"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы

Жаңғырған жәдігерлер
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының қорындағы халқымыздың рухани байлығы көне құнды жәдігерлерімізді халық игілігіне ұсынып, ғылыми айналымға ендіру мақсатында оларды зерттеу, зерделеу жұмыстары атқарылуда. Осы мақсатқа сай жақында жәдігерлердің сипаттамасы каталог түрінде басылып шықты. Аталмыш каталогтар: «Құран кітаптары», «Тиындар», «Асханалық ыдыстар» деген тақырыптық топтарға бөлінген үш  кітапша түрінде жарық көрді.

Мұражай қорындағы «Құран кітаптарында» сақтаулы тұрған Құран кітаптарының қысқаша сипаттамасы, қай баспадан шыққандығы туралы мәліметтер берілген. Кітапшаның мәтінін дайындаған мұражайдың қызметкері Шынар Тастанбекова.

«Асханалық ыдыстар» альбом каталогында қорық мұражай қорына 30 жылдан астам уақыт бойы жинақталған көне қалалар орындарында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған тарихи мұралардың ішінен тек асханалық қыш бұйымдар коллекциясы жайлы мағлұматтар берілген. Мәтінін әзірлеген кіші ғылыми қызметкер Егеубаева Әшіркүл.

Мұражай қорындағы тиындар коллекциясы каталогында мұражай қорындағы Түркістан Оазисінің VII-XVII ғғ. сауда-саттық қарым-қатынастарын және ақша айналымын көрсететін нумизматикалық материалдар берілген. Мәтінді дайындаған ғылыми қызметкер Әділова Ботакөз.

«ТҮРКІСТАНҒА ТАҒЗЫМ»
«Қасиетті Түркістан жеріне келген сайын ерекше тебіренемін. Мұнда исі қазақтың елдігі мен ертеңін ойлап, тебінгісінен тер төгіп жүріп өмір кешкен хан да, би де, батыр мен бағлан да мәңгіге тыныстап жатыр. Олардың өшпес рухы, халық үшін атқарған қайрат-жігерге толы қызметінің қасиеті әрбірімізді жебеп-желегей дегім келеді».

Н.Назарбаев

Киелі Түркістан қаласындағы Әулие бабамыз  Қожа Ахмет Ясауи кесенесі түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының айрықша құрмет етіп, тәбәрік тұтар мекені. Ұлы ұстаздың рухани ілімі бағзы заманнан бері шынайы еркіндікке, тәуелсіздікке жеткізетін жол ретінде танылған. Қазақтың  хан-сұлтандары ел басқару ісінде  Ясауи қағидаларын негізге алған.  Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Түркістан мен оның ұлы ғимаратын бүгінгі ұрпақ қазақ мемлекеттілігі тағдырмен тығыз бірлікте қарастырады. Ұлттық бостандығымыз бен іргелі елдігіміздің ақ ордасы, асыл көзі деп ардақ тұтады» деп киелі мекеннің  дәрежесін одан әрі айқындай түсті.

Осы алтын сабақтастықтың бүгінгі күнге дейін тіні үзілмей жеткендігін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен тарихымызға, рухани мұрамызға деген ізгі ниетімен, ілтипатымен байланыстыруға болады. Әркез бабалар дәстүріне айнымас адалдықтың үлгісін көрсетіп келе жатқан Елбасымыз Әзірет Сұлтан кесенесінің ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енуіне тікелей мұрындық болды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев ең алдымен, 1985-1988 жылдары Қазақ ССР Министрлер кабинетінің басшысы қызметін атқарып жүрген кезде, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнайы ат басын бұрып, мұндағы атқарылып жатқан іс-шаралармен танысады. Содан бері Елбасы тарапынан Әулие бабамызға тағзым ретінде саналатын игі жұмыстарға жол ашылды деп есептеуге болады. Еліміз тәуелсіздігіне енді қол жеткізіп, егеменді мемлекет ретінде еңсесін тіктеп жатқан жауапты кезеңде Елбасы Н.Ә.Назарбаев Түркістан қаласының абыройын асқақтатар, күллі түркі жұртының басын қосуға бағытталған жобаларды бекітті. Тұңғыш рет киелі мекеннен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті ашылды. Сонымен қатар кесененің көрік-келбетін қалпына келтіруге күш жұмылдырып, 2000 жылы Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойын  ЮНЕСКО деңгейінде атап өтуге барлық жағдайды жасады. Президенттің Әзірет Сұлтан кесенесіне жасап отырған қамқорлығының арқасында мұнда жер-жерден ағылып келіп жатқан зияратшылар саны жылдан-жылға артып отыр. «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында көне шаһардың шынайы шежіресін айқындау қолға алынды. Бұл бағдарлама бойынша орындалған нәтижелі еңбектердің өзі бір төбе.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өз қаламынан туындаған кітаптарда, ой-толғамдарында Қожа Ахмет Ясауидің рухани ілімі мен оның қазіргі кездегі қажеттілігіне баса назар аударылған. Оның тарихи-мәдени маңызына қатысты елеулі тың тұжырымдар келтірілген. «Тарих толқынында», «Сындарлы он жыл», «Ғасырлар тоғысында» атты кітаптарында Ясауи қалыптастырған ілімнің құндылығы жөнінде оң пікірлер айтылған.

Елбасымыздың қасиетті шаһарға әр сапары жақсы жаңалығымен жанға жебеу, ойға демеу бола келеді.

Елбасымыз Түркістан қаласына 2010 жылдың 26 мамырында жасаған сапары кезінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетіндегі кездесуде жиналған жастардың алдында күллі әлем мойындаған Ясауи мұрасын оқып-үйрену жөнінде, оның мәні жөнінде сөз қозғады. Демек, бұл Ясауитанудың, Ясауи мұрасын игеру саласының жаңа белеске көтерілуіне алғышарт бола алады.

«Әзірет Сұлтан» қорық мұражайында шілде айының 6-жұлдызында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 70 жасқа толу құрметіне арналған «Түркістанға тағзым» атты көрме ашылды.

Көрме Елбасының Түркістандағы тарихи  маңызды кездесулерін жас жеткіншектерге көрсетуді мақсат тұтады. Сонымен қатар әр адамның көкірегіне президентке деген құрмет пен ілтипат нұрын құюды көздейді.

Аталмыш көрмеге мұражай қорынан 50-ден астам жәдігерлер қойылды.  Оның ішінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1985 жылы Қазақ ССР Министрлер кабинетінің басшысы, егеменді, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті тұсындағы, сондай-ақ бауырлас Түркия Республикасының Президенттері Тұрғыт Озал, Сүлеймен Демирел, Ахмет Сезар, Абдулла Гүл, Өзбекстан Республикасының Президенті И.Каримовтармен  бірге Ясауи кесенесіне зиярат еткенінен хабардар ететін және Түркістандағы ресми кеңестерден сыр шертетін суреттер мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде жарық көрген «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Сындарлы он жыл», «Қазақстан жолы»,  «Казахстанский путь», «Бейбітшілік кіндігі», «Туған елім — тірегім», «Евразийский Союз идеи, практика перспективы», «Kutup Yildizi», «Nursultan Nazarbayev» атты жарық көрген кітаптары көрмеге қойылды.

Көрме  2010 жылдың қыркүйек айына дейін жалғасады.

Берік БАЙБОЛОВ,

«Әзірет Сұлтан» қорық мұражайы қызметкері.

Шырайлы Оңтүстіктің көрмесі Елорда төрінде
Сарыарқаның төрінде орналасқан Елордамыз – Астана қаласы қазақ елінің бойтұмары. Соңғы жылдары Астана қаласы қазақ халқының рухани, мәдени өмірін танытуға, жергілікті тұрғындарға және шетелдік қонақтарға кеңінен насихаттауға бағытталған іс-шаралардың өткізілуіне ұйытқы болып келеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың есімін иемденген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейі еліміздегі іргелі мәдени орталықтардың бірі. Аталған музейде  үстіміздегі жылдың 25 маусымында  «Шырайлы Оңтүстіктің шежіресі» атты  Оңтүстік Қазақстан облысының кезекті көшпелі көрмесі ашылды. Қазақ халқының өмірінде тарихи маңызы өте зор болып саналатын аталмыш өңірдің көне кезеңдерінен сыр шертетін мұраларды Арқа жұртшылығына көрсету – айрықша атап өтерлік оқиға.

Мұндай іс-шараны іргелі шаңырақта осыған дейін Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары өткізген екен. Оңтүстік аймақтың мәдени жиыны өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Көрменің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттары Б.Жылқышиев, Қ.Айтаханов, Мәжіліс депутаттары М.Шалатаев, Р.Халмұрадов, М.Ахмадиев, Қазақстан Республикасы Мәдениет комитетінің төрағасы І.Қозыбаев, елшілік өкілдері, мемлекет қоғам қайраткерлері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Оңтүстік өкілдерін облыс әкімінің орынбасары Ә.Бектаев, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының директоры М.Садықбеков, облыстық мәдениет басқармасының өкілдері бастап барды. Мәдени күннің шымылдығы облыстық филармония оркестрі мен белгілі айтыскер ақын Бекарыс Шойбековтың арнауымен ашылды. Сөз алған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейінің директоры А.Сағынғали, ең алдымен, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметов, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының директоры  М.Садықбеков, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық мұражайының директоры Н.Алдабергенов, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Қ.Бейсеновтерді арнайы дипломдармен марапаттап, шексіз алғысын білдірді. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Б.Жылқышиев мәдени күннің жұмысын аса жоғары бағалап, сәттілік тіледі.

Көшпелі көрмеге еліміздің іргелі мұражайлары  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық мұражайы, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы   қатысты. Түркістан қаласынан барған «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының қорынан 224 жәдігер тасымалданып жеткізілді. Атап айтсақ, Түркістан оазисінен табылған қола дәуірі б.з.д ХІҮ-ХҮ ғғ. ІҮ-ҮІ ғғ. сақ-үйсін кезеңі, ҮІІ-ҮІІІ ғғ. түркілер кезеңі, Х-ХІІ ғғ. Қарахандар кезеңі, ХІҮ-ХҮІ ғғ. ортағасыр кезеңі, ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. жататын археологиялық жәдігерлер, Әмір Темір дәуірінен сақталған ХІҮ ғ. шырағдандары, жазба ескерткіштері, Түркістан көмбесінен табылған нумизматикалық жәдігерлер дүйім жұртты тамсандырды. Президент мұражайына келген шетелдік қонақтар Түркістан тарихымен етене танысуға мүмкіндік алды. Көрме шілде айының 25 жұлдызына дейін жалғасты.

Берік ҚЫСТАУБАЙҰЛЫ,

«Әзірет Сұлтан» қорық мұражайы көрме ұйымдастыру тобының

жетекшісі.

«ДИУАНИ ХИКМЕТ» ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІ
Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» жинағы көптеген ғасырлар бойы халқымыздың рухани әлемінде шешуші мәнге ие болып келді. Бұл еңбек иісі түркілердің ұлттық дүниетанымындағы түбегейлі өзгерістерге негіз болып, оның ислами аяда қайта қалыптасуына игі ықпал етті. Әсіресе, қазақ халқының ұлттық менталитетінің қалыптасуына тигізген бұл еңбектің әсері орасан зор. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Егер қазақтардың рухани тарихы жазыла қалса, Қожа Ахмет Ясауидің хикметтері («Даналық сөздері») оның бір бөлігі болып кіруге тиіс», - деген пікірінің жайдан-жай айтылмағаны анық. Бұл, әсіресе, «халық даналығы» деп айтылатын мақал-мәтелдерден ерекше байқалады.

Біріншіден, мақал-мәтелдердегі дана адам бейнесінің хикметтерге де жат емес екені мұндағы «Ғамал қылған чин ғашықны дана қылды», «Ғариб жаним иуз тасатдиқ даналардин, Дана табмай иер астиға кирдим мана» сияқты сөздерден, «хикмет» атауының беретін бір мағынасы «даналық» ұғымы болуынан аңғарылады. Мақал-мәтелдердегі даналық сөйлеуші адам бейнесінен, сөздің мазмұнынан көрінсе, ол хикметтерден астарлы түрде аңғарылады. Хикмет иесінің әулие екенін, ал әулиенің даналық қасиетінің сөзсіз болатынын оқырман іштей сезінеді. Сопылық танымнан хабары бар қарапайым оқырман даналыққа жетудің хақиқатты іздеуден туатынын, әулиелердің рухани дамудың бұл сатысынан күмәнсіз өтетінін оңай ажыратады. Хақиқатты іздеудің алғашқы кезеңдерінде-ақ мақал-мәтелдер беретін даналыққа қол жеткізудің мүмкіндігі сопылыққа қатысты еңбектерде де айтылады. Қ.А.Ясауи есімімен байланыстырылатын «Мират-ул қулуб» жазбасында мынадай пікір берілген: «Маулана Суфи Мұхаммед Данышменд, шайх Хасан Басриден (Алланың рахметі жаусын!) былай деп келтіреді: Сұхбат үш түрлі болады: Біріншісі – шариғаттан сөз (нақыл), екіншісі хәл, әулиелік химмет (рухани қолдау-жебеу) пен кемелдік жайынан сөз, үшіншісі – сыр (көңіл-қалб-жүрек) мен хәл және хақиқат жайында сөз». Көріп отырғанымыздай, нақыл сөздер (біздіңше, оның ең негізгісі – мақал-мәтелдер) сопылық жолдың шариғат, тариқат, хақиқат деп аталатын кезеңдерінің алғашқысының жемісі болып табылады екен. Мұны халық мақалдарын Қ.А.Ясауи шәкірттері шығарғандығы туралы халық аузында айтылып келген аңыз да қуаттай түседі. «Шариғат – ағып жатқан бұлақ, бұрынғының сөздері – жағалай біткен құрақ», - деген халық мақалы да осыны қолдайды. Осы тұрғыдан келгенде, Ясауи хикметтері мен қазақ мақал-мәтелдерінің арасында мазмұндық тығыз байланыстың барлығы өз-өзінен түсінікті болады.

Ясауи ілімінің негізін мекен, заман, ихуан, рабт-и Сұлтан (мемлекет басшысына риясыз берілгендік) деп аталатын төрт шарт құрайтыны мәлім. Осыған сай бауырластық, рухани бірлікті уағыздайтын, соны үлгі ететін даналық сөздері аз емес. Ауызбіршіліктің адамзат қоғамына қажеттігін тікелей де, тұспалдап та жеткізудің үлгілері мол. «Ынтымақ түбі – игілік, тірлік түбі – игілік», «Ұрыс ырысты қашырар,  ынтымақ халықты асырар», «Бірлік болмай, тірлік болмас», «Ырыс алды – ынтымақ», «Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп», «Теңге – тиыннан, ынтымақ – ұйымнан»,  «Бірлігі жоқ ел азады, бірлігі күшті ел озады», - деген сияқты тура мағынадағы мақалдар мен ауыспалы мәндегі мақалдар мен мәтелдер де жиі айтылады. «Үйірлі құлан ақсағын білдірмес», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Бір жеңнен қол шығар, бір жеңнен бас шығар», «Көптен қашқан көмусіз қалар», - деп тұспалдап айтылған даналық сөздерінің де басты мәні – елді ынтымаққа шақыру. Сондай-ақ рабт-и Сұлтан шартына қатысты «Ұлықсыз жұрт -  бассыз дене», «Хан – бас, халық – кеуде», «Хан – шаңырақ, халық – уық», «Ханын сыйламаған ел азады», «Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас», «Көш басшысы жоқ ел оңбайды, құралай бастаған киік оңбайды», «Басшысыз елде береке болмас», «Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма», «Патша – Құдайдың жердегі көлеңкесі», «Ханда қадір болмаса, қарада ұят болмайды» деген сияқты мақалдар бар. Мекен және заман шартын қуаттайтын: «Жекен жерінде көгерер, ер елінде», «Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас», «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Шетте жүрсең тарығарсың, өз еліңді сағынарсың», «Бақа көлінде патша, балық суында патша, жігіт елінде патша» т.с.с. мақал-мәтелдер көп. Бұл даналық сөздер Ясауи ілімін дамытуға қажетті алғы шарттардың қажеттігін сезінуден, адамды, қоғамды бақытты өмірге бастайтын басты себептерді дұрыс түсінуден туған. Әрине бұл түсінік тікелей Ясауи ілімінен туған және осы мақал-мәтелдер аталмыш алғы шарттардың сақталуына айрықша қызмет еткен деуге болады.

Қазақ мақал-мәтелдерінің сопылық жолдағы мақамдармен байланыстылығы да анық байқалады. Мәселен, «Қазы мен қарта жедім аузымда жоқ, мақпал мен парша кидім иінімде жоқ», «Жарлылық ұят емес, байлық мұрат емес», «Жарлы болсаң да, арлы бол» тәрізді мақалдар пақырлықтан (кедейліктен) қашпау мақамына сай туған. Ал сабырлылық мақамына лайықты ойды жеткізетін «Барыңа қарап шүкір ет, жоғыңа қарап сабыр ет», - деген секілді мақалдар мен сабырлылықтың қасиетін дәріптейтін ой қорытындылары да аз емес. Атап айтсақ, «Сабыр түбі сары алтын, сарғайған жетер мұратқа, асыққан қалар ұятқа», «Сабыр – күн түсірмейтін сая, асығыс – аунатып кететін мая». Қазақтың даналық сөздерінде сабырға асығыстық қарсы қойылады. Өйткені діни негізде қалыптасқан халықтық түсінік бойынша, «асыққан – шайтанның ісі». Ал сабырлылық Құдайлық сипат болып табылады. Ислам қағидасында Сабыр – Алланың бір есімі. «Адам асыққанмен, Алла асықпайды» деген сияқты мақалдар да сабырлылық мақамының мәнін ашарлық маңызға ие. Қанағатшылдық мақамына қатысты «Қанағат қылсаң, қарның тоқ», Құдайдан қорқынышта және үмітте жүру (хауф-рижа) мақамына қатысты «Қорық Құдайдан, қайт райдан», «Халықтан ұял, Құдайдан қорық», «Үмітсіз – сайтан» тәрізді т.б. мақамдармен қатысты даналық үлгілерін молынан кездестіреміз.

Хикметтердің қазақ мақал-мәтелдерімен байланысын арнайы сөз еткен ғалымдар да болды. Мәселен, М.Жармұхамедұлы осы жайға едәуір көңіл бөлген. «Қожа Ахмет өзінің өмір тәжірибесінен туған ойларын жинақтап, мақал-мәтел іспеттес етіп ұсынуға да шебер. Бұлардың бір тобы қазақ мақал-мәтелдерінің туып қалыптасуына да әсер еткені байқалады. Айталық, оның «Диуани хикметінде» «Жер үстінде өлмес бұрын тірі өлдім», «Құдай жолын ұстаған жолда қалмас» деген қанатты сөздер бар. Бізде осыған ұқсас: «Тірі өлдім», «Құдай деген құры қалмас» деген мәтелдер ұшырасады. Дәл осылай деп айтуға болмаса да, осы іспеттес мақал-мәтелдердің бізге Қожа Ахмет Хикметтерінен ауысуы мүмкін-ақ», - дейді ол. Ғалым сондай-ақ хикметтердегі афористік жолдарды мысалға келтіре отырып, әрі қарайғы ойын былай сабақтайды: «Рас, үлгі-өнеге, насихат үлгісінде келгендіктен, кейбір ойлардың өмірлік мәннен туған табиғи ұқсастықтары болатынын да естен шығармау керек, алайда Қожа Ахмет айтқан: «Сөзі тәтті, мінез-құлқы жүз мың түрлі» деген ұтқыр сөзі біздегі: «Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында» іспеттес мақалдармен үндес шығуы да көп мағынаны аңғартады.

Хикметтер ішінен Ясауи іліміне тән дүниетанымдық ерекшеліктерді көрсететін жолдарды анықтауға және солармен орайлас, мәндес халық даналығы үлгілерін көрсетуге мүмкіндіктер бар. Және бұл мақал-мәтелдердің осы дүниетанымдық ұстанымдардан туғандығы күмән туғыза қоймайды.

Қ.А.Ясауи хикметтері мен халық мақал-мәтелдерінің байланысын ашу оңай емес. Өйткені олар, көбіне, пішіндік тұрғыда емес, мазмұндық жағынан сабақтасады. Сол себепті бұл мәселені философиялық қырынан қарастырған дұрысырақ. Ал біз бұны әдебиеттанушылық көзқарас бойынша қолға алдық. Соның өзінде, мәселенің әлі айтылмаған тұстары көп. Бұл аталмыш жайттың арнайы зерттелуі керек екенін көрсетеді.

Болат ҚОРҒАНБЕКОВ,

Әдебиеттанушы.

АҚ БЕРЕНДЕР СЫР ШЕРТСЕ…
Көшпенді дала халқы әскери өмірімен қатар күн көрісінде негізінен қару-жараққа сүйенген. Ердің бес қаруы бойына жарасқан кезде ғана күш-қуаты толысып, нағыз ерлікке талпынатын сәті туады деп санаған. XVI ғасырда өмір сүрген ағылшын саяхатшысы және елшісі Антони Дженкинссонның айтуынша, «көшпелілер аңға шықса да, көңіл көтеруге барса да, ешқашан садақ, жебе, қанжарын тастамаған». Қаруланып жүру заңды құқық қана емес, сонымен қатар міндет болып та табылады. Қарусыз адамның халықтық жиналыста дауыс беруге еркі болмаған, ал жасы кішілер оған орын да бермеген. Мәселен, «Жеті жарғыда» қарусыз адамның мәжіліске қатысуына тыйым салынған. Көшпелі қоғамда ерлердің басты міндеті отбасын, ауыл-аймағын қорғау мен мал-мүлікті сақтау және соғысқа қатысу болып есептелінген. Сондықтан да жаугершілік заманда ғұмыр кешкен жырау-жыршылардың отты шығармаларында қару-жарақты дәріптеу басым. Хандық дәуірдің қабырғалы жыраулары Қазтуған, Доспамбет, Ақтамберді толғауларында алмас қылыш пен шашақты найзаның майдан үстіндегі сұрапыл суреті өшпестей таңбаланған.

Халықтың ықпалды әскербасылары мен батырларының сауыты, қалқаны, қылышы мен металл ұшты найзасы болған. Жаугершілік заманда қазақтардың қару-жарағының  ішінде ерекше тұрпаттылары болды. Солардың бірі – қылыш.

Қылыш негізінен жақын қашықтықта ұрыс жүргізуге арналған көшпелілер қаруының көнеден келе жатқан бір түрі. Қылыш – шабуға лайықталып соғылған өткір жүзді, имек, үшкір қару. Бұл қаруды әлем халықтары Қытай, Вьетнам, Үнді, Араб, Француз, Орыс, Түрік қылыштары, сондай-ақ жаяу әскер, казак, офицерлер қылыштары деп әртүрлі атағанымен, олардың қызметтері бірдей. Яғни кесу арқылы жарақат салуға арналған, сонымен қатар қорғаныста таптырмайтын құрал. Бұл қару түрін қазақ жауынгерлері ХІХ ғасырға дейін қолданып келді. Қазіргі таңда қазақтың жауынгерлік қылыштарының бізге жеткен заттық үлгілері мұражай қорларында ғана сақталған. Біз қылыштарды талдап, көпшілікке таныстыру арқылы, қазақтың бес қаруының бірі саналатын қылыш түрлеріне тоқталмақпыз.

Орта Азия базарларынан сатып алынған, немесе айырбаспен келген қылыштарды Хиуа, Бұхара, Исфахан қылыштары деп атаған. Бұхара қылышының ерекшелігі болатының бас жағы бірден қатты қайырылып, имек болып жасалынады. Қылыш болаты деп – шабатын жүзін атайды. Қатты имек болып жасалу себебі тарта сермегенде сырғи тіліп терең жарақат салады.

Қазақтар қылыштың басының формасына қарай «қайқы қылыш», «имек бас қылыш», «жеке ауыз» деп аталатын қысқа қылыштарды атаумен бірге, мықты алмас қылышты «Зұлпыхар» деп атаған. Зұлпыхар – Шығыста аңызға айналған киелі қасиетті саналған қылыш. Әр халықта ол жөнінде әртүрлі қызық әңгімелер бар. Қазақ халқында ең көп тараған аңыз әңгіме - Әзірет Әліге «Дүлдүл» деген сәйгүлікті «Зұлпыхар» деген алмас қылышты Алла тағала өзі сыйға тартқан деп баяндалады. Қазақ жыраулары қылыштың осы түрін жырға қосып, оның көктен түскендігін баяндайды. Мәселен, Нұрым Шыршығұлұлы Қашағанға:

Хамхам менен сәмсәм-ді,

Зұлпыхар мен Зұлқажжа –

Жәннаттан келген мәрт қылыш.

Ұрыс сайын әр жерге

Заманда өткен баяғы

Барған екен төрт қылыш, -

деп төрт қылыштың түсу себебін айтады. Зұлпыхарды Әзірет Әліге Мұхаммед с.ғ.с пайғамбарымыз тарту еткен. Ол қылыш екі басты болып келеді.

Қазақ жауынгерлері ерекше құрметтеген қылыш түрі – «наркескен». Атауынан белгілі болғандай, бұл қылыштың күші нар түйені ортасынан қақ бөліп тастауға жеткен. «Наркескен» деп негізінен Исфахан қылышын атаған. Бұл қылышты әдепкіде Марокко, Индия, Пәкістан ұсталары жасап, бұл жаққа сауда-саттық пен айырбас арқылы алынып келген. Ол қылыштарға Құран сөздері де жазылатын болған. «Наркескендердің» кесу күші жоғары болады. Қазақ батырлары қылышты ерекше құрметтегендіктен, ұсталар арнайы тапсырыспен сабын сүйектен немесе мүйізден жасап, алтын немесе күміспен әшекейлеп, өрнек салып, асыл тастар қондырған. Ертеде наркескендер хандарда, хан сарайындағы жоғары лауазымды қолбасшыларда, кейбір мәртебелі билерде болған. Наркескендерді хандар өздерінің әскери қолбасшыларымен ел бастаушы атақты батырларына сыйға тартқан. Сондықтан наркескен атадан балаға ауысатын қадірлі мұра, мүлік болып есептелген.

Қылышты негізінен ұсталар көбіне болаттан, темірден, шойыннан құйып жасаған. Өте сапалы қылыш – болат қылыш болып есептеледі. Сондықтан «алмас қылыш» деп атайды. Алмас қылыш – болаттың ең асылынан соғылады. Наркескен алмас қылыштың аңызға айналған түрі 1861 жылы Злотоуста орыс инженері Аносов қазақтардың ертеде пайдаланған алмас қылыштарының өте өткір болуының бір сыры суару тәсілінде, болатты салқын күйінде соғуында екенін анықтап, сондай алмас қылыштарды орыс жауынгерлеріне жасатқан екен.

Сонымен ең асылы қызыл алмас (болат), одан кейінгі ақ алмас (болат), сосын көк болат саналады. Сұр – темірдің өз түсі.

«Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының жәдігерлер қорынан жоғарыда аталған, көшпелі халықтар күні кешеге дейін қолданған қылыш үлгілерімен танысуға болады.

ӘСММ. КК 1609 қылыш, сабының ұзындығы 10 см, балдағының ұзындығы 13 см, болатының ұзындығы 84 см. Темірден жасалынған. Болаты имектеліп, ұшы үшкір жасалынған. Сабы мен қылыштың болаты түйіскен жерде қолды тіреп тұратын темірі «балдағы» деп аталады. Қылыш балдағы қолға тіреу, қылыштасқанда басқа қаруды тіреп ұстауға арналған. Әр кезеңдерде, әр замандарда қолданған сабы, семсер, қылыштардың балдақтары әртүрлі болған. Балдақты алтындап, күмістеп, асыл тастармен әшекейлеген. Балдағына қарай «алтын балдақ», «күміс балдақ» деп аталған.

Қылыш 2001 жылы Күлтөбе қаласынан қазбадан табылған. XVIII-ХІХ ғғ тән. Қылыштың сақталулары орташа деңгейде. Шойыннан жасалған. Шабуға лайықты өткір жүздері майырылған. Бұл қылышты қазақтар Хиуа қылыш деп атаған.

Осы қылышқа ұқсаған тағы бір ӘСММ КК: 233 қылыш. Ол да XVIII ғасырға тән. Оның сабының ұзындығы 12 см, болатының ұзындығы 75 см. Қылышты музей қорына 1969 жылы Қауға төбеден қазбадан алып, А.Алтаев өткізген. Бұл қылыштың балдағы салмақты. Бұл шойыннан жасалған.

Келесі ӘСММ. КК-459 қылыш. XVIII-XIX ғасырға тән. Исфахан қылышы. Сабының ұзындығы – 12 см. Сабы піл сүйегінен жасалынған. Балдағының ұзындығы 12 см, болатының ұзындығы – 83 см. Музей қорындағы болаттан жасалынған сапалы қылыштардың бірі болып табылады. Бұл қылышты бір азамат атадан балаға келе жатқан қадірлі мұрасының бірі ретінде музейге 1987 жылы тапсырған екен. Қылыш болаты алқымынан бастап, қайқы имек болып келген, мұндай қылыш тарта сермегенде, сырғи тіліп, терең жарақат салады. Сондықтан да мұндай қылышқа өте ұқыптылықпен қарап, қынапта сақтаған. Өкінішке орай, бұл қылыштың қынабы сақталмаған. Оның есесіне 1989 жылы өткізілген этнография бөліміндегі ӘСММ КК №131/а,б ағаш қынапты қылыш экспозицияда тұр.

Қынап – қылыштың қабы. Ағаштан жасалып, сырты матамен, терімен, металмен әшекейленген. Аузын біріктіріп тұратын металл, түбін сақтап тұратын түбегі қайыс бау тағуға арналған сақиналары (мойнақ) бау тағуға арналған шығыршықтары бар «құрсаулары» болады.

«Айбалта, семсер, шоқпар бір сермегенде тиген жерін жаралайды, ал қылыш бір-ақ сермегенде бастан қара табанға дейін қақ жарып түсіреді» деп хандар мен батырлар артық санаған алдаспанды, қастерлеген қылыштарды бұл күнде музейлерден ғана көре аламыз.

Қазіргі таңда қылыштарды тек әскери қызметкерлердің салтанатты рәсімдерінде ұстайтын қаруы ретінде ғана қолданады.

ЕГЕУБАЕВА Әшіркүл,

«Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының қор сақтаушысы.

ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕ ЖЕРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАР
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тарихына назар сала отырып, әлі де біз үшін сыры мол, құпиялы жайттардың жеткілікті екендігін аңғарамыз. Қазақтың ел билеген ұлы тұлғаларының, игі жақсыларының Түркістандағы Әзірет Сұлтан кесенесінде жерленгендігін анықтау біз үшін беймәлім көптеген жайттардың басын ашары анық.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген тарихи тұлғаларды толықтай зерттеп, аты-жөндерін, өмір жолын, қылған қызметін халыққа таныту қазіргі кезде ғана жолға қойыла бастады. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, мұнда  жүзден астам игі жақсылардың сүйегі жатыр. Олар хан-сұлтандар, абыздар мен билер, батырлар мен бағландар, бір сөзбен айтқанда, халықтың бетке ұстар қайраткерлері. Енді олардың Әзірет Сұлтан кесенесіне жерленгендегі мақсаттары не еді деген мәселеге тоқталсақ.

Біріншіден, бұл әулие бабаға деген елдің ерекше құрметі. Себебі Қожа Ахмет Ясауи жайған асыл дін бытырап кеткен түркі халықтарының басын бір шаңырақ астына тоғыстырды, қалай ел болудың, қайтіп дұшпанға айбар көрсетудің үлгісін көрсетті. Әсіресе Ясауи жолының мұрагері болып қалған қазақ халқының елдігін аман сақтап, ен даласын жауға бермей қорғап қалуына Ясауи ілімін жоғалтпағандығы, жүрегіне сіңіргендігі себеп болған.  Күш-қуаты толысқан шақта жұртын жауға бермеу үшін жанталасқан, қайраты қайтып, ажал жеткен сәтте «өлгеннен соң сүйегімді Әзірет Сұлтанның жанына жерлеңдер» деп өсиет еткен ел ардақтысының тілегін бүкіл ру, бүтін ел болып орындауға жұмыла кіріскен. Демек, бұдан ел мен ердің арасындағы адалдықтың, асыл серттің бағзыдан бастау алған тамаша дәстүр екендігін көреміз. «Ер тілеуін ел тілер, атамыз қазақ ғұрпы бар» деп Базар жырау айтпақшы, ердің ел үшін жанын құрбан ететіндігі, елдің ердің аманатына берік болатындығы қаншама ғасырлардан бері бұзылмай келе жатқан үрдіс екендігі анық. Түркістаннан мойны қашық жерлерден де қайтыс болған кісілерін көк күмбездің астына жерлеу үшін күні-түні халық нөпірі ағылып келіп жататындығы тарихи деректерде тайға таңба басқандай анық жазылған. Қаланың маңын жайлаған жалпақ жұртты былай қойғанда, жұрт өмірден өткен адамын шалғай Арқадан, Шығыстан, Батыстан әкеліп, ақ жуып, арулап кесенеге қойған.  Мәселен, атақты Қазыбек би Арқа жерінде, «Семізбұғы» деген жайлауда дүниеден өткенде, сүйегін бір қыс бойы сақтап, келер жылы ғана кесенеге жеткізуге мүмкіндік болған. Осы айтылғандардың барлығы кесенеге жерленген кісі, хан болсын, қара болсын, Қожа Ахмет Ясауидің жолынан айнымағандығын, дана қағидасын тәбәрік тұтқандығын қапысыз дәлелдейтін шындық. Осында мәңгілік тыныс тапқан  жиырмадан аса хан, қала берді қазақтың игі жақсылары, билері, батырлары ғұмырлық мұраттарын елді бір орталыққа біріктіруге бағыштаған. Бұл бірліктің ұйытқысы – Қожа Ахмет Ясауидің хал ілімі. Түркі халықтарын, оның ішінде қазақ халқын түбегейлі жойылып кетуден аман сақтап қалған – осы ілім. Ел тізгінін ұстаған игі жақсылар тек осы асыл ілімнің негізінде ғана халықты тұтастыра ұстаудың тәсілін түсінген.

Сонымен қатар қазақтың игі жақсыларының қасиетті жерге қойылуы ел бойындағы ұлы мінез Елдік сананы дәріптейтін іс. Бір мекенде бастары қосылған даналар Елдік сананың өшпес үлгісін келер ұрпаққа көрсетіп кетті. Қазіргідей адастырар ағымдар көбейіп, дін тазасын тұтыну қиынға түскен заманда, ұлттық құндылықтарымыз кезек-кезек қақпақылға түсіп жатқан кезеңде ұлы мұраттарымыздың бастауы Ясауи баба насихаттаған ілім тереңінен ғана табуға болатындығын меңзегендей. Бұл – ата-бабалар арман еткен тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, идеологиялық әлеуетімізді енді орнықтырып жатқан бүгінгі ұрпаққа жол көрсетуші Темірқазық іспеттес.  Келешекте ел басына аумалы-төкпелі уақыттың келетінін болжап біліп, ел бірлігі талқыға түскен уақытта Ясауи жолынан айнымасын, адалын біліп, ата дәстүрді сақтасын деген ұлы аманат секілді.

Бұл аманаттың бізге жету жолы тіптен оңай болған жоқ деуге болады. Кеңес үкіметінің кезінде қынадай қырылған қазақпен бірге ұлттың ардақ тұтар қастерлі мұралары да жойылып кетудің сәл-ақ алдында тұрды десек қателеспеспіз. Түркістанда қазақ рухының тәуелсіздігін паш етіп тұрған көк кесенені де құртудың небір айла-амалдары ойластырылғандығы, оның киесін ел жадынан жоғалтудың құйтырқы жоспарлары құрылғандығы мәлім. Көзіміздің қарашығындай сақталған жәдігерлер тоналып, жарты ғасырдан астам уақыт кесене қараусыз қалды. Сонымен бірге хан-сұлтандардың, халықтың аяулы перзенттерінің бастарына қойылған құлпытастар талан-таражға түсті, шағылды, кейбірінің жазулары қырнап өшірілді. Мұның бәрі қазаққа ата-тегін танытпау үшін жасалған жауыздық әрекеттер екендігі даусыз. Осының кесірі қазірде құлпытастардың қай тұлғаға тиесілі екендігін оқып-білу, елге таныту ісіне қолбайлау болып отырғандығы жасырын емес. Дегенмен де ғалымдардың, зерттеушілердің жанкешті еңбектерінің нәтижесінде Әзірет Сұлтан кесенесінде жерленген тарихи тұлғалардың  есімдерінің үлкен тізімі жасалып шықты. Бұл тізім алдағы уақытта толықтырылатын болады.

Мұхит ТӨЛЕГЕНОВ,

Мұражайдың кіші ғылыми қызметкері.

ХАН ОРДАСЫНДАҒЫ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ
Тарихтан XVIII ғ. Ескі Түркістан қаласында екі хан ордасы (цитадель) қатар өмір сүргенін білеміз. Бұл жайлы И.В. Ерофееваның «Казахские ханы и ханские династии в XVIII – середине XIX вв.» деген еңбегінен және Б.Т. Тұяқбаева мен А.Н.Проскуриннің «Проект регенерации цитадели в городе Туркестане» деген мақаласынан толыққанды деректер табуға болады.

2010 жылы мамыр мен маусым айларының аралығында Хан ордасы территориясында  археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.

Бірінші құрылыс қабаты.

Археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілетін жер Хан ордасы деп аталатын қазбадан шығысқа қарай 20 метр қашықтықтан тандап алынды. Зерттеу жұмыстары жүргізілген қазбаның жалпы көлемі: 6х8,6м. Қазба қарашірік қабатынан тазланып алынғаннан кейін, 0,3-0,6м тереңдіктен бірінші құрылыс қабатына жататын құрылыс орны аршылып зерттелді. Өкінішке орай, бірінші құрылыс қабатына жататын тұрғын бөлмелердің  қабырғалары сақталмаған. Бұған бірінші құрылыс қабатының жер беті деңгейіне жақын жатуы және табиғи құбылыстар әсер етсе керек. Бірақ бірінші құрылыс қабатында орналасқан тұрғын үй едендерінің шығуы бұл араны тұрғындардың мекен еткенін дәлелдейді. Қазбаның оңтүстік бұрышында көлемі: 0,8х0,9м келетін ташнау бар. Ол орыннан 1,2м жерде сандал орналасқан. Қазбаның оңтүстік-батыс бұрышында осы құрылыс қабатына жататын ошақ орны сақталған. Сақталған ошақтың көлемі: 0,5х0,6м. Ошақ орны айналасынан әр-түрлі көлемдегі тастар шыға бастады. Бөлме ортасына  екі тасты біріктіріп жалпақ тастың үстіне орналастырған. Тастың орналасуына қарап оны бағана астына қойылған іргетас ретінде қарастыруға болады. Бірінші құрылыс қабатының тұрғын үй қабырғаларының сақталмағанына байланысты, археологиялық зерттеу жұмыстарының кезінде түсірілген жобаға қарап, ташнау мен сандал орналасқан аймақты тұрғын үй, ал ошақ орналасқан аймақты шаруашылық аймағы деп қарастыруды жөн көрдік. Жұмыс барысында қазбаның жалпы жобасы түсіріліп, археологиялық табыстар жинап алынды. Археологиялық табыстардың арасында нумизматикалық табыстар да кездеседі. Бірінші құрылыс қабатынан Ресей императоры Александар ІІІ тұсында 1880 жылы соғылған 5 тиын (копъеекъ) табылды. Қазба кезінде табылған археологиялық заттай деректер бұл орынның XIXғ. аяғы  мен XXғ. басына жататындығын айғақтайды.

Екінші құрылыс қабаты.

Бірінші құрылыс қабаты алынып тасталғаннан кейін, 0,8м тереңдіктен екінші құрылыс қабатының іздері шыға бастады. Археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде екінші құрылыс қабатының жалпы жобасы түсіріліп, табыстар жинап алынды. Қазба жұмыстары екінші құрылыс қабатының шаруашылық бөлмесін жартылай аршып көрсетті. Негізінен көлемі 6х8,1м болып келетін шаруашылық бөлмесінде екі ошақ орны, тандыр мен суфалар орналасқан. Оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан ошақтың диаметрі: 0,8х0,95м, тереңдігі -0,45м, ал бөлменің орта тұсында орналасқан ошақтың диаметрі: 0,75х0,9, тереңдігі -0,4м. Қазбаның солтүстік бөлігінің ортасына таман бадраб орналасқан. Бадрабтың диаметрі: 0,4х0,55м. Шаруашылық бөлмесін ортасынан ені 0,6м., болатын дуал қабырға бөліп тұр. Бөлме қабырғалары еденнен 0,3м биіктікте сақталған.

Үшінші құрылыс қабаты.

Үшінші құрылыс қабаты реперлік нүктеден (қазбаның ең биік жері) -1,45м. тереңдіктен шықты, ол негізінен шаруашылық  бөлмесінен тұрады. Шаруашылық бөлмесінің шығыс қабырғасы көше қабырғасымен жабыстырыла салынған, бөлмеде бір ошақ және қоқыс тастайтын шұқыр орналасқан. Қазбаның шығыс бөлігі көше қабырғасына барып тіреледі. Қазбаның солтүстік-шығыс бөлігінде көлемі: 1,4х4,3м болатын дарбаза орны аршылды.  Біздің негізгі міндет хан ордасына кіретін қақпаны табу керек болған соң, қазбаның шаруашылық бөлігіне тиіспеуді жөн көрдік. Негізінен көше қабырғасының қалыңдығы 1,3х1,5м. аралығында. Ол саз кесектен қаланған болып шықты. Саз кесектің өлшемі 42х24см. Қабырғаның көше жақ беті сыланған. Қазба көлемін көше қабырғасы бойымен солтүстікке қарай бойлай созуға тура келді. Ондағы мақсат көшенің басқа көшемен қиылысқан жерін нақты анықтау болатын. Қазба жұмыстарының  нәтижесінде көшенің шығыс қабырғасы 22м-ге дейін аршылып, көше қабырғасы хан ордасы орналасқан аймаққа қарай, яғни батысқа бұрылып кететіні анықталды. Негізінен көше қабырғасының үстіңгі жағы  реперлік нүктеден -1,30 - -1,75м. тереңдікте орналасқан.

Қазбадан оңтүстікке қарай 14м жерден көше қабырғаларын көру мақстында көлемі: 10,7х6м, тереңдігі 1,7м кесік салынды. Қазба жұмысының нәтижесінде көше қабырғалары туралы мәлімет алынды. Қабырғаларының қалыңдығы 1,5м болып келетін қабырғалар реперлік ніктеден -1,45м тереңдікте орналасқан.

Салынған кесіктен оңтүстікке қарай 1,9м жерден, яғни, бас магистралды көше мен біз  қарастырып отырған көшенің қиылысқан жерінен көлемі: 20,1х4,75м көлемде қазба жұмыстары жүргізілді. Реперлік нүктеден -1,45м тереңдіктен қазбаның батыс бөлігінен қақпа іздері шыға бастады. Қақпаның батыс бөлігінің көлемі: 5,5х4м., дуал қабырғасының ені 1,5м., магистралды көше бетінің ені 0,9м болып келеді.  Қақпа мұнарасы қызметін атқарған бөлме іші қоқыспен толтырылған. Сонымен қатар, қақпа бөлігін жалғастыра тұрғын үй салынғаны белгілі болды. Тұрғын үй  2,5х4,25м., көлемде жартылай аршылды. Тұрғын үй мен қоқыс төгіп толтырылған шұқыр арасын ені 1м дуал қабырға бөліп тұр. Дуал қабырға саз кесектен салынған. Бөлменің солтүстік-батыс бөлігінде көлемі: 23х23х4см күйген кірпіштен үш қатар етіп қаланған табалдырық қалдықтары сақталған  және қабырғаның төменгі жағынан ағаш қалдығы шықты. Тұрғын үйдің батыс бөлігінен де осындай көлемдегі күйген кірпіштен екі қатар етіп қаланған табалдырық қалдығы шықты. Қазба кезінде қақпаның шығыс беті 4,3х8,3., көлемде аршылып зерттелді. Қақпаның негізгі қабырғасының ені; 1,7., магистралды көше бетінің ені 0,9м, қақпаның шығыс бөлігінің қоқыспен толтырылған шұқырының көлемі 2,5х2,7м. Қақпаның шығыс бөлігіне де тұрғын үй қосыла орналасқан. Жартылай аршылған тұрғын бөлменің көлемі: 3,3х3,25м., болып келеді. Қазбаның шығыс бөлігінде ұзындығы 2,3м болып келетін саз кесектен салынған қабырға орналасқан. Тұрғын үй мен қоқыс төгілген шұқырдың арасын ені 0,8м болатын дуал қабырға бөліп тұр. Қақпа және де оған жабыстырыла салынған тұрғын үй қабырғалары реперлік нүктеден -145 тереңдікте орналасқан. Сонымен қатар, қазбаның жоғарғы бетінен 1931 жылғы соғылған Кеңестер Одағының 3 тиыны табылды. Қақпа өзінің салыну формасы жағынан ішкі бұрыштары доғалданып келген. Қазба кезінде қақпа өмірінен мәлімет беретін археологиялық және нумизматикалық табыстар жиналып, қақпаның жалпы көрінісі суретке түсіріліп, қазбаның жалпы жобасы  түсіріліп алынды.

Қорытынды

Жоғарыда келтірілген археологиялық қазба жұмыстары мен табылған жәдігерлерге сүйене отырып төмендегідей қорытынды пікірлер мен тұжырымдар жасауға негіз бар деп есептейміз:

- Хан ордасының шығыс жағымен өткен көше магистральді көшеге қиылысқан тұсында екі жағы тік төртбұрышты мұнарамен бекітілген қақпаға барып тіреледі;

- Мұнаралар тұрғын үй есебінде пайдаланылған, тек көшелердің қиысар тұсындағы бұрыштары доғалдандырылып қаланған;

-   Хан ордасын қоршаған дуалдың қалыңдығы 1,5метрден 1,6 метрге дейін өзгеріп отырады, алайда бұл дуал ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХғ. басы аралығында өмір сүрген (тереңдік -1,45);

- Әбілмәмбет хан тұсындағы Хан ордасын қоршаған дуал 3 метр тереңдікте жатыр және ол мұнан да қалың болуы мүмкін.

Талғат ӨСЕРОВ,

«Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының кіші ғылыми қызметкері.

ТӘКИЕ ҚАҚПАСЫ МҰНАРАЛАРЫНЫҢ ТІКБҰРЫШТЫ БОЛҒАНДЫҒЫН НЕГІЗДЕУ
Ежелгі қорған қамалдары құрылыстарының ең осал жері қақпа болып саналған, сондықтан оның беріктігіне көп көңіл бөлініп, ол үшін қақпаның екі жағы арнайы мұнаралармен қорғалған. Қорған қақпалары қала қабырғасының ортасында, кей кезде бұрышында орналасқан. Кей жағдайларда шахристан қабырғасының цитадельмен жалғасар жерінде тұрғызылған, мұндай жағдайда оларды цитадель немесе бұрышты мұнаралардың бірі арқылы қорғаған. Кейде қақпа, қапталдағы мұнаралардан басқа кіруді қамтамасыз етіп тұратын жеке тұрған мұнаралармен де қорғалған (Қарашық І және ІІ, Иқан, Қаратөбе – Сауран).

Қақпа мұнаралары қирандысының нашар сақталуы олардың шынайы пішінін анықтауға мүмкіндік бермейді. Қазіргі уақытта мұнаралар қабырға қалдықтарының арасында жоғары қарай сыртқы, кейде ішкі жағындағы түзу бойында төбешік кейпінде ғана сақталған. Осы уақытқа дейін қандай да бір қалашықтың қорғаныс құрылысы жабдықтары толығымен аршылмағандықтан, ғалымдар арасында әртүрлі болжамдар мен дау-дамайлар өршіп тұр. Бұл сұрақ Сауран қалашығы, Ескі Түркістан және Шойтөбе-Шауғарға қатысты аз да болса шешімін тапқан. Сонымен қатар Байырқұм қалашығының (Сырдарияның сол жағалауы) қабырғаларында да тікбұрышты формадағы мұнара қалдықтары барынша жақсы сақталған, төрттен үш бөлігі қабырға сыртына шығыңқы және қалашықтың ішкі бөлігімен тар дәліз тәрізді өтетін жермен байланысқан. Мұнараның төрттен үш бөлігінің сыртқа шығып тұруы бұның ежелгі құрылыс екендігінен хабар беріп тұр, тура линиядағы  ішкі жағы қала қорғаны қабырғаларымен орналасып, бұл мұнаралар қамал қабырғасының сыртқы жағына толық шолу жүргізуге және қорғауға мүмкіндік берген. Бұл тікбұрышты (немесе квадраттық) мұнаралардың пайда болу тарихы ежелгі заман тұңғиығына кетеді және ерте ортағасырдың ақырына дейін қолданылып келді. Өзбекстандағы ежелгі қала Кампыртепе (б.з.д.ІІІ – б.з. ІІІ ғғ.), Түрікменстандағы Көне Ниса (б.з.д. ІІІ – б.з. ІІІ ғғ.) осы пікірлердің дәлелі ретінде қызмет ете алады, соңғысының аумағында осындай 42 мұнара болған.  Сонымен қатар Солтүстік Ауғанстандағы Беграм қалашығы (б.з.д. ІІ – б.з. ІV ғғ.) осы пікірімізге дәлел[1].

Біздің аймағымызда да антикалық заманның тікбұрышты құрылыстары және шағын квадратты мұнаралар бар, олар – Алтын асар және Алып (б.з.д. І – VI ғғ.)[2].

Қазақстандағы ерте ортағасырлық ескерткіштердің ішінен осындай формадағы фортификациялық құрылыстардан тек Құлан қалашығы (VII – VIII ғғ.), Сидақ ата (I – VIII ғғ.), Құйрық төбе (VI – VIII ғғ.) және Шойтөбе – Шауғар (ІІ – ХІІІ ғғ.) ғана зерттелген[3].

Көршілес жатқан аймақтардан Самарқан және Бұхара, сонымен қатар Хорезмдік қала құрылысы ескерткіштерін атауға болады[4]. Дамыған ортағасырлық кезеңде мұндай жобадағы мұнаралардың ізі көмескілене бастағанына қарамастан, ара-тұра ұшырасып та қалады.

Қала қирандыларын зерттеу негіздеіне сүйеніп, кейінгі ортағасырда көп жағдайларда мұнаралар дөңгелек пішінге ие бола бастағанын байқаймыз. Бұл құбылыс экономикалық мақсатқа сай туындаған – дөңгелек мұнара құрылысы көп еңбек жұмсауды қажет етпейді және құрылыс материалдары аз жұмсалады.

Кейбір ірі мұнаралар баспаналар ретінде қолданылды, бұл үшін мұнараның төменгі қабаты құрылысының қабырғалары саз сылақпен мұқият сыланып, сабан аралас балшықпен сыбалған. Кіре берісте күйдірілген кірпіштен алаңқай орналасқан, мұнда суағар резерві – ташнау жайғасқан. Оған мысал ретінде Тәкие қақпаның оңтүстік-шығыс мұнарасын келтіруге болады.

«Тәкиеата» (Тәкие) немесе «Ишан қақпа» деп аталған төртінші қақпа Еврей моласына қарсы орналасқан (№2 қақпа). «Араб-парсы» сөздігінде «Тәкие» деген сөз дәруіштер, мүридтер топталып, зікір салатын жер деп көрсетіледі. Алайда басқа бір деректе «такия» - «цеховые дома» деп берілген. Белгілі ғалым А.Машанов «тәкие» дегенді «қонақ үйі» деп түсіндіреді (Құнанбайдың Меккедегі тәкиесі)[5].

Біздіңше, зікір салатын жер дегені шындыққа келетін сияқты, себебі мұндай орындар мазараттарға жақын орналасатын болған.

Тәкиенің солтүстік-батыс мұнарасында оның ішкі қабырғасын көлденең кесіп өтетін айналма тепкішек болған. Мұнараға құрылыстың шығыс бөлігінде орналасқан тар дәліз тәріздес жолдың көмегімен енуге мүмкіндік болған.

Оңтүстік – шығыс мұнара бастапқыда осы құрылысты қорғайтын және қызмет ететін адамдардың баспанасы ретінде жобаланып салынған. Бұл туралы осы тікбұрышты ғимараттың ішкі жағында орналасқан ұзындығы 15 метрден кем емес құрылыс куәлік бере алады. Қазба барысында аталмыш ғимараттың екі құрылыс қабаты аршылды, жоғарғы құрылыс қабатында есептеудің реперлік нүктесінен төмен 0,7 м деңгейдегі шаршылы кірпіш төселген алаңқай, сонымен қатар солтүстік-шығыс бөлмедегі реперден 0,6-0,7 деңгейдегі соғылған кірпіштен қаланған еден қалдықтары ғана сақталған.

Екінші құрылыс қабатының төменгі жағындағы едендер мен суфалар реперлік нүктеден 105-130 см деңгейде орналасқан. Қабырға мен еден бетіндегі сылақтардың көпқабаттылығы бұл құрылыстың ұзақ сақталғандығына куә бола алады.

Сырттай қарағанда (оңтүстік-батыс жақтан), бұл екі мұнара өте ұқсас болып көрінеді, бірақ солтүстік-шығыс жағынан аңдағанда, олардың жоғарғы бөліктері ғана ұқсайтын болып шықты. Сол себептен қалпына келтірудің графикалық жобасын дайындау барысында, бұл ерекшеліктер зерделенді және абсолютті бірдей мұнаралармен бірге, алайда қақпаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі тұрғын үй ізі көрсетілетін нұсқа ұсынылды.

Ортағасырлық Түркістанның үш қала қақпасының қазба жұмыстары нәтижесін талдай отырып, біз мынадай қорытындыға келдік, олардың барлығы да өз жобасында аймақтық тарихи тамырын, архитектуралық ерекшеліктерін және құрылысшылардың кәсіби дағдысын сақтаған. Сондықтан олар бір-біріне ұқсамайды. Түркістан қаласындағы қамал қабырғалары және алты қақпаны тұрғызу мен көтеру Қоқан билігінің кезінде, 1843 жылдан 1849 жылға дейін жүргізілген. Мұндай көлемдегі ғимараттың құрылысы үшін жер-жерден шеберлер мен сәулетшілердің тартылғаны талассыз шындық. Бұхара қаласындағы бұрышы дөңгеленіп келген тікбұрышты мұнараларға қарай отырып (қазір де мен мұндалап тұр), Тәкиа қақпасында Бұхарлық шеберлердің қолдарының ізі қалды деп байлам жасауға болады[6].

Дуал қиратқыш құралдардың пайда болуымен байланысты қорған қабырғаларын  сақтау үшін оның іргесін биік етіп көтеруге қажеттілік туындай бастады. Сондықтан қабырғалар мен қақпалар тек горизонт деңгейінде емес, қалыңдығы 8-10 м (Сауран қаласы, Түркістан және т.б.) және биіктігі 3-5 метрді құрайтын айрықша мықты іргетас үстіне соғыла бастады.

Енді қамал қабырғаларын көтеру технологиясына келейік. Орта Азия аймағында, Қазақстанның оңтүстігінде қала қабырғалары мен бекіністері пахсалық (иленген) саздан, шикі кірпіштен және құрамадан, яғни пахса мен шикі кірпішті кезектестіріп тұрғызылатын болған. Көп жағдайларда (Баба-ата, Құйрық төбе, Мардан күйік, Сидақ ата және т.б.) құрама тәсілмен тұрғызу қолданылған, бұл кезде кірпіш пен пахса қабаттары 0,3 метрден 0,6 метрге дейін, кейде 1 метрге дейін жеткен. Пахсалық қабаттың кебуі барысында орын алатын жарықтарға жол бермеу үшін, оның бүйір қабырғаларына айрықша, металл құралдармен барынша терең кертік салып кетіп отырған. 0,3-тен 0,5-метрге дейінгі барынша «жұқа» қабаттар жіңішке темір сым немесе берік кендір жіптердің көмегімен блоктарға бөлінген. Осылайша бөлінген пахсалық қабаттар сыртынан үлкен блоктардан қаланғандай болып көрінеді. Жоғары жіптің төменгі қабатпен сәйкес келмеуі үшін әдетте төменгі жағынан кендірмен тілінген. Аралық қабатқа қаланатын кірпіштер 1-2 қатардан 4-5 қатарға дейін жетіп отырған. Мұндай қабырғалардың қалыңдығы әртүрлі, алайда 1 метрден жұқа болмайды және 3-4 метрге дейін жетеді (біздің жағдайда, бұл – 2,5 метр). Кей жағдайларда (Құйрық төбе) шикі кірпіштің пахсамен кезектесуі тік бағытта ғана емес, сонымен бірге көлденең бағытта да жүргізілген, яғни қабырғаның ішкі жағы кірпіштен қаланып, сыртқы жағы пахсадан болған кезде қолданылған.

Дуалды кесектен немесе пахсамен тұрғызудан гөрі, араластыра қалаудың артықшылығы ол кірпішке қарағанда, аз күш қажет етеді және пахсаға қарағанда төзімді келеді. Кірпішпен кезектестіре қаланған пахса жарылмайды, жарылса да бір қабат аралығында ғана ұсақ сызық түрінде болады. «Тәкие қақпаның» археологиялық қазба арқылы аршылған төменгі бөлігі пахсадан тұрғызылған, тек солтүстік-шығыс бөлігінде сыланған қабырғаларында ғана қаланған кірпіштердің қалдықтары табылды.

Біз тарихи шындықты жүз пайыздық тұрғыдан дәлелдеудің қисынсыздығын білеміз, бірақ шаршыны шеңберге айналдыруға қарсымыз. Бұл осы құрылыстың ерекшелігі, оның басқа қақпалардан айрықшалығы болып табылады. Бұл кейінгі орта ғасырдағы қорғаныс құрылысындағы жаңашылдық және ол сақталып қалуы қажет.

Марат ТҰЯҚБАЕВ,

«Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының археология және ескерткіштерді қорғау бөлімінің меңгерушісі.

[1] Великий Шелковый путь. - Ташкент, 1999. 197, 221, 238 беттер.

[2] Байпаков К.М. Древние города Казахстана. - Алматы, 2005. 33-35 беттер.

[3] Осында, 119-121 беттер; Тұяқбаев М., Смағұлов Е., Ержігітова А. Түркістан археологиялық экспедициясының Сидақ ата қаласында 2002 жылы жүргізген зерттеу жұмыстарының есебі. (Қолжазба) «Әзірет Сұлтан» қорық музейінің архиві: Инв.№6. 20-21 бб.

[4] Арапов А. Исторические памятники Узбекистана. Самарканд – Бухара - Хива. Санат, 2006. 6, 46, 47 беттер.

Неразик Е.Е. Сельские поселения афригидского Хорезма. - Москва, 1966. 58-59 бб.

[5] Тұяқбаев М. Түркістанның төрт қақпасының тарихи негіздері // Түркістан нұры. 2009 ж. №3, 112-117 бб.

[6] Пугаченкова Г.А. Памятники архитектуры Средней Азии эпохи Навои. –Ташкент, 1957. 77 бб.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі эпиграфикалық жазулар
Қожа Ахмет Ясауидің архитектуралық кешені – Орта Азия мен Қазақстандағы теңдессіз тарихи жәдігерлердің бірі. Бұл ғажайып сәулет туындысында ғасырлар бойы қалыптасқан далалық құрылыс тәжірибесінің ізі жатыр. Ғимараттың кейбір композициялық тәсілдері мен өрнектері өте ерте замандардағы сәулет және бейнелеу өнері туындыларынан кездеседі.

Сырдария бойында сақ тайпаларының қалалары көп болғандығы туралы ежелгі грек тарихшыларының еңбектерінен білеміз. Жетіасар, Баланды, Шірікрабат, Бәбішмолда мавзолейі сияқты ескерткіштер сол кездің архитектурасынан мол хабар береді. С.П.Толстов сырдариялық сақтардың күмбез жасау әдісін жақсы меңгергендігін жазады. Сырдарияның төменгі жағындағы оба құрылыстарында күмбезді ғимараттың көптеген нышандары бар. «Ахмет Ясауи сәулет ғимараты» атты альбомды құрастырушы Н.Б.Нұрмұхаммедов сәулет өнерінде пайдалануға болатын арифметикалық және геометриялық ережелердің бұл өлкеде ІХ-Х ғасырларда-ақ пайда болғанын айта отырып, оның дәлелі ретінде Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерін, Әбу-л-Уафа әл-Бозжанидің (940-998) «Геометриялық салудың қолөнершілерге қажет жайттары туралы кітап», Гияс-ад-дин әл-Кашидің (ХІV-ХV ғ.ғ.) «Арифметика кілті» атты трактаттарын келтіреді. Бұл еңбектердің өз тұсындағы және одан бері кезеңдердегі қала құрылыстарының өркендеуіне игі ықпалының тигені сөзсіз. Сондай-ақ олардың Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне де қатысы жоқ емес.

Архитектура саласындағы кірпіш құю, керамикалық бұйымдар дайындау, құрылыс материалдарын әзірлеу ерте заманнан жақсы жетілген. Терракоталық тақталар дайындау жетістігі Айша бибі, Бабажа қатын, Қарахан мавзолейлерінде бірден көзге түседі. Күйдірілген кірпішті құрылыс сәнін арттыруға барынша тиімді пайдалану жолдары, көлемді залдардың төбесін жабу шеберліктері ХІІІ-ХІV ғасырлардағы Аяққамыр, Жошыхан, Сырлытам, Көккесене кесенелерінен де көрінеді. Испиджаб, Тараз, Отырар, Бұзық, Қараспан, Бассаған, Ортасаған, Құлан, Қаялық, Янгикент, Қарашық, Сүткент сияқты көптеген қалалар мен елді мекендерде мұндай ғимараттардың көп болғаны даусыз. Қожа Ахмет кесенесі салынған Ясы қаласының да құрылыс мәдениеті дамыған орталық болғандығы оның айналасына орналасқан елді мекендер мен қалалардың тығыз болуынан көрінеді. Қазіргі Түркістан қаласы төңірегінде Сидақ ата, Шойтөбе, Қарашық, Төрткүлтөбе атты көне қала орындары бар. Н.Б.Нұрмұхаммедов VІІ-VІІІ ғасырларда салынып, бітпей қалған Жамбыл облысындағы Ақыртас және Термез маңындағы Қырыққыз (ІХ ғ.) комплексін Қ.А. Ясауи кесенесінің прототипі деп бағалайды. Көне Ясының қалыптасу тарихы тым әріге кетеді. Қазір Түркістан қаласы төңірегінен қола дәуірінің қонысы, құрал саймандары табылып отыр. Б.д.д. екі мыңжылдықта бұл жерде Андронов мәдениетінің кең тарағандығы айтылуда. Шоқтас-1,2, Көсқорған-1,2 ескерткіштері тас дәуіріне жатады. Темір дәуірінде Сырдың орта ағысы парсы деректерінде «Сака» деп аталған екен. Мұнда «Авестада» «тура» деп аталатын тайпалар мекен еткен. Сол себепті сақ-тұр тайпалары мекен еткен өлке Тұран деп аталған. Осы деректерге және Махмуд ибн Валидің «Бахр ал-асрар фи манахиб ал-ахнар» атты кітабында Ясыны Сакси деп көрсеткеніне сүйенген археолог, тарихшы М.Қожа Түркістанның көне атауын сақ тайпасымен байланыстырады және Сакси-Ясының орны қазіргі Күлтөбе ескерткішіне дәл келетінін айтады. М.Қожа және Е.Смағұлов, М.Тұяқбаев деректеріне сүйенсек, «Шауғар», «Қарашық» – Ясының бұрынғы аты емес, оның жанындағы басқа қала атаулары. Араб жазбаларында бұл қала «Шауғар» делінсе, түркі ескерткіштері оны «Қарашық» (Қарачук) деп атайды. ХІІ ғасырдан соңғы ескерткіштерде Қарашық аты ғана аталып, Шауғар аты кездеспейді. М.Қожа бір жерде шоғырланған осы қалалардың түрлі тарихи кезеңдерде алма-кезек аймақтың бас қаласы міндетін атқарған деп біледі. VІІІ-ХІІ ғасырларда Шауғар бас қала болса, одан кейін Қожа Ахмет Ясауидің келіп орнығуына байланысты Ясы қаласы саяси, экономикалық орталыққа айнала бастады. Ясыда әуелі әулиелер сұлтанының қылуеті мен мешіті бой көтерді. Ол дүние салған соң қабірінің үстіне кесене тұрғызылды. Алғашқы кесене бояусыз күйген кірпіштермен салынды. Көп ұзамай бұл кесененің айналасына атақты адамдарды жерлеу дәстүрге айналды. ХІІІ ғасырдың басында-ақ Ясыда теңге соғу ісі өркендей бастаған. ХІІІ ғасырдың орта шенінде армян патшасы Гетум моңғол хандары Бату мен Мөңкенің сарайына барғандығы туралы жазбада Ясы қаласы Асон деп аталады. Алайда қала көлемі бұл кезде аса ұлғая қоймаған сияқты. 1397 жылы Әмір Темірдің Қ.А.Ясауидің қабіріне зиярат ету сапары жайында жазған Шараф ад-дин Ясыны шағын елді мекен деп көрсеткен.

Ясы қаласы VІ-VІІІ ғасырларда Батыс Түркі, Түргеш қағанаттарының құрамында болды. VІІІ ғасырда арабтар жорығын бастан кешірді, ІХ-Х ғасырларда саманилерге, оғыздарға, қарлұқтарға қарады. Х-ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекетінің құрамына өтті. ХІІ ғасырдың басында салжұқтар мен қарақытайларға бағынышты болды. Ал ХІІ ғасырдың аяғы мен ХІІІ ғасырдың басында хорезмшахтар мемлекетіне бағынды. Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде қала басып алушыларға қарсылықсыз берілген сияқты, өйткені ол бұл кезде қирамаған. Кейін ол Шағатай ұлысына, ХІV ғасырдың басынан Ақ Ордаға қарады. ХІV ғасырдың 70 жылдарынан Әмір Темір билігіне өтті.

ХV-ХVІ ғасырларда Ясы қаласы «Түркістан» деп атала бастайды. Жазба деректерде бұл атаулар жарыса қолданылады. Мысалы, ХVІ ғасырдың 70-80 жылдарындағы Абдолла хан жорықтарын сипаттаған Хафиз Таныштың «Шараф-наме-и шахи» еңбегінде қала бірде «Ясы қамалы», бірде «Түркістан қамалы» деп аталады. Кейінгі ғасырларда ол Түркістан атауын біржола иеленді. В.В. Бартольд қаланың Түркістан аталуын Қожа Ахмет Ясауидің «Түркістан пірі» аталуымен байланысты, кейіннен «пір» сөзінің түсіп қалуынан деп түсіндірсе, Е. Смағұлов түркі экспансиясының жаңа толқынымен байланысты дейді. Ал М.Қожа Ясының Түркістан билеушілерінің астанасына айналуынан деп түсіндіреді. 1455 жылы Отырарда темірліктерге қарсы Әбу Саид басқарған көтеріліс себебінен Отырар қаласы өрт құшағына оранды. Осы кезден бастап Түркістан уалаятының орталығы Отырардан Ясыға ауысады. Қала экономикалық, сауда орталығына айналады, көркейіп өседі. Теңге шығарыла бастайды. Осы кезде әкімдер отыратын бекініс қорған салынады. Қ.А.Ясауи кесенесі осы қорған ішінде орналасты. Оның көлемі 2,6 га еді. Сол кездегі жазба деректерде қамалдың беріктігі туралы жиі айтылады.

ХV ғасырдың аяғында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі билік иелерінің пантеонына айналып, Дешті Қыпшақтың әйгілі хандары мен ханымдары жерленеді. Мұнда Дешті Қыпшақ ханы Әбілхайырдың әйелі, атақты Ұлықбектің қызы Рабия Сұлтан Бегім және Әбілхайыр ханның шөберелері Құл Мұхаммед сұлтан мен Мастура-хатунның жерленгендігі белгілі. Бұдан кейін мұнда қайтыс болған қазақ хандары мен сұлтандары, ханшалары қойыла бастады. Қазақ ханы Жәнібектің қызы Аманбике, белгілі тарихшы Қадырғали Жалайыри, Шығай ханның баласы Ұзыноқты Ондан сұлтанның сүйектері осында қойылған. ХVІ ғасырдың соңында Түркістан аймағы Қазақ хандығының құрамына толық өтіп, қала хандықтың астанасына айналды.

Кесенені алғашқы жөндеу жұмысы Түркістанда 1583-1598 жылдары өз билігін жүргізген Абдолла хан тұсында қолға алынған сияқты. Деректерде ол бас порталдың (оңтүстік қасбеті) аркасын жөндеуге бұйық берген. Сондай-ақ оның ішкі жақтағы қабырғасына өзгерістер енгізген. Мұны қазіргі зерттеулер де растайды. Арка есігінің төбесіндегі ойық қазір «Абдолла хан ойығы» деп аталады. Бұл жөндеу кесененің жақсы сақталуына игі ықпал еткені сөзсіз. Сонымен бірге, ол ескерткіштің іргетасы, төбе табаны, Ілияс хан ойығы сияқты бөліктеріне де жөндеу жұмысын жүргізгені А.Н.Проскурин, Б.Т.Тұяқбаева еңбектерінде айтылады.

XVII ғасырдың басынан қазақ хандары мен олардың жанұя мүшелері, батырлар мен билер кесенеден мәңгі жай тапты. Бұл кезеңде Есім хан (1628 ж), Жәңгір хан (1652 ж), Ондан сұлтан мен оның ұлы Қайнар-Күшек жерленсе, XVIII ғасырда Тәуке хан (1715 ж), Болат хан, Абылай хан (1780 ж), Ұлы жүз ханы Жолбарыс (1740 ж), Орта жүз хандары Семеке мен Әбілмәмбет және оның ұлы сұлтан Әбілпейіс осында жерленді. Сонымен бірге Орта жүздің биі Қаздауысты Қазыбек би, қанжығалы Бөгенбай батыр да осында қойылған. Жалпы Ахмет Ясауи кесенесінде 18 қазақ ханы, 8 биі мен 28 батыры жерленді. Кесене маңындағы арнайы даярланған мазарларда хан сүйектері жерленіп, кейіннен мазарлар қиратылған соң, басына қойылған құлпытастар кесене ішіне қайта қойылды.

Түркістан шынында да Қазақ Ордасының рухани астанасы болды. Мұнда қазақ хандарын ақ киізде көтеріп хан сайлады, күрделі мемлекеттік мәселелер шешілді. Түркістан мазары қазақ хандығының қоғамдық-саяси тобының жерленген жері, Қазақстанның ұлттық ғибадатханасы болып табылады.

Қазақ хандығы кезінде Түркістанның астаналық мәртебесін сырт елдер де мойындады. 1694 жылы Ресей патшасы 1-Петрдің Тәуке ханға жіберген елшілері Түркістанға келген. Түркістанда ел тағдырына қатысты келелі жиындар өткен. 1763 жылы Қытай империясына қарсы Ауғанстан патшалығымен әскери одақ құру мәселесі талқыланған құрылтайға алты мыңдай би, сұлтан, батырлар қатысқан.

Кесене маңындағы Күлтөбеде Тәуке ханның әйгілі «Жеті жарғысы» мақұлданған. ХVІІІ ғасырда хан сайлау рәсімдері Түркістанда өткен. Орта жүз ханы Әбілмәмбет (1737/1738), атақты Абылайды (1771) осында ақ киізде көтеріп, хан сайлады. Бұл рәсімнің Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жүзеге асуы тегін емес. М.Қожа әулие рухы құрметтелген қоғамда Әзірет Сұлтан басында берілген анттың берік болатыны белгілі, сондықтан хан сайлауда осы мақсат көзделген деген ой айтады. Абылайханның Екатерина патшайымға жазған хатында өзінің орта жүздің ғана емес, жалпы қазақтың ханы екендігінің дәлелі ретінде оны Қ.А. Ясауи кесенесі жанында хан көтергендігін мәлімдеуі – сол кездегі Түркістанның бүкіл қазақ халқының рухани және саяси астанасы екендігіне меңзейді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі дін өкілдері қазақ хандарына хатшылық қызмет атқарды. Көшпелі қазақтар үшін Түркістан білім мен ғылымның орталығы да болды. Жер-жердегі қазақтар алып даланың әр түпкірінен әулиелер сұлтанының мазарына жаяу зиярат етіп баратын болған.

Түркістан қаласы 1723 жылы басып кірген жоңғар басқыншыларының қолында жиырма жылдай болды. ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында Бұхар билігі мен Ташкенттің әміршісі Жүніс қожаның үкімі жүрді. 1819 жылы аймақты Қоқан ханы Омар басып алып, Түркістанға өз билігін жүргізді. Қоқан хандары Мұхаммед Әлі, Құдиярлар мұнда өздерінің тәртіптерін орнатады.

Қоқан билігі кезінде кесене күтімі нашарлап кетті. Ғимарат маңындағы қазақ хандарының зираттары талқандалып, кесене ішіндегі қазақ зиялыларының құлпытастары жойылды, кесене күтімімен айналысатын қызметкерлер қызметтерінен қуылды. Кесене бөлмелері қару-жарақ қоймасына айналды, оның биік қабырғалары қарауыл мұнарасы ретінде пайдаланылды, қарауылдар жаққан оттан кесене есіктері мен қабырғалары әбден ысталды. Сондай-ақ олардың жеке мақсаттары үшін ғажайып құрылыс кешенін құрбан ете жаздаған кездері де болды. Мәселен, Қоқан ханы тағайындаған Түркістан қаласының билеушісі тәжік Қанағат шаһ 1846 жылы Қоқан билігіне қарсылық көрсеткен кезде, қоқандықтардың басшысы Азиз Паруаншы арықтардағы суды көтеріп, бекініс іргесін сумен бастыруға бұйрық береді. Кесене айналасындағы құрылыстарымен бірге қолдан жасалған су тасқыны әсерінен су ішінде қалады. 1864 жылы полковник Веревкин бастаған орыс әскері Түркістанды қоршап алған кезде орыстардың кесенені атқылауына себеп болған да қоқандық діндарлар болатын. Веревкин ғажайып ғимаратты атқылауға қимай тұрған кезде, қашып келген тұтқыннан әулиенің оқ дарытпас қасиеті жайында әңгіме тарап, ол әңгіме қоқандықтарға жігер беріп тұрғанын естиді. Бұдан соң Веревкин кесенеге зеңбіректен 12 дүркін оқ атуға бұйырады. Содан асхана бөлмесінің күмбезі мен қабырғасы қирайды. Бұдан соң Қоқан билеушісі Мырза Дәулет өзінің 330 адамымен Ташкентке қашып кетеді. Бұл сатқындықты көрген Түркістан халқы 1864 жылдың 12 маусымында орыс армиясына берілетінін жариялайды. Кейіннен патшалы Ресейдің бірнеше рет кесенеге жөндеу жүргізбек ниеті байқалады, біршама қайта қалпына келтіру шаралары да жүзеге асады.

XIX ғасырдың 70 жылдарының басында орыс гарнизоны ғимаратты бұзбақ болады, бірақ Ташкенттен бұл қаулыны тоқтатуға бұйрық келіп, мавзолей аман қалады. 1872 жылы өлкелік үкімет кесенені қоқыстан тазартып, бірқатар жөндеу жүргізді. 1884 жылы қазынадан 15000 сом ақша бөлініп, ғимараттың төбесі ретке келтіріліп, көміліп қалған іргетасы аршылады, ыза судан арылтатын құрылым жасалады, айналасындағы алаң тазартылады. Қайта қалпына келтіру жұмыстарының талаптарын дұрыс білмегендіктен, түзу ниетпен атқарылған жұмыстан кемшілік туып, ескерткішке елеулі нұқсан келеді. Қабырғаның сыртқы бетіне еуропалық үлгідегі кіріштер өріліп, ол алғашқы өрнектерді өшіріп, құрылыс стилімен үйлесім таппады. Ташкенттен шақырылған шеберлер орталық бөлменің мозаикалық панелінің өрнекті тақталарын жұлып тастайды. Жергілікті тұрғындардың бұл ісіңді бұдан әрі жалғасырсаң өлтіреміз деген қорқытуынан соң, қабырғаның төменгі жағы бұрынғы күйінде сақталып қалды. М.Е.Массон, Азизлар Қожаұлы Зәкір қожа, Абдулғаниұлы Адулмәлік, Ұлыққожаұлы Мәулекұлы мен Сыддықхан пір деген Ташкенттен келген шеберлердің есімдері ғимараттың арқа жағындағы алебестрлі сылақта көпке дейін жазулы тұрды дейді. Осы кезде инженер Печеркин жөндеу жұмыстарының жоспарын жасағанымен, ол жүзеге аспай қалды.

1886-1887 жылдары ғимараттың батыс жақтағы бұрышы шөге бастағандықтан, сырт жағынан төрт тіреу өрілді. 1905 жылы Орта және Шығыс Азияны зерттеу жөніндегі орыс комитететінің экспедициясы ескерткішті егжей-тегжейлі зерттеуді қолға алды. 1906 жылы археология әуесқойларының Түркістан үйірмесі кесенені жөндеу жөнінде мәселе көтеріп, арнайы инжинер жібереді. Ол бұған 5000 сом қаражат керектігін айтады. 1910 жылы жергілікті шайықтар садақадан жиналған 12000 сомға халимхана бөлмесін жөндеуден өткізеді. Оларға теңіз технигі жол көрсетеді. 1911 жылы жөндеуге 100 000 сом керектігі есептеліп, дайындық жүргізіле бастағанымен, кейінгі дүние жүзілік соғыс пен төңкерістер кезеңінде бұл жұмыс мүлде тоқтап қалады. Кеңес үкіметі тұсында мавзолей бірнеше рет жөнделді. 1922 жылдан бастап бірнеше комиссия кесенені техникалық тексеруден өткізіп, жұмсалатын қаржы мен жұмыс күшін есептеді. 1928 жылы ғимарат қабырғасының төменгі бөлігін, құдықхана күмбезін ретке келтіру бағытында ірі жөндеу жұмысы атқарылды. 1938 жылы В.Засыпкин жаңа іргетес жүргізді. Одан соң соғыс басталып, жұмыс 1951-1957 жылдары жалғастырылды. Ескерткіштің айналасы екі метрге дейін қазылып, жер деңгейі бастапқы қалпына келтірілді. Кесене биіктеп, жаңа іргетас құйылды, қасбеттер мен күмбездердің қаптаулары жаңартылды. 1951-1954 жылдары бұл жұмысқа В.Н.Засыпкин, 1955-1957 жылдары Өзбек ССР министрлер Советінің құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің арнаулы ғылыми-жөндеу шеберханасының ғылыми кеңесі басшылық жасады. Бұл шеберхана Қазақ ССР-імен 1951 жылы жасалған келісімшарт бойынша жұмыс істеп жатқан еді. Аталмыш шеберхана Самарқандта шығарылған өнімдермен жұмыс жүргізді. Бұл өнімдер Ясауи кесенесі кірпіштерінің құрамы мен қасиетіне сәйкес келмеген. Табиғи-климаттық жағдайлар ескерілмей пайдаланғандықтан, жаңа кірпіштер жарылып, ұнтақталып, бояулы қаптамалары түсе бастайды. 1958 жылы Өзбек ССР-інің бұл өндірістік шеберханасымен жасалған шарт бұзылды.

1960 жылы Қазақ ССР Министрлер Советінің құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің күшімен жөндеу жұмыстары қайта жалғастырылды. 1966 жылы Қазақ ССР Министрлер Советінің шешімімен Қазақ ССР Мәдениет министрлігі жанынан ғылыми-жөндеу шеберханасы құрылды. Алайда осы кезге дейінгі жөндеулердің нақты тарихи-мәдени жоспарының болмағандығынан, орны толмас олқылықтар жіберілді. Ғимарат төңірегіндегі көптеген мәдени мәні бар зираттар мен үйлер жойылып кетіп, кесененің жеке өзі қалуына әкеп соқты. Осы қателіктер ескеріліп, 1972 жылы Қазақ ССР Министрлер Советінің арнайы қаулысы шықты. Осы қаулы негізінде, жоғарыда айтылған, С.С.Тәкібаева басшылығындағы арнайы жөндеу және қалпына келтіру зертханасы құрылған болатын.

Кесене 1978 жылдан бастап музей ретінде жұмыс істей бастады. Ал 1989 жылы ол «Әзірет Сұлтан» деп аталып, мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі болып қайта құрылды, оның құрамына 19 тарихи ескерткіш енгізілді.

Қай заманда да Түркістан қаласының мәртебесі әулиелер сұлтаны Қожа Ахмет Ясауи есімімен жоғары болды. Қожа Ахмет Ясауи халық арасында әр дәуірде Қожа Ахмет, Құл Қожа Ахмет, Әзірет Сұлтан, Пир-и Түркістан, Сұлтан ал- арифин, Ата Ясауи сияқты т.б. ныспылармен танымал болды.

Ахмет Ясауидің туған және қайтыс болған жылдары анық емес. Қазіргі әдебиеттердің көбінде Ясауидің қайтыс болған жылын 1166/67 жыл деп көрсетеді. ХVІ ғасырдағы кейбір дерек көздерінде әулиелер сұлтанының дүниеден озған кезі 1120 жыл делінген. Ал Ахмет Ясауидің туған жылы бірде 1093, бірде 1103, енді бірде 1105, 1107 деп белгіленіп жүр. М.Жармұхамедұлы ұлы сопының өмір сүрген уақытын 1103-1228 жыл аралығы деген тоқтамға келді.

Ерте кездердегі дерек көздерінде Ахмет Ясауидің туылған жері туралы екі түрлі болжам бар. Оның бірінде ол Сайрамда туылып, жас кезінде Ясы қаласына барған деп айтылса, екіншісінде Ясыда туылып, Ясыда дүниеден өткен делінеді. Қалалы ортада өмір сүргендіктен, ол парсы және түркі тілдерін жетік меңгерген деп есептеген жөн. Ұлы сопының шежірелік дерегі бойынша, ол Әзірет Әліден тарайтын пайғамбар ұрпағы. Арғы бабасы – Сыр өңіріне исламды алғаш таратушылардың бірі болған Ысқақ бап. Қожа Ахмет Ясауидің туыстары туралы аңыздар көп айтылған. Оның барлығында ұлы сопының әкесі Ибраһим деп айтылады. Атасы Махмуд және ұлы атасы Ифтихар екені де осы аңыздардан белгілі. Әкесінің бажшылық қызмет атқарғаны жөнінде де деректер бар. Қожа Ахмет Ясауи жайында еңбек жазған ясауия шайығы Хазини әулиелер сұлтанының анасын Мұса шайықтың қызы Айша хатун деп көрсетеді. Ал халық аузындағы аңызда ол Қарашаш ана деп айтылады. Ясауидің ата-анасының зираттары Сайрамда. ХІV ғасырдағы бір еңбекте оның Садыр шайық атты ағасы айтылса, Хазини оның қарындасы болғанын, әкесі дүниеден өткен соң ол Қожа Ахметтің қамқорлығына өткенін жазады.

Қожа Ахмет Ясауи өміріне қатысты деректер тым тапшы. Аз деректердің өзінде қарама-қайшылықтардың көп болуы кейінгі сопылық қауымдастықтар арасындағы тартыспен байланысты деп есептеген жөн. Ол қауымдастықтар әулиелер сұлтанының беделін пайдаланбақ ниетпен оны өз силсалаларына қатысты етіп көрсеткісі келген немесе өздерін онымен генеологиялық жағынан байланыстыруға тырысқан. Тіпті Ясауи өміріне қатысты кейбір күмәнді айғақтар қоғамдық пікірден берік орын ала бастады. Мәселен, Қ.А.Ясауидің Юсуф ал-Хамаданиге шәкірт болғандығы жөнінде бұрынғы әдебиеттердің бәрінде дерлік жазады. Осындай қалыптасқан пікір бойынша Қожа Ахмет Ясауи Юсуф ал-Хамаданидің төрт шәкіртінің үшіншісі. Түркістанға қайта оралған соң ол орталығы Бұхарада немесе Самарқандта болған әл-Хамадани бауырластығынан бас тартады. Сөйтіп өзінің шәкірттерін әл-Хамаданидің келесі бір шәкірті, хожоғания, кейіннен нақышпандия тариқаттары өз дәстүрлерінің негізін қалаушы етіп көрсететін Абд ал-Халық әл-Ғыждуаниге тапсырған деп айтылады.

Халық аузындағы аңыздарда және Қ.А.Ясауидің өз хикметтерінде оның ұстазы Арслан баба ﴾Арыстан бап﴿ деп көрсетіледі. Арслан баба ─ Мұхаммед ﴾с.а.у﴿ пайғамбарымыздың аманат ретінде тапсырған құрмасын ﴾финики﴿ ұзақ ғұмыр кешіп, аманат иесі болған жас Ахметке тапсырушы рухани тұлға. Көптеген зерттеушілер Арслан бабаның 340 жыл жасағанын шындыққа жатқыза алмай, мұны қиялдан туған айғақ деп есептейді. Алайда ислам әлемінде «му’аммарун» деп аталатын ұзақ жасайтын қасиетті адамдар жайында хикаялар көп. Жергілікті халықтар бұны қалтқысыз шындық деп есептеген. Отырар (қазіргі Шәуілдір) жерінде Арыстан баптың кесенесінің болуы, Қ.А.Ясауидің:

Иети иашда Арслан Бабам излаб табди,

Хурма бериб парда билан сырым иабти.

«Билхамдиллаһи» курдим бети, иузим өбти,

Ол себебдин алтмыш учда иерга кирдим,–

деп жазуы осы сенімнің берік сақталуына негіз болды. Жазба деректердің бірінде Арслан бабаны сахаба Настура ар-Руми десе, екінші біреулерінде Салман ал-Фариси деп көрсетеді.

Кейінгі заман зерттеушілерінің аталмыш шындықты ақылға сидыра алмауы материалистік пайымдау нәтижесі деген жөн. Қ.А.Ясауиге аманат ретінде берілген құрманы тура мағынасында емес, рухани ілімнің символикасы іспетті қабылдау керек.

Түркі халықтары арасында айтылған ауызша әңгімелерде Ясауидің ағаш қасық жасаумен айналысқаны, енді бірде аңшылықпен шұғылданғаны айтылады. Мұның алдыңғысының шындыққа қаншалықты қатысты екені айқын болмағанымен, соңғысының қисынға келетінін С.Бақырғанидің хикметінен аңғаруға болады.

Қаршығаны құстаған,

Сұңқар-лашын ұстаған.

Сансыз мүрит бастаған,

Шайхым – Ахмет Ясауи,–

дейді ол. Ясауидің бұл әдеті кейінгі замандарда келелі дәстүрге айналған сияқты. Оның жолын қуушы сопылардың ішінде «құсшы» деген лақап ат алғандары да бар. Хандардың құсшылыққа аса мән бере айналысуынан, сарайларда құсшы лауазымындағы қызметкерлер пайда болып, олар, тіпті, хан кеңестеріне де қатысатын болған. Халық аузындағы аңызда Тоқтамыс пен Әмір Темірдің арасындағы ең алғашқы келіспеушілік алғыр құстың жұмыртқасына таласудан басталған. Кейінгі дәуір сопылары, айталық, Ш. Құдайбердіұлы да құс баптаған.

Ахмет Ясауи жайында XVI ғасырдан кейін хатқа түсе бастаған аңыз-дауларда оның рухани ілімді терең меңгергендігі, соның нәтижесінде небір кереметтерді көрсеткені айтылады. Олардың бірінде ұлы шайықтың жер бедерін ілім арқылы тегістеп, қыратты жерді жазыққа айналдырғаны, сол замандардағы догмат-ғалымдардың сынына жауап ретінде өз ілімінің күшін көрсеткені (бұл әңгімелер ясауия мен қожағания тариқаттары арасындағы тартыстың контекстінде туған болуы керек), оған дұшпандық қылғандардың итке айналып кеткені сияқты жайттар баяндалады.

Біздің заманымызға әулиелер сұлтанның өз қолымен жазылған бірде-бір еңбегі жеткен жоқ. XVI ғасырдың басында «Михман-нама-и Бухара» еңбегінің авторы Фазыл Аллах бин Рубзихан Хунджи Қ.А.Ясауи қабіріне зиярат ете барғанда әулиенің өз қолымен жазылған кітабын көргенін айтады. Ал Хазини оның «Бустан ал-арифин» деген еңбегі болды дегенге саяды. Олардың екеуі де прозалық мистикалық трактаттар сияқты, қай тілде жазылғаны белгісіз. Кейіннен «Диуани хикмет» деп аталған жинақ Ахмет Ясауидікі деп есептеледі. Алайда бұл жинақтың тілінен, жазылу дәстүрінен әр дәуірге тән белгілер байқалады. Бұдан Қожа Ахмет Ясауидің өзі жазған хикметтерге оның жолын қуушылар, көшірушілер тарапынан жаңа хикметтер қосылып отырған болуы мүмкін деген ой туады. Бұл мәселе арнайы зерттеуді қажет етеді. «Диуани Хикметті» кейінгі XV­XVI ғасырлардағы ясауия шайықтары құрастырған деген пікір де бар.

Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болған соң оның сүйегі Ясы қаласындағы зиратқа жерленді де, басына кесене орнатылды. Кесене маңында өздерін Ахмет Ясауи ұрпақтарымыз деп есептейтін сопылар мекені пайда болды.

Жүздеген жылдар бойы бұл кесенеге жақын және алыс шет елдерден – Поволжья, Түркия, Иран, Индия, әлемнің бүкіл мұсылман елдерінен мыңдаған зиярат етушілер ағылып жатты. Кесене тарихының айқын беттері, әсіресе, әлемді тітіркендіруші Ұлы әмір Темір гураган есімімен тығыз байланысты. Ол қрамына Сирия, Палестина, Месопотамия, Кіші Азия, Грузия, Әзірбайжан, Иран, Афганистан, Хорезм, Түркестан, Индия елдері кірген ұланғайыр мемлекет құрды. Әмір Темір мемлекетінде мұсылман дінінің сопылық ағымы мемлекет жебеуінде болды. Қожа Ахмет Ясауи басындағы қарапайым кесене үстіне мешіт, медресе, кесене және басқа да қызмет атқаратын алып мәдени кешен құрылысын салуға бұйрық беруі Темірдің ірі қадамдарының бірі болды. Бұл әрекет қала мен зират тарихында ерекше маңызға ие болды.

Кесене құрылысы жайлы негізгі жазба деректер Йездиден шыққан Шериф ад-диннің «Зафарнама-ий Теміри» («Темір жеңістері») атты кітабында баяндалған. Бұл кітапта 1397 жылы Темірдің Қызыр Қожа ханның қызы сүйіктісі Тәукел ханымға аттанғандығы жайлы жазылады. Самарханнан Ташкентке барар жолда Ясы қыстағындағы Қожа Ахмет Ясауи басына зиярат етуге бұрылады. Мұнда ол ескі мазардың орнына зәулім кесенені тұрғызуға әмір етеді.

Ғимараттың жоспары мен құрылысына Әмір Темірдің өзі тікелей басшылық етті. Ғимараттың негізгі бөлігі болып табылатын күмбез көлемін (диаметрі 41 кез, шеңбердің ұзындығы 131 кез) Темірдің өзі анықтап берген. Темір бұйрығымен кезінде қайырымдылық жұмыстарын атқарушы Убайдулла Садыр бүкіл құрылыс жұмыстарын басқарды. Құрылыс жұмыстарымен айналысқан, яғни күмбез бен фриз беттерін көк плиталармен безендірген тағы екі адамның есімі – Қожа Хасан мен Шамс-и Абд-ал-Ваххаба – белгілі.

Арнайы құжатта (вакуфнама) ескеркіш иелігіне алынған арықтар мен жерлердің тізімі көрсетілген. Иеліктегі бұл жерлерден түскен табыстар мен сыйынушылар садақасынан жиналған қаржыны ғимараттың жөндеу жұмыстары мен қызмет етушілердің еңбек ақысын төлеуге жұмсау көрсетілген. Бұл құжат бойынша кесененің ең алғашқы басқарушысы Ахмет Ясауи ағасының ұрпағы Мірәлі Қожа шейх болады да, азаншы ретінде Қазірет Дервиш-әлі сайланады.

Кесененің тұрғызылуы жөнінде халық аузында аңыз бар. Онда салынып жатқан кесенені бір көк өгіз келіп, қайта-қайта қирата береді. Мұның себебін түсінбей, мән-жайды білмей жүрген кезде әмір Темір түс көреді. Түсінде Ясауи бірінші ұстазы Арыстан бапқа, сонан соң ғана өзіне кесене тұрғызуға аян береді. Осылайша кең дала төсінде, үлкен жол жанында ғажайып зәулім архитектуралық ансамбль пайда болады. Содан бері Қожа Ахмет Ясауи мен оның ұстазы Арыстанбап басына мінәжат етушілер толассыз ағылып жатыр.

Шериф ад-дин Йезди құрылыс 1397 жылы басталып, екі жылда аяқталғанын деректейді. Біздің білуімізше Шериф ад-дин бұл естеліктерді Темір қазасынан соң 15 жылдан кейін жаза бастаған. Ол өз кезегінде 1392 жылдан бастап Темір жорықтарына қатысушы Низамад-дин Шамидің еңбектерін пайдаланған. Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, 1397 жылы кесене құрылысы қызу қарқынмен жүрген, яғни құрылыстың Темір тапсырмасынан бұрын басталып, кесене екі жылда емес, одан да көп уақытта тұрғызылғандығы айтылады.

Кесене құрылысы жайлы Шериф ад-дин былай деп жазады: «Әзірбайжан, Парсы, Үнді және т.б. елдерден әкелінген 200-ге жуық тас қалаушылар жұмыс істеп, тауда 500 адам тас өндірді. Тасты жеткізуге Үндіден әкелінген 95 піл пайдаланылды. Құрылыс барысына жиі қатысқан Темір жұмыс сапасына көңілі толмаған жағдайда кінәлілерді қатаң жазалап отырды. Темір заманында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сияқты құрылыс жоқтың қасы еді. Кесененің әрбір кірпіші қолдан жасалып, сапасы өте жоғары болды. Жол шығыны есептелместен оның шикізаты жүздеген километрден жеткізілді. Халық арасында мынадай да аңыз сақталған. Темір Ауғаныстан мен Иран елінен биелер әкелдіріп, олардың сүтімен батпақ илеуді бұйырған. Мықтылық үшін баптаққа құс жұмыртқасын да қосқан деп айтылады. Ұсталар өз ісінің сапалылығына өз бастарымен жауап берген. Кесененің кіре берісінің биіктігі ұнамаған Темір оны тұрғызған шеберлер Махмуда-Давуд пен оның жолдасы Мухаммед-Джелданы өлім жазасына бұйырып, мешіттің осы бөлігін түгелімен қайта тұрғызуды тапсырды».

Кесене құрылысына пайдаланылған құрылыс матералдарын дайындау жолдары да қызықты. Кесене кірпіштерін дайындаудың ерекше технологиясы болды. Бірінші кезекте өсімдік тамыры мен сабақтары жоқ, тазаланған алаңға шұңқыр қазылып, пайдаланған топыраққа су құйып кетпенмен араластырып, аяқпен езген. Лай бетіндегі суды жиі жаңартып, топырақ құрамындағы тұзды әбден шайған. Соңғы сатысында кірпіштің жарылуына жол бермеу мақсатында дайын массаға майдаланған сабан, аттың жалы, жүн, қамыс үпелектері, тауық жұмыртқасы мен май қосылған. Дайын балшықты қыстай жатқызып, көктем басталысымен кірпіш құю әрекеті басталған. Жұмыс алаңында қызу қарқынды қарбалас басталған. Шеберлердің қатаң бақылауы мен дайындау технологиясы сақталған. Бір топ жұмыскерлер ағаш қалыпқа дайын лайды құйып, артығын алып, беті тегіс болуы үшін алақанымен тегістеп жатса, екінші топ шикі кірпіштерді дайындалған алаңқайға жинаумен айналысып жатты. Тәжірибелілері батпақты алақанмен ұра отырып тегістеп, пышақпен қажетті өлшемдегі формаларды құюмен айналысса, кейбірі кепкен кірпіш беттеріне түрлі бейнелер мен ою-өрнек бөлшектерін салды. Бұлар негізінен салмағы 7 кг жететін, қалыңдығы 5-6 см, өлшемі 24-тен 46 см-ға дейінгі төртбұрышты плиталар. Бүгінгі күндері көптеген кірпіш беттерінен алақан мен саусақ іздерін айқын көруге болады. Кептірілген кірпіштерді төңкерілген қазан бейнесіндегі аузы үстіне қараған арнайы пеште күйдірген. Пешке арнайы отын пайдаланған. Аңыздарда тамырымен қоса алынып жағылған ағаш жанған кезде 1000-1100 С қызу берген деп айтылады. Кейбір әңгімелерде қаланған шикі кірпіштер бірнеше күн бойы құрғақ ағашпен күйдірілген деп те айтылады. Кірпіш отта қайнаған кезде құрамындағы қоспалар күйіп, бойына ылғалды тартып кірпіш ішінде қуыстар пайда болып, оның жеңілділігі мен төзімділігі арта түскен.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – әртүрлі міндеттерді атқаруға арналған қазандық (жамағатхана), қабірхана, үлкен және кіші ақсарай, кітапхана, асхана құдықхана сияқты көптеген басқа да бөлмелерді біріктіретін күрделі жүйе. Ғимарат бөліктері мен бөлмелері дамыған дәліздер мен баспалдақтар жүйесімен байланыстырылған.

Кесененің ұзындығы-65,5 м, ені-46,5 м. Кесене бас портал мен бірнеше күмбездерден тұрады. Орталық бөлменің төңірегінде түрлі мақсаттарға арналған 35 бөлме салынған. Қазандық бөлмесінен қос қабатты 8 дәліз тарайды. Оның алтауы өтпелі де, екеуі тұйық. Биік дәліздер кесенені өз алдына дербес блоктарға бөледі. Құрылыстың дәл осылай қарапайым салынуы ғимараттың ғасырлар бойы жақсы сақталуы мен беріктігін қамтамасыз етіп тұр.

Ғажайып зәулім архитектуралық ансамбльдің негізгі ядросы – орталық зал, яғни жамағатхана. Шериф-ад-диннің «Зафар намасында» бұл бөлмені жиналып зікір салатын орын деп келтіреді. 1905 жылдан бастап бұл бөлмеде үлкен Қазан тұрғандықтан, бөлме Қазандық деп аталады. Қазандық күмбезінің ұшар басына дейнгі ғимарат биіктігі 37,5 м де ішкі күмбез диаметрі 18,2 м, қазандық қабырғаларының қалыңдығы 3 м. Залдың қақ ортасында сыйымдылығы 3000 л, салмағы 2 тонна, диаметрі 2,45 м үлкен қоладан құйылған қазан тұр. Қазан шипалы сумен толтырылатын болған. Қазан Абд-ал-Азиз шебердің басқаруымен Ясы қаласынан солтүстікке қарай 25 шақырым жердегі Қарнақ деген елді мекенде жеті түрлі металдың қоспасынан құйылған. 1935 жылы Иран өнері мен археологиясына арналған Ленинградта өткен халықаралық конгресске тайқазан апарылған болатын. Сонан бері Эрмитажда тұрған тайқазан 1989 жылы Отанымызға қайта әкелінді.

Жамағатханадан (қазандық) басқа бөлмелерге 3,2х4,6 м қос қатарлы сегіз дәлізбен барады. Оның төртеуінің есігі жамағатханаға тікелей шықса, ал жоғарғы жағындағы төрт бөлме дәліз арқылы жалғасып, терезелері орталық залға, яғни жамағатханаға қараған. Жарық үлкен терезелер мен оңтүстік нишадағы есік үстіндегі терезе арқылы түседі. Жамағатхананың қабірхананың алдында орналасуы, оған тақуалардың жақын болуы, бөлменің зиярат пен топтасып құлшылық етуге (зікі айтуға) арналуы, әулиелер бейіттерінің басында баспана тұрғызу сопылық ережелердің негізі болып табылады. Бұл исламға дейінгі ата бабалардың рухына табыну нанымдарынан еншіленген. Осындай табынушылықтарға бөлменің ортасында «сакей» суын құйюға арналған орасан зор қазанның қойылуын да жатқызуға болады. «Сакей» атауының өзі сақ-массагет тайпаларының ата-баба рухына табыну сияқты ежелгі мерекесімен байланысты.

Келесі бөлме – заманның озуымен күнгірттене бастаған ағаш есігі қоладан жасалған құс пен балық бейнесімен безендірілген қабірхана залы (гур (көр) түркі сөзі – қабір; хана – жай, бөлме). Кесене салынуына себепкер болған да осы құлпытас асындағы Қожа Ахмет Ясауидің қабірі. Бұл бөлменің жасалуы да ерекше шешімін тапқан: қабірхана орта ғасырда қалыптасқан бейіт тұрғызу әдісімен тұрғызылған. Жалпы көлемі 7,15 метр болатын төртбұрышты бөлме. Қабырғаларына шұңғыл ойықтар жасалып, олар сталактиттермен безендірілген. Бөлменің қақ ортасында шымқай жасыл тастан үш сатылы биік тұғырдың (3,25х1,2х2,2 м) үстінде шейх қабірі қойылған. Құлпытаста еш жазу-сызу жоқ. Есіктер деңгейіндегі шарбақ ойықтар (панжара) арқылы қабірхана ішін түгел көруге болады.

Барлық шұңғыл ойықтар (кіреберістегіден басқа) мозаикаларман қапталған. Іргетас үстіндегі тастан қаланған төменгі бөлігін алтынмен жазылған алты қырлы жасыл тақтайшалармен безендірген. Кейбір тақтайшаларда белгілі бұрыштан ғана көзге көрінетін голографиялық бейнелерді көруге болады. Сол бөлік мозаикалық белдікпен жиектелген. Ниша мен күмбездің ішкі бөліктері сталактиттермен көмкеріле әшекейленген.

Ахмет Ясауи қабірінің ғажап кесененің қақ ортасында орналасуы бұл ғимараттың негізгі идеологиялық функциясын дәлелдей түседі. Бұл құрылысты салу туралы Темір жарлығы қабірхана есігі мен қазандағы жазулардан да көрінеді. Қабірхана қос күмбезбен жабылған және Мухаммед Ханафи деп аталатын ғимараттың солтүстігіндегі көркем безендірілген портал арқылы да кіруге болады.

Ғимараттың солтүстік-батыс бөлігінде мешіт орналасқан. Ол мойнында 16 терезесі бар екі қабатты күмбезбен жабылған созылыңқы зал. Күмбездің ішкі жағын көмкере жасалған сталактиттер ғимарат биіктігін аша түскендей. Мешіттің батыс жақ қабырғасында Меккедегі Қағбаға бағытталып михраб қуысы 3,5х2,5 м орнатылған. Оның бетін көк және көгілдір түсті мозаикамен, эпиграфикалық және өсімдік ою-өрнекті майолика тақтайшаларымен әшекейлеген. Михрабта молдалар азан шақырып, құран оқылады.

Мешітке тікелей байланысты орынның бірі – кітапхана. Мұнда кесенеге байланысты барлық құжаттар мен кітаптар сақталды. XII және XVII ғасырда жазылған құранның 2 қолжазба үлгісі, бес Қожа Ахмет Ясауидің өз қолымен жазылған қолжазба, біреуі шәкірті Барырғани қолжазбасы кітапханада сақталып, бүгінгі күні бұл қолжазбалар Абай атындағы Ұлттық кітапхананың сирек кездесетін кітаптар қорында сақтаулы тұр.

Кітапхана бөлмесі мешіттің оң жағында орналасқан. Оның көлемі 4,5х5,2 м. Бөлмеге кіреберісте орнатылған шағын камин бұл жайдың оқу бөлмесі болғандығынан хабар береді. Темір заманындағы құжатта көрсетілген мына жайды көруге болады. Кірістің бір бөлігін Құдіреті күшті Алла сөздерін – Құранды жатқа оқыған адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға, қарыларға, қабір басында бейсенбі, дүйсенбі күндері қожа Ахмет Ясауи-Хазірет сұлтанға құран оқығандарға (Ұлылардың ұлысы) бөліп отыру керектігі көрсетілген.

Маңыздылығы жөнінен келесі жай – қабірхананың сол жағындағы Үлкен Ақсарай. Мұнда Әбілхайыр хан (1468 ж), Рәбия Сұлтан Бегім (1485 ж), Абылай хан (1780 ж), Есім хан (1797 ж) құлпытастары қойылған.

Бұл жер – диспуттар, кеңестер мен оқулар өткізуге арналған салтанатты орын. Мұнан дүниеден озған адамдар басында отырып ірі істерді шешу сияқты қатты қиналған сәтте қабір басынан тыныштық іздейтін түркі халықтарының дәстүрі де аңғарылады. «Қатты шаршап шалдыққанда, қиналғанда бейіт басына келіп, дүниеден озған ата-бабалар әруағынан көмек сұраңдар» деген сопылық нақыл сөздері байқалады. 1905 жылы Түркстанда болған Фазлаллих ибн Рузбихин былай деп жазады: «Тоқтауға тура келген қасиетті кесенеде Ахмеда Йасави ұрпақтары болып келетін …шайх ал-ислам Шайх Шамсаддин Мухаммад Махим-шайх «Шырағдандар» деп аталатын кітап оқып бергендігін айтады. Шейхты оның оқушылары, Түркістан өлкесінің муфтилары, саяхатшылар мен осы кесенеде тұратындардың барлығы ұйа тыңдады. … Жиырмашақты күн бойы күнделікті күйбең тірліктен бас тарта отырып, жеке құлшылық ету арқылы рухыңды көтеретін жерде болуға мүмкіншілік алдым».

Кіші Ақсарай мен қабірханаға шығатын екі есігі бар кең бөлме Үлкен Ақсарай (6,2х10,2 м) болып табылады. Мұнда шағын бөлме мен камин қарастырылған. Үлкен Ақсарайдан оңтүстігінде Кіші Ақсарайға орналасқан. Бұл тек таңдаулы, құрметті қонақтардың кеңес құратын, әңгімелесетін орны тәрізді.

Кесененің оңтүстік-шығыс бөлігінде асхана (халимхана) жайы орналасқан. Онда ғибадат ету үшін келгендерге арнайы «халим» деген тағам дайындалып, үлестірілетін болған. Вакуфный мақтау қағазының жетінші бөлімінде былай деп жазылған: «Әрбір аптаның дүйсенбі және жұма күндері екі жарым батпан (салмақ өлшемі 8-ден 16 пудқа дейінгі өлшем) бидай мен 2 батпан еттен, қажетті мөлшердегі тұз бен отынды пайдаланып түскі ас «халим аба» дайындалсын. Ұлы сұлтан - әулие Әзірет сұлтанның құдіреті күшті Алла жанын нұрландырып, Құранды жатқа оқыған қарылар мен зікір салушылардың, т.б. құдіретті Аллаға мадақ айтқандардың, жергілікті кедейлер мен мұңлықтардың, жетімдерге Алла рақымы болсын деп күнделікті 100 батпан бидай немесе ұннан шелпек кедейлер мен әлсіздерге таратылсын».

Асхана бөлмесі – 6,2 м-ден 10 м-ге созылып жатқан кең зал. Бөлме қабырғадағы шұңғыл ойықтар есебінен ерекше кең көрінеді. Ойықтардың бүкіл үстімен залға апратын арна тәрізді қақпалармен қосқан галерея өтеді. Галерея асхана арқылы бөлмені жалғастырып, минаретке баратын жолға апарады.

Ғимараттың оңтүстік-шығыс бөлігінде құдықхана бар. Құдықхана – биіктігі 16 метрлік күмбезді шаршы зал. Орта Азия халықтарының рухани өмірінде сопылық ағымның басым болған Темір үстемдік еткен кезеңде архитектурада эпиграфиканың кең қолданылғандығы байқалады. Эпиграфиялық декор халифаттың гүлденген кезеңінде емес, X-XII ғасырдағы исламға дейінгі культ пен сопылық ағымның қалыптасу кезеңінде шықты. Кесененің декоративтік безендірілуінде қолданылған қасиетті жазулар ғимараттың архитектуралық бейнесіне бағындырылғандығын бір қарағанда-ақ аңғаруға болады. Олай дейтініміз үлкен қабырға бетіндегі жазулар өрнекті кілем тәрізді көрінеді. Әріптері өріле жазылған мәңгілік көркем жазу ғимраттың маңдайынан айқын көзге ұрады. Күмбез барабандары мен аркалар эпиграфиялық жолақшалармен көмкерілген. Әсіресе есіктер мен михрабты безендірудегі эпиграфиканың көркемдігі мен тақырыбы ерекше орын алады.

Кесенедегі үш бөлменің (қазандық, қабірхана, мешіт) ішкі өңдеу-әдемілеу жұмыстары аяқталған. ХХ ғасыр басында қабырғаларын ақтау, тазалау тәрізді бірнеше рет жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні эпиграфиялық декор қазандық, қабірхана есіктері, мешіт михрабы мен үлкен тайқазан бетінде сақталған.

Жүздеген жылдар бойында түркі сопысы, ақыны, уағыздаушы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бүкіл түркі әлемінің қасиетті де киелі орыны болып табылады. Бұл керемет құрылыстан біз өмірдің шындығын көреміз. Құранның негізгі қағидасы – «Оқы, оқы және оқы». Нендей бір керемет сұлулық өздігінен болмайды. Сұлулықты көзбен көре, жүрекпен сезе білген абзал…

Толығымен көшіріп алу

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы 2010 жылдың сәуір айының 14-16 күндері мектеп оқушылары арасында өтетін дәстүрлі «Ясауитану» республикалық байқауының Ережесі.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының 8-11 сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі «Ясауитану» республикалық білім  байқауы туралы ЕРЕЖЕ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Осы ереже Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының 8-11 сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі «Ясауитану» республикалық білім  байқауының мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

1.	Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

•	  Қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған, Түркі халықтарының рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтері мен ілімін насихаттау;

•	  Өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру;

•	  Жас өркеннің интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру;

•	  Жас буынды ар-имандылыққа, елдік санаға баулу;

•	  Ұлы баба өнегесімен шәкірттерді көркем мінезге, адамгершілікке, ізгілікке баулу;

2.	Байқау екі кезеңнен тұрады:

I  іріктеу кезеңі.

Сайысқа қатысушылар алфавиттік ретпен 20 оқушыдан бірнеше топқа бөлініп, әр топ бірінен кейін бірі жеке сынға түседі. Байқауға қатысушылардың алдын-ала берілген хикметтерді қалай жаттағанына көз жеткізу мақсатында сайысты жүргізуші алдымен  хикметті өзі бастап, әрі қарай кез-келген бір қатысушыға, тоқтаған жерден жалғастырып әкетуді бұйырады. Ол бір немесе бірнеше шумақты жаңылыспай айтқаннан кейін, жүргізуші келесі бір сайыскерге хикметті үзілген жерінен іліп алып, кідірмей жалғастырып кетуді сұрайды. Жүргізуші осылай жас хикметшілерден жиырма хикметті кездейсоқ ретпен түгелдей сұрап шығуы тиіс. Бұл сында кідіріп тоқтап қалған, хикметті ұмытып қалған, қателесіп хикмет ретінен жаңылған қатысушының екі балы шегеріліп отырады. Сайыс барысында  қатысушыларға үш рет қателескенге дейін мүмкіндік беріледі. Үш рет қателескен  оқушы сайыстан шығады. Бірінші кезең қатысушылардың жартысы (1/2) шығып қалғанша жалғасады. Сайыскерлерге қазылар алқасы 10 балдық бағалау жүйесі бойынша баға береді.

І кезеңде еш мүдірмей, қатесіз айтып шыққан хикметшіге 10 балл қойылады. 1 рет мүдірген сайыскерге 8 балл қойылады. 2 рет қателескен қатысушыға 6 балл беріледі.

І кезеңнің мақсаты – оқушылардың хикметтерді қаншалықты деңгейде игергендігін, жүрекке сіңіргендігін анықтау, зейін мен зерде қабілетін сынға салу.

ІІ кезең. Қатысушылардың іріктеу кезеңінен өткендері сахнаға көтеріледі. Сайыскерлер алдыңғы кезеңдегідей үш топқа бөлінеді. Бұл сында оқушылар Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармаларына, хикметтердегі ұғымдарға, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ондағы жәдігерлерге қатысты алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап береді. Жауап беру кезінде хикметтермен байланыстырып отыру қажет. Кезеңнің мақсаты Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Ясауидің өмірі, шығармашылығы, хикметтегі ұғымдар, кесененің және ондағы жәдігерлердің тағылымдық мәні  жайлы қатысушылардың білімдерін сарапқа салу. Сұрақтар билет түрінде болады (техникалық мүмкіндікке байланысты компьютердегі ұяшықтарда жасырылуы мүмкін). Әр билетте екі сұрақтан болады. Қажеттілігіне қарай қатысушыларға қазылар тарапынан қосымша сұрақтар қойылуы мүмкін. Екі сұраққа да дұрыс толыққанды жауап берген сайыскерлерге жоғарғы балл қойылады. Ұпай саны 10 балдық жүйемен бағаланады.

Екі кезеңнен кейін сайыскерлердің барлық кезеңдегі жинаған ұпайлары қосылып, қорытындысында жоғарғы нәтиже көрсеткен сайыскер жеңімпаз атанады. Осы жүйемен қалған қатысушылар да жүлделі орындарға ие болады.

2.	Дәстүрлі «Ясауитану» республикалық білім  байқауына қатысушылар

1.	Дәстүрлі «Ясауитану» республикалық білім байқауына оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін  оқу орындарының 8-11-сыныптарының оқушылары қатыса алады.

2.	Облыстық байқауларда, сонымен қатар Астана, Алматы қалалық байқауларында жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар байқаудың республикалық кезеңіне қатысады.

3.	ЖҰМЫС ОРГАНДАРЫ

1.	Дәстүрлі «Ясауитану» республикалық білім байқауының ұйымдастыру жұмыстарын «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы   құрған ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

2.	Ұйымдастыру комитетінің құрамына қорық мұражайдың жауапты қызметкерлері, Ясауитанушы ғалымдар, т.б. тұлғалар  кіреді.

3.	Дәстүрлі «Ясауитану» республикалық білім  байқауының республикалық ұйымдастыру комитеті:

•	Байқауды өткізудің жалпы тәртібін белгілейді;

•	Тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады;

•	Байқаудың қорытындыларына талдау жасайды және жинақтап қорытады;

•	Байқау материалдарын баспасөзде жариялайды;

•	Республикалық ұйымдастыру комитетінің төрағасы – «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік қорық мұражай директорының ұйымдастыру ісі жөніндегі орынбасары.

4.	Дәстүрлі «Ясауитану» республикалық білім  байқауының қазылар алқасы

Қазылар құрамына   қойылатын талаптар:

1. Ясауи бабамыздың хикмет ілімін және дүниетанымдық философиясын зерттеп жүрген маман болуы тиіс.

2. Кесенедегі эпиграфикалық жазулар және т.б. рухани мұралармен жете таныс маман болуы тиіс.

3.  Қазылар алқасы 5 адамнан тұрады.

4. Ұйымдастырушы орган – «Әзірет Сұлтан»  қорық мұражайының директоры байқау қазыларының төрағасы болып табылады.

5. Дәстүрлі «Ясауитану» республикалық білім  байқауының жұмысын қорытындылау және қатысушыларды марапаттау

1. Дәстүрлі «Ясауитану» республикалық білім  байқауының ашылуы, қорытындысы және қатысушыларды марапаттау рәсімі салтанатты жағдайда өткізіледі.

2. Дәстүрлі «Ясауитану» республикалық білім  байқауының  жеңімпаздары   дипломдарымен,   қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

3. Республикалық «Ясауитану» білім байқауына қатысушылардың барлығы арнайы – дипломдармен марапатталады.

4. Дәстүрлі «Ясауитану» республикалық білім  байқауы бойынша жеті жүлделі орын: бір бас жүлде, бір бірінші, екі екінші, үш үшінші орын, он ынталандыру сыйлығы белгіленеді.