Тарихи ескерткіштер

Имам Марқозы мазары

ХІХ ғасырда шикі кірпіштен салынған дәстүрлі сәулет құрылыстардың бірі. Жергілікті тұрғындардың айтуынша бұл кісі Ахмет Ясауидің замандасы болған.

Әлқожа ата кесенесі (ХІІ-ХVғғ.)

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен шығысқа қарай 2,5 км қашықтықта, Ә.Тұтқабаев көшесінде орналасқан. Координаттары: 43˚17.437΄, 068˚17.134΄ Теңіз деңгейінен биіктігі 208м.

Гауһар ана кесенесі (ХІІ-ХІVғғ.)

Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 4 шақырым жерде, Түркістан-Шәуілдір автокөлік жолынан солға қарай 400-500 метр қашықтықта орналасқан.

Су қуу мұнарасы

ХХ ғасырдың басындағы инженерлік көркемдік архитектураның үздік үлгісі. Орналасқан жері Тәуке хан даңғылы бойы.

Әскери Николай шіркеуі (ХІХ ғ. ІІ-жартысы)

Ғимарат шіркеулер архитектурасының көркем үлгісі. Орналасқан жері Әмір Темір көшесі, №3А. Жергілікті маңызы бар.

Казарма (ХІХ ғ.а.)

Тәуке хан даңғылы бойында тұрғызылған тарихи-архитектуралық ескерткіш. Орналасқан жері Көне Түркістан қаласының аумағы. Жергілікті маңызы бар ескерткіш.

Теміржол вокзалы (1903ж.)

Республикалық маңызы бар ескерткіш. Орналасқан жері Тәуке хан даңғылы. 1903 жылы Орынбор-Ташкент темір жолының оңтүстік тармағын салу кезінде тұрғызылған.

Беттер