1. Қожа Ахмет Ясауи ілімінің қайнар көздері?
2. Қожа Ахмет Ясауи ілімі қай жерлерге тарады?
3. Түркістан маңындағы қандай әулиелі орындарды білесің?
4. Пайғамбарлардан, әулиелерден қалған үлгі бойынша Қожа Ахмет Ясауи шәкірттерін қандай жүйемен оқытты, оларды оқытатын орын қалай аталды?
5. Қожа Ахмет Ясауи үлгі тұтқан әулиелердің есімдерін атаңыз?
6. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО тізіміне не себепті және қай жылы алынды?
7. «Саһар уақыты» дегеніміз қай мезгіл?
8. Аңыз бойынша Қожа Ахмет Ясауидің рухани кемелдікке жеткені қалай белгілі болды?
9. Аңыз бойынша Иасы қаласының тұрғындары туралы Қожа Ахмет Ясауидің айтқандары?
10. Аңызда Қожа Ахмет Ясауиге жолыққан Қызыр баба не істеуді бұйырды?
11. Қожа Ахмет Ясауи бабамыз туралы аңыздардың бірінде «шафша» туралы айтылады. Осы «шафша» сөзінің мағынасын және аңызды қоса айтып бер?
12. Қожа Ахмет Ясауиге берілген аманат құрманың аңызын баяндап, мәнін түсіндір?
13. Қожа Ахмет Ясауидің даңқы халыққа кең таралуына себеп болған оқиға? Аңызға сүйеніп айтыңыз.
14. Аңыз бойынша Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың кереметімен тегістеген тау?
15. Аңызда айтылатын Қожа Ахмет Ясауидің Қызыр пайғамбардан үйренген
ғибадаты?
16. Қожа Ахмет Ясауи бабамыз 99 мың шәкіртімен сұхбат құрған жер қалай аталады? Аңызды айтып бер.
17. Қазақ мақалдарының шығу төркіні жайлы аңызды айтыңыз?
18. «Мұнафық» сөзінің мағынасын ашып, хикмет пен аңыздан мысал келтір?
19. Қожа Ахмет Ясауидің Қорасандық ғұламаларға көрсеткен ғибратты хикаясы? Аңыз бойынша айтып беру.
20. Жолбарыс ханның Қожа Ахмет Ясауиге шәкірт болуына себеп болған аңыз оқиғаны айтып беріңіз?
21. Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті Баба Машын жайлы аңыз хикаяны баяндаңыз?
22. Қожа Ахмет Ясауи және оның шәкірттерінің имам Марғузиға аңызда көрсеткен кереметі?
23. Аңыздарда есімдері жиі аталатын Ясауидің бес шәкіртін атаңыз?
24. Аңызда айтылатын ілім түрі және оның мағынасы?
25. Аңыз бойынша Қырғыздардың «Ош» қаласы қай әулиенің атымен байланысты шыққан?
26. Ясауи шәкірттерінің бірі азан шақырып қойған аты – Айқожа. Кім туралы айтып отырмыз?
27. Аңыздарда Шопан ата мен Хакім ата қандай сынақтан мүдірмей өтті?
28. Аңызда айтылатын Исан ата, Шағырық ата қай әулиенің ұрпақтары?
29. Сүлеймен қожаның лақап есімі?
30. Хакім ата Ясауидің басқа шәкірттерінен ерекшелеп тұрған қасиеті?
31. Қандай халде болсын орындай беруге болатын ғибадат?
32. Алтын Орда ханы Өзбектің Ислам дінін қабылдауына әсер еткен Ясауия шайқылары? Тарихи оқиғаны айтып бер.
33. Ясауи бабамыздың өзін Құдайдың әділіне лайық емеспін деген хауфі қандай хикметтерінде көрінеді? Мысал келтіріп мағынасын түсіндір.
34. Қожа Ахмет Ясауи бабамыз адамның басты жауы ретінде нені таныған? Хикметтерден мысал келтіріп түсіндір.
35. Қожа Ахмет Ясауи бабамыз ғашықтығының нысаны кім? Хикметтерден мысал келтіріп түсіндір.
36. Ясауи бабамыз хикметтерінде Бір және Барым, Мәулім деп кімді сипаттайды? Хикметтерден мысал келтіріп түсіндір.
37. Хикметтердегі ғашық құлдың сипаты қандай?
38. Ғашықтықтың көріністері қандай?
39. Алланың Қаһар, Рахман сипаттары жайлы хикметтен мысал келтіріп түсіндір?
40. Хикметтегі Құдайға жету жолындағы жан пидалықтың мысалы қандай?
41. Хикметте Алланың қандай көркем сипаттары баяндалады?
42. Хикметте аты аталатын пайғамбарлар туралы не білесің?
43. Хикметтерде дұғаның қабыл болуының шарттары?
44. Хикметтердегі жанды құрбан қылар сезім?
45. Тәхлил сөзінің мәні?
46. Әли Жанаб, Әнтал Һәди деген құрметті аттың иесі? Олардың мағынасын аш?
47. Құдірет, Қадір, Сүбһан құрметті есімдерінің мағынасын аш?
48. Салауат ұғымының мағынасы? Діндегі орны?
49. Пайғамбардың көркем мінездерін сипаттайтын мысалдар?
50. «Сәруар» сөзінің мәні?
51. Пайғамбардың үмбеті болуға лайықтылар?
52. Құдайдың нұры, Алланың досы болу кімнің сипаты?
53. Кімдер үшін келді Расул ? Осы хикметтің мәнін ашыңыз?
54. Һу алқасы, һу арасы сөздерінің мәнін түсіндір?
55. Хақ сыпырасы сөзінің астарлы мағынасын түсіндір?
56. Хал ілімі және Қал ілімдерінің айырмашылығы мен ерекшелігі неде?
57. Жүрек көзі жайлы хикметтерде қалай айтылған?
58. Хақ жамалы, махаббат майданы ұғымдардың мағынасын аш?
59. Хай зікірі туралы түсінігің?
60. «Ла макан» сөзін қалай түсінесің?
61. Хақтың дидарын талап қылушыларға қойылатын басты талап?
62. Перғауын, Һарун, Мұса калим туралы айтыңыз?
63. Әбубәкір Сыдық кім болған? Сыдық деген құрметті атты иеленуі?
64. Хикметтерде баяндалатын қияметтің белгілері?
65. «Ұят иманнан» деген пайғамбар өсиетін қалай түсінесің?
66. Хикметтегі хазіреті Омар жайлы айтыңыз?
67. Хазіреті Оспан жайлы әңгімелеңіз?
68. Әзіреті Әлі туралы баянда?
69. Хикметтегі отқа түскен көбелек бейнесін түсіндір?
70. Халил, Хабиб сөздерінің мәні?
71. Кесенедегі есіктердің символдық мән мағынасы қандай?
72. Кесенедегі есіктердің атауы және оны жасаған шебердің есімі?
73. Көркем жазудың қандай әдісі қолданылған?
74. «Астанаңдағы қызметшің дәулетті болғай» деген жазуды түсіндір?
75. Қақпа есіктегі «Әулие жақсылардың қақпасы – бақыттың кені, әулие жақсыларды сүю – бақыттың кілті» деген жазудың мәні?
76. Қақпа-есіктің орта бөлігінде есікті қағуға арналған екі қола алқа туралы айтып бер?
77. Есіктерде салынған ою-өрнектер туралы әңгімеле?
78. Қақпа есікте жазылған «дүние өткінші, сен дүниеде (Аллаға) бағынып өт» осы хадис туралы пікірің Ясауи хикметтерімен байланыстыра отырып түсіндір?
79. Сағдидің «Гүлстан» поэмасының үзіндісін түсіндір?
80. Есіктердегі қола алқалардың символдық мәні?
81. Есіктердегі «Алланың сыйы – қақпасына келіп сұраған момынға (беріледі)» деген хадисті қалай түсінесің?
82. Есіктердегі Пайғамбардың «ілім іздеу – барлық мұсылман еркекке және әйелге парыз» деген хадисін Ясауи хикметтерімен байланыстыра отырып түсіндір.
83. Есіктерде Пайғамбардың «дүниеде сый-құрметке бөлену – мол байлықпен болса, ақыретте сый-құрметті иелену – дүниедегі ізгі істердің көптігімен болады» деген хадисін Ясауи хикметтерімен байланыстыра отырып түсіндір?
84. «Лауха» сөзінің мағынасы?
85. Лауханың салмағы, биіктігі, құрылымы?
86. Кесенеде тұрған «Лауханың» мәнін қысқаша қалай айтуға болады?
87. Сәттіғұл Жанқабылұлының туға қатысты өлеңін айтып, өз түсінігіңді айтып бер?
88. Кесенедегі жәдігерлерден қандай ортақ идеялық, символдық ұқсастықты көреміз?
89. Лауханың ұшында қандай сөз ойылып жазылған?
90. Тудағы кәлима шахадаттың (куәлік сөзі) жазылған жерін, мағынасын айт?
91. Туда жазылған кәлима таухидтың мағынасын түсіндір.
92. Ислам дініндегі төрт шадияр туралы Ясауи бабамыздың хикметінен үзінді келтір?
93. Құрметті сұлтан, патша, ғалым сөзіне ісі сай, әділетті Әмір Темір Көреген деген жазу Лауханың қай бөлігінде қандай әдіспен таңбаланған?
94. Лауханың символдық мәнін бір ауыз сөзбен түсіндір?
95. Маңқыстаулық атақты жырау Қашаған Күржіманұлының туға байланысты жырын айтып бер?
96. Ұлы жиһад және кіші жиһад туралы түсінігіңді лауһаның символдық мәнімен байланыстыра баянда?
97. Әмір Темір мен Алтын Орда ханы Тоқтамыс арасындағы соғыс себебі және қай жылдары болды?
98. Шарафаддин Әли Иездидің «Зафарнаме» кітабында кесененің салынуы қандай оқиғамен байланыстырылады?
99. Қазақстанға Ислам дінін таратушы, Ясауи бабамыздың арғы аталары жайында әңгімелеңіз?
100. Әулиелердің Сұлтанына кімдер ұстаздық етті?
101. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымының мәні?
102. Ясауи дүниетанымында Адам кемелдікке жетуі үшін қандай ілімді меңгеруі керек?
103. Қожа Ахмет Ясауи және Пайғамбар (с.ғ.с) арасындағы рухани сабақтастық жайлы айтыңыз?
104. Адамды аздыратын рухани дерттерге не жатады?
105. Хауф және рижа сөздерін түсіндір?
106. Ясауи ілімінде «Өлмес бұрын өлу» жайлы пайғамбар өсиетін қалай түсіндіреді?
107. Ясауи хикметтерінде мінез-құлықты түзетудің негізгі талаптары?
108. Кемелдікке жетудің төрт шартын ата?
109. Әмір Темірге ұстаз болған Ясауи жолындағы шайхылар?
110. Уакфтық құжат туралы айтыңыз?
111. Кесене құрылысына басшылық жасаған шебер?
112. Орта Азия мен Қазақстанда кеңінен дамыған, Ясауи кесенесін салуда пайдаланылған құрылыс салу әдісі?
113. Ясауи бабамыз жерленген қабірхана бөлмесі туралы баяндаңыз?
114. Кесенедегі жамағатхана немесе қазандық бөлмесі туралы баяндаңыз?
115. Кесенедегі мешіт бөлмесінің қызметін және құрылысындағы ерекшеліктерді айтыңыз?
116. Кесененің жалпы құрылымы мен рухани білім беретін кешендік қызметін ата?
117. Кесене қабырғаларында қолданылған жазу үлгілері?
118. Кесенені өрнектеген шебердің есімі?
119. Кесене жанындағы шығыс моншасының салынған уақыты және салудағы мақсат?
120. Тайқазанның жасалған уақыты және жері?
121. Тайқазанның өлшемдері, құрамы қандай металдардан тұрады?
122. Тайқазанның ең жоғарғы бөлігіндегі жазулардың мағынасын түсіндір…
123. Тайқазанның екінші қатарындағы….. деген жазуды түсіндір?
124. Қазандағы өрнектердің формасы және мәні?
125. «Тайқазан» атауы жайлы пікірлер?
126. Тайқазанды жасау технологиясы?
127. Қазанды жасаған ұстаның аты?
128. Қазанның ел тұтастығының нышаны ретіндегі мағынасын аш?
129. Тайқазанның үшінші қатарында жазылған ….. жазудың мағынасын айт?
130. Тайқазанның Эрмитажға әкетілу себебі, уақыты, қайта оралуы?
131. Тайқазан туралы қандай зерттеу еңбектерін білесіз?
132. Қылует сөзінің мәні?
133. Ясауи тариқатындағы Қылует рәсімінің алар орыны?
134. Мәулана Сайфуддин Орын Қойлақының «Насабнама» шығармасы жайлы айтыңыз?
135. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңындағы Қылуеттер жайлы қысқаша тарихын айтып беріңіз?
136. «Әулие Құмшық Ата» мешіті туралы айтыңыз?
137. Шілдехана сөзінің мағынасы?
138. 63 жастан кейін Ясауидің жер асты ғар бөлмесіне түсу себебі?
139. Абылай ханның Ясауи бабамыздың басына зиярат жасап келуі жайлы қай ақынның шығармасында кездеседі? Шығарманың мағынасын айтып бер?
140. Ислам дінінде Әулиелердің басына зиярат жасауда қойылатын негізгі талаптар?
141. Әулиден медет сұраудың Исламдағы орыны?
142. Әулиелердің басына зиярат жасау туралы халық жырларында не айтылады?
Ясауитану байқауының сұрақтары
7-Сәуір, 2010 | 393 рет қаралған
Бөлімі: 


