Жаңалықтар

Түркістан қаласында Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына жəне «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай мектеп оқушылары арасында дəстүрлі XXII «Ясауитану-2018» Халықаралық байқауы өтті.

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық- музейінің қызметкерлері сенбілік жұмыстарына белсене кірісті.

Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Түркістан жауһарлары» тақырыбында көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Көрменің ашылуында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызы, сатирик ақын Көпен Әмірбек, қорық-музей директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы сөз сөйлеп ізгі тілектерін білдіріп, көрме жұмысына сәттілік тіледі. 

28 тамыз - халқымыздың салт-дәстүрінің білгірі, еліміздегі музей ісінің дамуында өзіндік қолтаңбасын қалдырған мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің туған күні.

Белгілі қоғам қайраткері,тарихшы-этнограф ғалым Өзбәкәлі Жәнібековтің айтулы күніне орай "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен еске алу жиыны өтуде.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде киелі өңірді тарихи қалпына келтіру, абаттандыру мақсатында жиын өтті.

Айтулы жиынға Түркияның «Sembol Construction» құрылыс компаниясының корпоративтік техникалық департаментінің директоры Selcuk Yelken және «Казреставрация» мекемесінің өкілдері мен тарихшы – археологтар, музей қызметкерлері қатысты. 

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің ұжымы қасиетті, киелі орындарға сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Музейдің қорғау аймағына кіретін "Жәудір ана" және "Құмшық ата" тарихи ескерткіштеріне барар жол жиегіндегі түрлі қоқыс қалдықтары тазаланып, арнайы техникамен қала сыртына шығарылды.
Қызметкерлер жаппай сенбіліктен соң жергілікті тұрғындарға бей-берекет қоқысты тастамау, киелі орынды құрметтеу жөнінде ескертті.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінде қазақ халқының ұлы перзенті Абай Құнанбаевтың туған күніне орай «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты фото-кітап көрмесі ашылды. Көрмеге данышпан ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бірнеше кітаптар жинақталған. Көрмеге Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері», «Хикмет кітабы», Абай туралы естеліктер, Абай әуендері, С.Оразалиновтың «Абай елі» кітабы, М.Әуезовтың «Абай жолы» романы сынды түрлі басылымдар қойылды. 

Беттер