылыми таныстырылым болып өтті. Аталмыш шараның ұйымдастырушылары – қорық-мұражайдың ескерткіштерді қорғау бөлімінің инспекторлары.

Осыдан тура 680 жыл бұрын 9 сәуірде 1336 жылы Кеш шаһарында бір де бір рет жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген, атақты қолбасшы Әмір Темір Көреген дүниеге келген болатын. Осы атаулы күнге байланысты қаламыздағы №3 Әмір Темір атындағы мектеп «Әмір Темір және Түркістан» тақырыбында кеш өткізді. Бұл іс-шараға «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының қызметкері Қ.Мұсабаев барып баяндама жасап алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, «Әмір Темір және Түркістан» тақырыбында кітап көрмесін де өткізуге осындай игі шара арқау болды.

10 мыңдық тиражы бар жергілікті «Түркістан» газетінің «Әзірет Сұлтан» рухани-мәдени, тарихи, танымдық қосымшасы 2 жылдай үзілістен кейін қайта оралды. 8 сәуірінен бастап №1-ші нөмірі оқырманға жол тартқан бұл қосымшаның Рухани астана тұрғындары мен қонақтарына, туристерге таптырмас дереккөз болары сөзсіз. Мұражай директорының алғы сөзімен басталған газеттің №1 санынан мұражай жайлы, халим аба туралы деректер және Түркістан аумағында орналасқан ескерткіштер жайлы оқи аласыздар.

8 сәуір күні «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі т.ғ.к Ғ.Искаков пен кіші ғылыми қызметкер Б.Нишанбеков Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің №3 ғимаратында гуманитарлық факулътеті, тарих мамандығының 1-2 курс студенттерімен “Қазақстан халқы Ассамблеясы” тақырыбында кездесуге қатысып қайтты. Жиында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы аясында, Республикамыздағы Елбасының жүргізілген сындарлы саясаты негізінде жұмыс жасап жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының игі шаралары жайлы сөз болды.

Ағымдағы жылдың 8 сәуір күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ұйымдастыруымен алғаш рет археологиялық кезеңдерге бөлінген нумизматикалық «Оңтүстік тарихынан сыр шертетін тиындар» тақырыбындағы көрме ашылды.

Беттер