Біліңдер: қазіреті Расул Алла қазіреті Арслан бапқа бір хырқа, бір құрма беріп айтқан: Миғраж кезінде мәлім болды. Меккеден Мадинаға хижрат жасалғаннан соң, Фатима перзенті имам Хасан нәсілінен соң және екінші халифа Омар ұрпағынан соң және менің үшінші халифам қазріреті Осман зүрриятынан және менің өзім некелеген перзентім ішінен менің төртінші халифам қазреті Әли перзенті имам Мұхаммед Ханафия ұрпақтарынан Сайрам қаласынан болған Қожа Ахмет атты (балаға) – атасы Шайық Ибраһим, анасы Тағай бибіше бибі, лақабы Қарашаш ана қазіреті Арслан бап аталған аманатты сақтауы керек. Пайғамбар қайтыс болған кезде хабар келді: «Ей, Арслан бап, сен мұндай атақты ғалымды қалай көресің, қайтіп табасың?» Одан кейін Арслан бап Уахар Тарке деген уәлаятында тақуалықпен 40 жыл өмір кешті. Қырық жылдық қылуеттен кейін Сайрамға келді. Қазіреті Ибраһим шайықты тапты. Оның әйелін де сұрады. Одан кейін олардан: «Сендердің ұл перзенттерің бар ма?», - деп сұрады. Одан кейін шайық Ибраһим Ясауиді киіндіріп, Арслан бап алдына әкелді. Садыр шайыққа Арслан бап дуа қылды. «Сенің бұл балаң дін дүниесіне атақты болады. Сендердің назарларыңа бұл бала лайықты емес». Әкесі айтты: «Бұның жүріс-тұрысы басқа балаларға ұқсамайды. Кейде өзін топыраққа тастайды, кейде таза жүреді, кейде мектепке бармайды, кейде өзінің есін білмей жатады. Мұнда әр түрлі адам қасиеті бар. Мұның балалығының ықпалы ғажайып». Мұны есітіп Арслан бап қуанып кетті. Балалардың ойнап жатқанын көрді. Бір баланың ойнап жатқан балалардың киімінің үстінде ойнамай отырғанын көрді. Барып оған сәлем берді. Ол бала бақырды: «Ей Баба! Қашанға дейін менің көйлегімді қарайсыз, сақтайсыз және қашанға дейін балалардың көйлектерін сақтаймын». Арслан бап айтты: «Ай, жан ботам, бұл киім Қазіретіңізге мүбәрак. Қазірет Сұлтан ал-арифин айтты: «Менің аманатымды бермедіңіз. Мен сондықтан кейде – топырақта, кейде – суда, кейде - өлең айтудамын, кейде – ғылым ізденудемін. Қазіреті Арслан бап мың ықыласпен (мың жүрек сезімімен) құрманы Қазірет Сұлтан ал-арифинге берді. Қазірет Арслан бап маған да берер ме екен деп қарап тұрды. Қазірет Сұлтан ал-арифин айтты: «Құрманың тәттісін сіз жедіңіз. Маған қабығын бердіңіз». Қазірет Арслан бап жүз мың шүкірлікпен шүкір намазын оқыды. Арслан бап бұл дүниеден ол дүниеге сапар қылды.
Садр ад-дин шайх,121-122б.

Пікір жазу