3-ХИКМЕТ. Қаһар Атты Қаһарың

Қаһар атты қаһарың – қорқып жылар Қожа Ахмет,

Рахман атты рахымың – сертін қылар Қожа Ахмет.

Күнәйім көп, ылайым кешіргейсің, Құдайым,

Кім бар құлдар ішінде дертіңді ұғар, Қожа Ахмет?..Мұнафықтар ылаңы – күнә-қылмыс қылады,

Жүзін жаспен жуады – өртін қуар Қожа Ахмет.

Тарихатты білмедім, Хақиқатқа кірмедім,

Пір бұйрығын ілмедім: дертің – бұлар, Қожа Ахмет.

Ақырзаман болған дүр, залым төрге қонған дүр,

Харам, шүбә толған дүр, татқан зәһар Қожа Ахмет.

Хас шерменде, шын құлмын, ғашық жолда бұлбұлмын,

Арыстан бабты пір қылдым, –

Бақтан болар, Қожа Ахмет.

Құл Қожа Ахмет, тағат қыл, жыламақты әдет қыл,

Бәле келсе – сабақ біл,

Хақтан болар, Қожа Ахмет.

Пікір жазу