5-Наурыз, 2010

Есіктер

Бұл кітапшада Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің Қақпа және Қапсырма есіктері туралы ғылыми-танымдық мәлімет беріледі. XIV ғасырда Мауераннахр билеушісі Әмір Темір жасатқан есіктер Ясауи ілімінің сырын паш етеді.

Зиярат әдебі

Бұл кітапшада Ислам дініндегі зиярат әдебі жайлы Құран аяты, Пайғамбар (с.ғ.с.) хадисі негізінде, Әзірет Сұлтанның кесенесіне байланыстырыла баяндалады.

Лауха

Бұл кітапшада «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы қорында сақталған 14 ғ. жәдігері қола лауханың символдық мәні ғылыми-танымдық тұрғыда талданады.

Тайқазан

Бұл кітапшада «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы қорында сақталған 14 ғ. жәдігері қола Тайқазанның символдық мәні ғылыми-танымдық тұрғыда талданады.

Қылует

Бұл кітапшада Қылует жер асты мешіті және Ясауи ілімі аясында Қылует, шілханалардағы тақуалықты арттыру үшін атқарылған ғұрыптар өзара байланыстырыла сипаталады.

Шығыс моншасы

(XVI - ғасыр). Бұл кітапшада «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы құрамына енген ХҮІ ғ. соңындағы сәулет өнерінің ескерткіші – Шығыс моншасы ғылыми-танымдық тұрғыда сипатталады.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

Бұл кітапшада Қожа Ахмет Ясауи ілімі және оның кесенесі жайлы баяндалған. Қазақ халқының рухани, мәдени тарихындағы Ясауи ілімінің маңызы ашылып және сол ілімнің ашық кітабы болып табылатын кесенеге сипаттама берілген.
Қазақстан аумағында сопылық дәстүрдің негізін салып, оны түркілік дәстүрмен үндестірген әйгілі тұлға – Қожа Ахмет Ясауи, оның кесенесі байырғы Түркістанға орналасқан. Ясауидің тікелей жанқиярлық еңбегінің арқасында [...]

Ысқақ Бабтың ұрпақтарының бірі Ибраһим шайхтан бір ұл, бір қыз болады. Ұлдың аты Қожа Ахмет, ал қыздың аты Гауһар Шахназ болады. Міне осы екі бала туралы мынадай аңыз-әңгімелер бар.

Күндердің бір күнінде бір ақ сақалды, басқан жері көкке тірелетін бабай кез болды. «Балам сен қырық мұрагер жалдап ал, мен кісі басына бір теңге, бір мезгіл тамаққа тойғызам. Жұмыстарың сол, ертеде, кеште екі мезгіл қырық күнге дейін зикр-и жахр саласыңдар», - дейді. Ал бабаның кім екенін өзі таниды.

Біліңдер: қазіреті Расул Алла қазіреті Арслан бапқа бір хырқа, бір құрма беріп айтқан: Миғраж кезінде мәлім болды. Меккеден Мадинаға хижрат жасалғаннан соң, Фатима перзенті имам Хасан нәсілінен соң және екінші халифа Омар ұрпағынан соң және менің үшінші халифам қазріреті Осман зүрриятынан және менің өзім некелеген перзентім ішінен менің төртінші халифам қазреті Әли перзенті имам Мұхаммед [...]