Жаңалықтар

Атаулы күн 1984 жылдан бастау алған. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес (ICOMOS) ассамблеясы бекіткен. Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар. Дүниежүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген.

2018 жылдың 16 сәуiр күнi Жамбыл облысы Тараз қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК мен "Ежелгi Тараз ескерткiштерi" тарихи-мәдени қорық-музейі» «Ұлы Дала Елінің жазба жауһарлары» атты көрмесінің ашылу салтанатын өткіздi. 

Атаулы шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылуда.

Елбасының«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі Түркістан қаласында өтуде. 

Аталған шарада «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «Ырысы тасыған ыдыстар» көрмесін ұйымдастырып, шараның жоғары дәрежеде өткізілуіне атсалысты.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Жырлаймын сені, Астана» атты жыр мүшайрасының қорытынды мерекелік шарасы өтті. 

Бүгін "Әзiрет Сұлтан" мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-музейiне ОҚО Арыс қаласынан «Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәрбиеленiп жатқан 80-нен астам бала келдi. 

Киелi мекен Түркістан өңiрiне жасаған саяхат ба­ры­сын­да «Әзірет Сұл­тан» қо­рық-музейiнiң құнды жәдiгерлерiмен танысып, тарихи орындарды аралады. Әрбір тарихи атаулар мен мұралар жөнінде мекеме қызметкерлері де егжей-тегжейлі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, балалардың сауалдарына жауап берді.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының директоры, Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттеріндегі ЮНЕСКО өкілі Криста Пиккат келді.

Түркі әлемінің мәдени астанасына арнайы келген өкіл Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің тыныс-тіршілігімен танысты.

— Көктем мен жаңарудың, достық пен бауырластықтың мерекесі – Наурыз мейрамы да келіп жетті. Осы Ұлыстың ұлы күнін атап өтудің өзіндік ерекшеліктерін қайта жаңғырту жайлы айта кетсеңіз.

Беттер