Тарихи ескерткіштер

Сауран архитектуралық-археологиялық ескерткіштер кешеніне енетін Міртөбе қоныстары

Тарихи-мәдени мұраларды қорғауда  негізгі саналатын мәселенің бірі тарихи қалаларға қазба жұмыстарын жүргізу мен оның сақталуы.

Қаратөбе (Сауран) қаласы, ІV-V-ХІVғғ.

Түркістан қаласынан солт.батысқа қарай 45 шақырым, ортағасырлық Сауран қаласының оңтүстік батысына қарай 3 км, №30 теміржол разъезіні

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі (ХІІ-ХІVғғ.)

Халықаралық мәртебеге ие ескерткіш. Орталық Азияда теңдесі жоқ ғажайып сәулеттік, тарихи, ансамбльдік туынды.

Шығыс моншасы (ХVІғ.)

Республикалық мәртебеге ие ескерткіш. Кесененің оңтүстік-батыс бетінен 80 метр қашықтықта жартылай жер астына орналасқан.

Рабия Сұлтан Бегім кесенесі

XV ғасырдың тарихи-сәулет ескерткіші. Республикалық мәртебеге ие ескерткіш. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстік-шығыс бетінде 60 метр қашықтықта орналасқан.

Қылует жер асты мешіті (ХІІ-ХV-ХІХғғ.)

Республикалық мәртебеге ие ескерткіш. XII ғасырда салынып XX ғасырдың бірінші жартысына дейін үздіксіз жұмыс істеп тұрған, жартылай жер астында орналасқан ортағасырлық діни құрылыстардың бірі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстігінде 120м қашықтықта орналасқан. Координаттары: 43˚17.776΄,068˚16.247΄ Теңіз деңгейінен биіктігі 228м. 

Үкаш ата мазары мен құдығы (ІХ-Хғғ.)

Түркістан қаласынан солтүстікке қарай 35 шақырым, Бабайқорған ауылдық округының солтүстігінде, Қаратаудың етегінде орналасқан. Координаттары: 43˚36.917΄, 068˚15.712΄.

Беттер