Жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аумағында төтенше жағдай кезінде атқарылатын шаралар жөнінде қалалық төтенше жағдай басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен түсіндірме жұмыстары және оқу-жаттығу жиыны өтті.

Қасиетті Рамазан айында Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұжымы ораза тұтқан жамағатқа ауызашар берді. Ақ дастархан басына қала әкімі бастаған бір топ ел қалаулылары, шаһардың ауыз бекіткен ақсақалдары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мен дін қызметкерлері, қала жұртшылығы және музей қызметкерлері жиналды.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі «Түркістан археологиялық экспедициясы» жобасы аясында Түркістан қаласындағы Бабайқорған ауылдық округінің Мерген төбе жерінде археологиялық қазба жұмыстарын бастады. 

Аталған қазба орны Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 33 км-дей жерде, Жаңақорған өзенінің жағалауында орналасқан. Бүгін аталған орынға «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов арнайы барып, жасалған жұмыстармен танысты.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің экскурсия және насихат бөлімінің меңгерушісі Н.Таңатаров, экскурсовод Қ.Бейсенбай және кітапханашы М.Көпеевалар мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Болат Тәукеұлы XVIII ғасырдағы қазақ хандарының бірі. Тарихи деректерде есімі Булат, Полат, Пулад, Пулат [Ерофеева, 2001. С. 76] үлгілерінде кездеседі. Болаттың туылған жылы белгісіз, шамамен 1723/24 ж. қайтыс болған. Билік құрған жылдары шамамен 1712-1723/24 жж. арасы. Болат Жәнібектің Жәдік ұлынан тарайтын қазақ хандар әулетіне жатады. Тәуке ханның ұлы, Жәңгір ханның немересі. Болат хандық билікті мұрагерлік жолмен өз әкесінен иеленді. Оның билігі Орта жүзге қарасты кейбір руларға: арғын, қыпшақ, уақ және наймандардың ішіндегі кейбір руларға жүрді.

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінде жас суретшілердің «Астана және Түркістан» тақырыбында сурет салу байқауы өтті.

Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінде «Жаңғырған керамикалық жәдігерлер» тақырыбында көрменің ашылуы өтті. 

Атаулы көрме, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің 40 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілгендей ұлттық құндылықтар мен тарихи мұраларды кеңінен насихаттау болып табылады.

Беттер