Кітапхана

1997ж мұражай кітапханасының құрылуына т.ғ.к Археолог Л.Б.Ерзаковичтің жеке үй кітапханасынан сатып алынған 700 дана кітап негіз болды. Мұражай қызметкерлерінің Халықаралық конференциялар, семинарларға берген мақалалары негізінде және белгілі ғалымдар мен жазушылардың сыйға берген кітап саны қазіргі таңда 700 данаға жетті. Кітапхана қорын толықтыру мақсатында Этнография, Археология, Нумизматика, Тарих, Сөздіктер, Әдебиет салаларына байланысты баспалардан кітаптар жинақталған Қазіргі таңда жалпы кітап саны – 6780 дана. Кітапхана бөлімінің негізгі міндеті: Кiтапхана қорын кең түрде насихаттап, оқырмандарға жүйелі түрде керектi ақпараттарды кедергiсiз және толық алуына жедел жағдай жасау.

  • Есеп каталогын жүргізу. Жаңадан келген кітаптарға техникалық жұмыстар жүргізу, штамптау, индекстеу, бағаларын жазу.
  • Жұмыс жоспарын, атқарылған жұмыстарды статистикалық және жазбаша есептерін дайындау. 
  • Кітапхана бөлімінде өткізілген іс-шараларды (кітап көрмелері, фотокөрме, оқырман кездесулері т.б) жедел түрде ғаламторға жүктеу, ақпараттандыру.
  • Кітапхана желісін тұрақты түрде дамыту, олардың қорларын қалыптастыру және өңдеу, кітапхана пайдаланушыларға кітапханалық, ақпараттық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
  • Кітапхана қорын    толықтыру және сақтауды қамтамасыз ету; оқырмандардың сұранысын тұрақты зерттеу; кітапхананың материалды-техникалық базасын нығайту.
  • Кітапхана қорын сирек кездесетін, жалғыз дана және соңғы уақытта шыққан әдебиеттермен қамтамасыз ету.
  • Тақырыптық және жаңа түскен әдебиеттер көрмелерін ұйымдастыру.

Кітапхана бөлімінде төмендегі бағытта кітаптар жиналған.

  1. Этнография - 1318
  2. Археология - 2300
  3. Тарих - 1700
  4. Нумизматика - 250
  5. Әдебиет - 400
  6. Сыйға берілген кітаптар - 700

Газет-журналдар - 230