«ТҮРКІСТАНҒА ТАҒЗЫМ»

«Қасиетті Түркістан жеріне келген сайын ерекше тебіренемін. Мұнда исі қазақтың елдігі мен ертеңін ойлап, тебінгісінен тер төгіп жүріп өмір кешкен хан да, би де, батыр мен бағлан да мәңгіге тыныстап жатыр. Олардың өшпес рухы, халық үшін атқарған қайрат-жігерге толы қызметінің қасиеті әрбірімізді жебеп-желегей дегім келеді».

Н.Назарбаев

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі эпиграфикалық жазулар

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі эпиграфикалық жазуларҚожа Ахмет Ясауидің архитектуралық кешені – Орта Азия мен Қазақстандағы теңдессіз тарихи жәдігерлердің бірі. Бұл ғажайып сәулет туындысында ғасырлар бойы қалыптасқан далалық құрылыс тәжірибесінің ізі жатыр. Ғимараттың кейбір композициялық тәсілдері мен өрнектері өте ерте замандардағы сәулет және бейнелеу өнері туындыларынан кездеседі.
Сырдария бойында сақ тайпаларының қалалары көп болғандығы туралы ежелгі грек тарихшыларының еңбектерінен білеміз. Жетіасар, Баланды, Шірікрабат, Бәбішмолда мавзолейі сияқты ескерткіштер сол кездің архитектурасынан мол хабар береді. С.П.Толстов сырдариялық сақтардың күмбез жасау әдісін жақсы меңгергендігін жазады. Сырдарияның төменгі жағындағы оба құрылыстарында күмбезді ғимараттың көптеген нышандары бар.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

Бұл кітапшада Қожа Ахмет Ясауи ілімі және оның кесенесі жайлы баяндалған. Қазақ халқының рухани, мәдени тарихындағы Ясауи ілімінің маңызы ашылып және сол ілімнің ашық кітабы болып табылатын кесенеге сипаттама берілген.
Қазақстан аумағында сопылық дәстүрдің негізін салып, оны түркілік дәстүрмен үндестірген әйгілі тұлға – Қожа Ахмет Ясауи, оның кесенесі байырғы Түркістанға орналасқан. Ясауидің тікелей жанқиярлық еңбегінің арқасында ғана қазақ тайпаларының ұлттық ортасында Ислам канондары мен далалық дәстүр үндестік тапты. Қазақ халқының арасында көптеген түркі тілдес мұсылмандар үшін «Екінші Мекке» болған оның кесенесіне тәуап етеді.
Н. Назарбаев.