• 27 Сентябрь 2024

МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Музейдің мәдени-білім беру жұмысы: дәстүр мен жаңашылдық» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Ақмола облыстық Мәдениет басқармасы, Мәлік Ғабдуллин музейінің ұйымдастыруымен Көкшетау қаласында «Музейдің мәдени-білім беру жұмысы: дәстүр мен жаңашылдық» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Аталған конференцияға “Әзірет Сұлтан” музей-қорығының ғылыми қызметкері С.Шаметов қатысып, «Музей қызметіндегі коммуникация» деген тақырыпта баяндама жасады. Онда мемлекетіміздің мәдениет саласына, оның ішінде музейлерге деген жанашырлығымен қатар, музей мен музейге келушілер арасындағы қарым-қатынасты дамыту сынды өзекті мәселелер жан-жақты қарастырылған. Бандамада көтерілген мәселелердің ғылыми негізі ұйымдастырушылар тарапынан жоғары бағаланды.

Алдыңғы ақпарат

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ