Жаңалықтар

2016 жылдың 16 шілде күні Байдәулет Құдайберліұлының «Әзірет Сұлтан» кесенесінде жерленген тұлғалар тізіміне енгізілуіне орай салтанатты жиын өтті. Жиынға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Ж.Әубәкір, Түркістан қаласының әкімі Ә.Шәріпбекұлы, мәслихат хатшысы Ә.Амантайұлы, баба ұрпақтары белгілі қоғам қайраткері «Құрмет» орденінің иегері С.Дүйсебеков, мед.ғ.д. Оңтүстік Қазақстан фармацевтика академиясының профессоры Қ.Сақыпбаев, Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры, ф.ғ.д.

14 шілде күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне Швейцария мемлекетінің азаматтары Thibault Vallotton және Boris Siemaszko келді. Астана, Алматы, Шымкент қалаларын аралап келе жатқан бұл қонақтардың басты мақсаты ортағасырлық сәулет өнерінің аса құнды ескерткіші Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жан жақты түсіріп қысқаметражды ролик дайындау екен. Әрі журналист болып жұмыс істейтін Thibault Vallotton-ның айтуынша жақын аралықта дайын болған қысқаметражды роликты Швейцарияның мемлекеттік телеарналарынан барша телекөрермендерге көрсетілмек.

4 шілде күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Астана күні қарсаңында «ӘН, ЖЫРЫМ – АСТАНА, ТАҒДЫРЫМ – АСТАНА» тақырыбында мерекелік шара өтті. Атаулы шараға қаламыздың жасөспірімдері, бала-бақша мен мектеп оқушылары және музей қызметкерлері қатысты.

Шараның негізгі максаты Елордамыз Астана туралы болашақ ұрпақтың танымын қалыптастыру, туған елге сүйіспеншіліктерін арттыру.

1 шілде күні ОҚО Шымкент қаласында 2016 жылға арналаған туризмді дамыту жоспарына сәйкес, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен «ЭКСПО-ға дайындық» атты семинар-тренинг болып өтті. Іс-шараға туристік ұйымдардың, қонақ үйлердің, такси қызметінің, ОҚО бойынша барлық аудындық кәсіпкерлік бөлімдерінің, қорық-музейлердің және БАҚ өкілдері қатысты.

29 маусым күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне ОАР елінің саяхатшысы Дэвид Маркус Клинтон келді. (ОАР) саяхатшысы Дэвид Клинтон, жер шарын айналып жүріп 5 жылдың ішінде 79 елге барып көрген. 2016 жылдың 22 сәуірінде Қазақстаннан өтіп бара жатқанда, ол Балқаштың маңайында жол апатына түседі. Оның көлігі сынып қалғандықтан, саяхатшы экспедициясын тоқтатып, көлігін жөндеу үшін әлеуметтік желілер арқылы заттарын сатуға мәжбүр болды.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде 28 маусым – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған мерекелік кездесу болып өтті.

21 маусым күні Австрия мемлекетінің азаматтары David Heis және Evelyn Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне табан тіреді. Туризмді насихаттап жүрген бұл азаматтар өз мотоциклдерімен Австрия мемлекетінен Түркістанға дейінгі аралықты үш ай уақытта жүріп өткен жолай Чехия, Польша, Беларусь, Ресей мемлекеттерінде болған. Қонақтардың айтуларынша Қазақстанда бір айдай болып, Алматы, Астана тағы басқа көрікті жерлерімізді тамашалауды жоспарлаған. Бір жылдай әлем елдерін аралап соңғы тұрақтар жері Австралиядан ұшақпен туған жерлері Австрияға оралатын көрінеді.

Беттер