• 27 Сентябрь 2024

МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«ТАҒЛИМ УА ТАРБИЯ ТАРИХЫ УА ДУНИАНЫҢ ФИЛОСОФЛАРЫ»

“Әзірет Сұлтан” музей-қорығының қорында сақталған құнды кітаптардың бірі — «Тағлим уа тарбия тарихы уа дунианың философлары» (Тағылым мен тәрбие тарихы және әлемнің философтары) деп аталады. Өлшемі: 23х14,5 см. Кітапты 1977 жылдың 2 маусым күні Түркістан қаласының тұрғыны Имажанов Хамит өткізген.
Бұл кітапша 1911 жылы Уфа қаласында басылған. Ескі татар тілінде жазылған. Мұқабасы — жұқа қызыл қағаз. Екінші бетінде автордың «Бір-екі сөз» деген атаумен алғы сөзі берілген. Кітаптың бірінші бөлімінде “бір дәрігер үшін медицина ғылымы қаншалықты қадірлі болса, бір мұғалім және мұғалима үшінде осындай тағылым және тәрбие, яғни педагогика ілімі де қадірлі болып саналады. Медицина ілімінен хабарсыз әлдекімнің жұмыс жасауы қорқынышты болғаны сияқты, педагогикадан хабарсыз мұғалімнің бала оқытам деп айтуы да осындай бір қорқынышты іс болып табылады. Баланы оқытудағы мақсат кейбір нәрселерді жаттату және үйрету болса бір сәрі еді, әлбетте олай емес. Баланы оқытудағы мақсат — оның пікірін, мінез-құлқын тәрбиелеу, сонымен қатар, адамның бойындағы адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын, ізгілік пен инабаттылық қасиеттерін қалыптастыру керек” деген мәліметтер берілген.
Кітаптың екінші бөлімінде әйгілі философтар мен әртүрлі елдердің, соның ішінде Иранның, Ежелгі гректердің бала тәрбиесі туралы мәлімет берілген. Әйгілі философ Платон (347-428) өмірінің соңына дейін ақиқатты іздеген. Ол сол кездегі алғашқы жоғары білім беру институтының, академиясының негізін қалаушы болды. Ол өзіне дейінгі Сократ сияқты батыс философиясының, саясатының және ғылымының негізін қалады.
Аристотель б.з.б 384 ж. грек философы. Платонның шәкірті. «Адамзаттың бірінші ұстазы» деген атқа ие болған. Ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады. Ол қалдырған философиялық ойлау жүйесі мен ғылыми зерттеу дәстүрі кейінгі діни мәдениеттерге, шығыс — батыс өркениетіне айрықша ықпал етті.
Иран мемлекетінің тағылым және тәрбиесі. Ескі Ирандықтарда атқа міну мен қылыш — қанжар ұсталығы жақсы дамыған. Ол дәуірде жиырма жастағы жігіт шахадатнамаға (куәлік қағаз) еге болатын еді. Шахадатнама (куәлік қағаз) алған жігіттер падишахтың жанында қызмет ететін еді, болмаса әскер арасында хатшы болып қызмет атқаратын болған. Ғылым мен құқық кітаптары оқытылып, әскерге қабылданатын еді. Ирандықтар үшін жалған сөз сөйлеу ұнамсыз, жағымсыз нәрсе саналатын болған.
Ежелгі гректердің тағылым және тәрбиесі. Грек халқы қаһарман халық болған. Бұл елде олимпиада ойындары өткізілетін болған. Олимпиада 4 жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс болған. Бұл ойын алғаш рет Олимпия қаласында өткізілгендіктен осылай аталған. Бұл ойындарда әскери дайындық, дене шынықтыру өнерін көрсету байқаулары дәстүрге айналған. Бұл ойын өткізілетін уақытта соғыстар тоқтатылып, қасиетті тыныштық орнайтын дәстүр қалыптасқан.
Міне, аталған кітапшада жалпы осындай құнды мәліметтер берілген.
Ж.Майлыбаева, қор сақтаушы.
Возможно, это иллюстрация (книга и текст)
Алдыңғы ақпарат

КӨРМЕГЕ КЕЛІҢІЗДЕР!

Келесі ақпарат

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ЖӘНЕ МУЗЕЙ ІСІ