Ақпараттық хат

ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ
МӘДЕНИЕТ КОМИТЕТІ
«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ ҚОРЫҚ МҰРАЖАЙЫ
АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы 2010 жылдың қазан айының 8 жұлдызында «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференцияның мақсаты – Отандық және шетел ғалымдарымен бірлесе отырып Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы мен ілімінің өзекті мәселелерін талқылау, қазіргі қоғамдағы өзара ынтымақтастық пен түсіністікте Ясауи ілімінің игі ықпалын айқындау.

Конференция тақырыбының негізгі бағыттары:
1. Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және Түркі Ислам өркениеті (дүниетаным, рухани сабақтастық, мемлекетшілдік мәселелері)
2. Қожа Ахмет Ясауи мұрасы: оның бүгінгі күнгі өзектілігі (қолжазбатану, тіл білімі, әдебиеттану, тарих, әлеуметтану, саясаттану мәселелері)
3. Мұражайлардың рухани құндылықтарды жаңғыртудағы орны (мұражай ісі, экспозиция, қор сақтау, реставрация мәселелері)
Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.
Конференцияға Республикамыздағы және шетелдердегі тарих, филология, философия, шығыстану, мәдениеттану салаларының ғалымдары мен ясауитанушылар, тарихи-мәдени мұраларды қорғау мамандары, қорық және тарихи-өлкетану мұражайлары және ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының қызметкерлері қатысады. Конференцияның материалдары жинақ түрінде алдын ала шығарылады.

Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар мен қатысу шарттары:
1. Көлемі 5-7 беттік компьютер басылымында Times New Roman, 14 кегль, беттің сол жағынан – 3 см, жоғарғы және төменгі жағынан – 2 см, оң жағынан – 1,5 см, жол арасы – бір интервал.
2. Баяндама тақырыбы ірі шрифтпен берілуі тиіс. Тақырып пен мәтін арасы екі жолмен бөлінеді. Тақырыптың үстіңгі оң жағына автордың аты-жөні, жұмыс орыны, лауазымы, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы жазылады.
3. Әдебиеттер тізімі мен сілтемелер мақаланың соңына араб цифрларымен тік бұрышты жақшаның ішіне алынып [1. 5 б.] ГОСТ бойынша беріледі.
4. Қожа Ахмет Ясауи есімі 2007 жылы 15-16 қарашада өткен Республикалық конференцияның қарарына сәйкес «Я» – әрпімен және бір «с» әрпін қолданып жазылуы тиіс («Иасауи» немесе «Яссауи» емес «Ясауи» болып жазылады).
5. Мақала соңындағы түйін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде берілуі керек.
6. Ұйымдастыру алқасы сапасыз, қойылған талаптарға сәйкес келмейтін мақалаларды кері қайтаруға құқылы.
Конференцияға қатысу үшін баяндамалар ұйымдастыру алқасының мекен-жайына 2010 жылдың 1 шілдесіне дейін жіберілуі тиіс.
Конференцияға арнайы шақырылған қонақтардың жол-шығындары ұйымдастырушылар есебінен төленеді.

Конференцияны ұйымдастыру алқасының мекен-жайы:
161200, ҚР ОҚО, Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы 70, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы, тел/факс: 8 (725-33) 4-12-22, 3-11-59, Е-mail: Azret-Sultan@mail.ru, baybol81@mail.ru, nurlan80@mail.ru
Конференцияға қатысты қосымша ақпаратты www. azretsultan.kz сайтынан алуға болады.

ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ


МИНИСТЕРСТВО КУЛЬТУРЫ И ИНФОРМАЦИИ РК
КОМИТЕТ КУЛЬТУРЫ
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ИСТОРИКО-КУЛЬТУРНЫЙ МУЗЕЙ – ЗАПОВЕДНИК «АЗРЕТ СУЛТАН»
МЕЖДУНАРОДНЫЙ КАЗАХСКО-ТУРЕЦКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМ. АХМЕДА ЯСАУИ

ИНФОРМАЦИОННОЕ ПИСЬМО

Государственный историко-культурный музей-заповедник «Азрет Султан» Комитета культуры Министерства культуры и информации Республики Казахстан 8 октября 2010 г. в городе Туркестан проводит Международную научно-практическую конференцию «Проблемы исследования учении и наследия Ходжа Ахмеда Ясави».
Цель конференции – совместными усилиями отечественных и зарубежных исследователей обсудить актуальные вопросы исследования наследия Ходжа Ахмеда Ясави и выявления вклада учения мыслителя в развитие согласия и толерантности в обществе.

Основные направления конференции
1. Наследие Ходжа Ахмеда Ясави и тюрко-исламская цивилизация (мировоззрение, духовное преемственность, вопросы государственности)
2. Актуальность наследия Ходжа Ахмеда Ясави (вопросы источниковедения, языкознания, литературоведения, истории, социологии и политологии)
3. Роль музеев в реконструкции духовного наследия (музееведение, экспозиция, фондохранение, вопросы реставрации)
Официальные языки конференции: казахский, русский и английский
В работе конференции принимут участие исследователи из Казахстана и зарубежных стран в сфере исторических, филологических, философских, востоковедческих и культурологических наук, а так же ясавиеведы, специалисты по охране историко-культурных наследий, сотрудники заповедников и историко-краеведческих музеев, научно-исследовательских институтов и центров.
Материалы конференции будут опубликованы заранее в виде сборника.

Требования, предъявляемые к оформлению докладов и условия участия:
1.Обьем 5-7 страниц на компьютерной машинописи, шрифт Times New Roman, кегль – 14; поля: с левой стороны листа – 3 см, верхнее и нижнее стороны – 2 см, правое – 1,5 см, интервал – одинарный.
2.Темы докладов должны быть написаны крупным шрифтом. Между темой и текстом раздел в две строки. С верхней правой стороны текста пишется имя автора, место работы, должность, научная степень и научное звание.
3. Список литературы и указании даются в конце статьи [1. 5 б.] по ГОСТ.
4. Имя Ходжа Ахмеда Ясави по резолюции Республиканской конференции 15-16 ноября 2007 года пишется с буквы – «Я» и через один – «с». (пишется не «Иасауи» или «Яссауи», а «Ясауи»)
5.Резюме на казахском, русском и английском языках.
6. Оргкомитет оставляет за собой право отклонять доклады, не соответствующих заявленной тематике и требованиям оформления.
Заявки и статьи для участия в конференции должны быть высланы не позднее 1 июля 2010 года.
Затраты специально приглашеных лиц оплачивается за счет организаторов
Адрес организационного комитета конференции:
161200, РК ЮКО, город Туркестан, проспект Тауке хана 70, Государственный историко-культурный музей заповедник «Азрет Султан», тел/факс: 8 (725-33) 4-12-22, 3-11-59, Е-mail: Azret-Sultan@mail.ru, baybol81@mail.ru, nurlan80@mail.ru
Дополнительную информацию можно получить на сайте www. azretsultan.kz.

ОРГКОМИТЕТ