• 07 Желтоқсан 2019

БАЛА БИ (ТАМАБАЙ) МАЗАРЫ — СӘУЛЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ЕСКЕРТКІШ

бала би

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Бала би (Тамабай) мазары — ХІХ ғасыр соңында салынған сәулеттік құрылыстар қатарына жататын жергілікті маңызы бар ескерткіш. Бала би — Қожа Ахмет Ясауи ілімін жалғастырушы, ірі дін өкілі ретінде мәлім. Күйдірілген кірпіштен тұрғызылған ескерткіш Түркістан қаласының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі көне мазаратта орналасқан.

Координаттары — 43˚17.200΄,068˚17.035. Шағын бір бөлмеден тұратын мазар өлшемдері — 4,7х4,7 метр. Тік төртбұрыш түрінде салынған мазар күмбезделіп жабылған. Күмбезінің ұшар басына дейінгі биіктігі — 4,5 метр. Жақтаулары кірпіштерді әсемдеп қалау арқылы безендірілген. Есік және терезе жақтауларында темір торлар орналасып, ішкі келбеті сыланған. Бала би (Тамабай) мазары 1994 жылғы «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштер шежіресінің» Түркістан облысы бойынша жинағына №597 нөмірімен енгізіліп, мемлекет қарауына алынған. Жалпы жер көлемі — 1,0545 га.

Алдыңғы ақпарат

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі KITF — 2019 туристік көрмесіне қатысты

Келесі ақпарат

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде XIV ғасырдан екі есік -«Қақпа» және «Қапсырма» сақталған