Басшылық

Директор

Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы, 1963 жылы 27 желтоқсанда дүниеге келген.

1983-1990 жылдары – Алматы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясын бітірген.

1990 жылы – консерваторияда алған білімі бойынша Павлодар қаласында еңбек жолын бастаған.

2004-2006 жылдары – Павлодар облысының мәдениет басқармасының басшысының орынбасары.

2001 жылы – Астана қаласында ҚР Мәдениет Министрлігіне жұмысқа шақырылған. 2004-2006 жылы ҚР Парламенті мәжілісінде депутаттың көмекшісі, бас консультант қызметтерін атқарған.

2013-2014 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы.

2014-2015 жылдары – ҚР Премьер Министрінің орынбасарының кеңесшісі.

2015-2016 жылдары – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде департамент директорының орынбасары.

2016-2017 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысы.

2017 жылдың  5 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрілігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры қызметіне тағайындалды.

Мәдениет қайреткері, «Құрмет» орденімен марапатталған.