• 27 Сентябрь 2024

МАҢЫЗДЫ :

nothing found

АБАЙ ДАНА – АБАЙ ДАРА ҚАЗАҚТА

Бүгін Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы «Балалар мен жасөспірімдер орталығы» мекемесіне қарасты «Балауса» жазғы сауықтыру демалыс лагерінде Ұлы Абайдың туған күніне орай «Абай дана – Абай дара қазақта» танымдық іс-шарасы өтті.
«Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырған жиынға лагерьдің ұстаздары мен оқытушылары қатысты.
Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай өткізілген мәдени шарада ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығын дәріптейтін суреттер мен кітаптар көрмесі таныстырылды. Сондай-ақ, оқушылар ақынның өлеңдері мен қарасөздерін жатқа айтудан сынға түсіп, әндерін орындады.
Алдыңғы ақпарат

“Таза Қазақстан” акциясы жалғасуда

Келесі ақпарат

ИНСПЕКТОРЛАР ЖҮСІП АТА КЕСЕНЕСІНЕ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ