Күндердің бір күнінде бір ақ сақалды, басқан жері көкке тірелетін бабай кез болды. «Балам сен қырық мұрагер жалдап ал, мен кісі басына бір теңге, бір мезгіл тамаққа тойғызам. Жұмыстарың сол, ертеде, кеште екі мезгіл қырық күнге дейін зикр-и жахр саласыңдар», - дейді. Ал бабаның кім екенін өзі таниды. Сөйтіп қырық мұрагер жалдап алып, күніне бір теңге, бір мезгіл тамақ ішіп, екі мезгіл зикр-и жахр салып, қырық күні біткен соң қырық бірінші күні «Тарқа», - десе, тарқамайды. Бізге тамағыңның керегі жоқ, жахр салуды қоймаймыз. Өз бетімізбен жахр салған соң мұны көрген шәкірттер зикр-и жахрға берілген. Олар жиналған жер халық күшімен үлкен зиярат орыны – шаһарға айналады. Топырлаған қойдай шоғырлана береді. Бұдан ел көзіне түсіп, ел аузына ілінетін дәрежеге жетеді. Басы – бұлбұл, аяғы – Дүлдүл болғанымен, Қыдыр дарымай ілгері баспайды екен. Көзге түсіп, ауызға ілінген соң дәрежесі қандай дария болса да, дұшпаны да сондай көбейеді екен. Дұшпан болғанда алдымен өз ағайыны, халқы дұшпандық қылды.
Арық суына таласып, баласы Ибраһимді арық басында бауыздайды. «Бұл әулие болса баласын тірілтіп алар», - деп, бір үлкен табытқа салып, бетін жауып, бүркеп қазірет отырған жайға алып келеді. «Бұл не?» деп сұрағанда (әңгелек) «шафша» дейді. «Шафша» деп қауынның ерте пісетін кішкенесін айтады, сонда қазірет: «Жетілмей, еркін піспей ұрған екенсің», - дейді. Басқа еш нәрсе демейді. Сонда қасында тұрған бір сопы шыдай алмай айтқан екен: «Қауының алма болсын, тарың жұлма болсын, ұлың мақау болсын, қызың сақау болсын, құйрығыңа дүм шықсын, әшкере болсын бұл ісің, жасырсаң – жүрек бауырың езіліп өлсін, қолыңнан кетпен кетпесін, көтің жерге тимесін», деген екен, сол айтқаны айнымай болды. Сүйір деген арықтың орны бар, суы жоқ. Қауын ексе – алмадай болды, тары ексе – оруға келмейді, құйрығына ешкі құйрығындай дүм шығады, жерге отыра алмайды. Осы айыбын жасырмаса қатын-баласы өледі, жасырса – кешікпей өкпе бауыры езіліп өледі. Шайтан сөзіне ерген, Қожа Ахметке тас атқан Тахташары астында жатады.
Садық Сапабекұлы, 126-127 б.

Пікірлер саны: 1

  1. Марат 29-Мамыр, 2010, 12:34 пп

    “Басы - бұлбұл, аяғы - дүлдүл болғасымен, Қыдыр дарымай ілгері баспайды екен” деген жерін бұрын естімеген екенмін.

Пікір жазу